Дау-дамай психологиясындағы топтастырудың негізгі түрлерін және дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық,әлеуметтік- психологиялық және тұлғалық себептерімен таныстыру
Жүйелеу – дау-дамайлардың кейбір жиынтығы жайлы түсініктерді жүйеге келтірумен сипатталады.
Токсономия – әдетте иерархиялық құрлымы бар нысандардың топтарын топтастыру және жүйелеу теориясы болып табылады. Дау-дамай психологиясында токсономиялық топтастырудың мұндай құбылысы мүмкін болғанымен әзірге жоқ. Бүгінгі күнде дау-дамай психологиясында ең кең тараған типология түріндегі топтастыру болып табылады.
Типология деп дау-дамайдың маңызды белгісі негіз болатын жіктелу аталады. Бұл – жіктелудің ең бағалы және күрделі түрі. Типологияның нәтижесінде дау-дамайлардың бірқатар түрлерін бөліп көрсетуге болады. Түрдің өзі көптеген дау-дамайларды топтастырудың таңдалған негізі бойынша бөлу бірлігі болып табылады. Дау-дамайлардың базистік типологиясының 4-суретте көрсетілгендей түрлері бар.
Тұлға аралық дау-дамайлар дегеніміз бұл – екі адамның мүдделерінің қақтығысуы. Егер бөлім бастығы өзін бағынушылар тобына қарсы қойса, онда бұл «тұлға – топ» түріндегі дау-дамай болады. Орта мектептің мұғалімдер ұжымындағы директордың жақтаушылары мен оның қарсыластары арасындағы күрес шағын топтар арасындағы дау-дамай болып табылады. Сондай-ақ, топтар арасындағы дау-дамай бар. Егер дау-дамайға қатысушылар саны бірнеше жүз адамнан көп болса, онда бұл үлкен әлеуметтік топтар арасындағы дау-дамай болады. Мемлекетаралық дау-дамайлар екі мемлекет немесе олардың коалициялары арасындағы күрес болып табылады. Дау-дамайдың маңызды сипаттамасы оған қатысушы жақтардың бір-біріне қарсы әрекеттерінің шиелінісуі болып табылады. Батыс конфликтологиясында бұл сипаттама дау-дамайдың қарқындылығы деп аталады. Аталмыш негізге байланысты дау-дамайларды төмен, орта және жоғары қарқынды деп бөледі. Қарқындылығы төмен дау-дамай оппоненттер арасындағы талас, керіс, келіспеушілік, қағытпа сөздер айту түрінде өтеді. Ең жоғары қарқындылықтағы дау-дамай екі жақтың бірін дене күші арқылы жоюмен аяқталады.