З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


Таныстырылым – алынған ғылыми нәтижелерді таныстыру



Pdf көрінісі
бет92/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
15 Таныстырылым – алынған ғылыми нәтижелерді таныстыру 
құралы 
15.1 Жақсы таныстырылым жасау элементтері 
Зерттеу жұмысы таныстырылымының мақсаты – ақпаратпен бөлісу. 
Сондықтан таныстырылымыңызды жақсылап түсіндіріп, тыңдарманның 
қызығушылығын арттырғаныңыз жөн. 
Таныстырылымды тыңдаушыларды қызықтыратындай және олардың 
назарын аударатындай етіп ұсынудың мүмкіндігі бар. Таныстырылым диалог 
сияқты болса да, аудиторияны қызықтырып, олардың сенімінен шығу керегін 
есте сақтаңыз. Олар таныстырылымның әсерлі болғанын қалайды.
Мына жайттарды ескеріңіз: 
-
білім мен білік.
Зерттеу жұмысыңызды жақсы білуіңіз керек. Не 
туралы айтып тұрғаныңызды білмесеңіз, оның таныстырылымын жасауға 
құқылы емессіз. Зерттеу жұмысыңызды жақсы білу өзіңізге сенімді әрі батыл 
болуға мүмкіндік береді. Өзіңіз білетін нәрсенің бәрін айтуға тиіс емессіз, 
дегенмен білетініңіз көрініп тұрсын. Мұны таныстырылымыңыздағы 
жұмысыңыздың маңызды жерлерін қою, өзіңізге деген сенім мен икемділігіңіз 
арқылы көрсете аласыз. Бұл қаншалықты білімді екеніңізді көрсету ғана емес, 
тыңдаушылар көп нәрсе біліп, әсерде кететіндей болуы керек. 
-
міндеттер. 
Зерттеуіңізге қатысты міндетіңіз болатыны дау 
тудырмайды. Мысалы, ол «зерттеуіңізді қысқаша мазмұндап, нәтижелермен 
бөлісу» болуы мүмкін. Бірақ аудиторияңызға не керек екені туралы біраз 
аялдап, ойланыңыз. Аудиторияңыздың мақсаты зерттеу процесіңіздің барлық 
артықшылығы мен кемшілігін және нақты қандай нәтижелерге қол 
жеткізгеніңізді білу ме? Әлде олардың таңданып, ынталанғанын қалайсыз ба? 
Таныстырылым жасағанда, ең маңыздысы – осылар. Біз әдетте оларды 
ұмытып кетеміз. Бірақ мақсатыңызды аудиториямен байланыстырсаңыз, 
таныстырылымыңыздың құрылымы мен көрсету жолы өзгеріп қалар. Құрғақ 
баяндама емес, адамдарды ынталандыру керегін түсінерсіз. 
-
әңгімелеу. 
Жақсы таныстырылым жасайтындар оны қалай әңгімелеу 
керек екенін біледі. Олар хикаясын әңгімелеп, тыңдарманға алдын ала үміт 
береді, «иә, иә» деп басын изеп отыратын сәттерін дәлдеп айтады, 
қалжыңдарды қолданып, сезімдерін қосып отырудан қорықпайды. 


190 
-
өз қабілетін көрсету.
Бұл маңызды. Адам адамнан шабыт алады. Сол 
себепті таныстырылымда өз қабілетіңізді көрсете алуыңыз керек.
-
аудио-визуалды көмектер.
Олар көмекші құрал болумен ғана шектелуі 
керек. Таныстырылым жасау кезінде әр 2 минутта бір слайдтан артық 
қолданбаған дұрыс, мүмкіндігінше азырақ болсын. Сонымен қатар мәтіннен 
тұратын слайд орнына әлдеқайда әсерлі визуал қолдануға тырысыңыз. Аудио, 
бейнематериал туралы да ойланып көріңіз. Сондай-ақ таныстырылым жасау 
кезінде қозғалыста болыңыз, өйткені бір орында тұрып қозғалмай сөйлеу 
қызық емес. 
Тиімді таныстырылымның бес ережесі:
1) тыңдаушыларға не керек екенін біліңіз;
2) оларға керек нәрсені беріңіз;
3) олардың тілінде сөйлеңіз;
4) өз сөзіңізді өмірден алынған әңгімелермен толықтырыңыз;
5) олармен түйсік деңгейінде байланыс жасаңыз. 
Тиімді таныстырылымның бас қағидасы – өзіңіз білетін нәрсе туралы 
емес, оларға нені білу қажет, сол туралы айтыңыз.
Адамдарды тыңдататын тағы бір себеп – 
сіздің сөйлеу дағдыңыз бен 
шеберлігіңіз.
Қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері өз сөзімізді басқаларға 
жеткізудің тиімді амалы болып табылады.
Алдымен, таныстырылымның жоспарын жасап алыңыз. Сізге 
тыңдаушының не істегені керек? Оларды қалай басқаша ойландыра аласыз? 
Олардың есінде не қалуы керек? Жоспар сіздің негізгі кілтіңіз болады. Бірақ 
сөздің сценарийін жасаудың керегі жоқ. Сценарий жасаудың орнына, негізгі 
айтатын ойыңызды белгілеп алыңыз.
Таныстырылымның мазмұнына қойылатын талаптар: 
- тақырыпты ашу;
- материалды беру (слайдқа бөлудің негіздемесі);
- графикалық ресімдеу негіздемесі (суреттер, сұлбалар, диаграммалар);
- мазмұндау сауаттылығы; 
- жоба тақырыбы бойынша қосымша қызық ақпараттың болуы;
- ақпарат көзіне сілтемелер (оның ішінде Интернет қорлары).
Таныстырылымды безендіру талаптары: 
- таныстырылым дизайнының бірегейлігі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет