Ұзақ мерзімді активтер есебі Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар»



бет3/4
Дата04.04.2023
өлшемі43,16 Kb.
#79219
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 9

Негізгі кұралдардың құнын бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шыгару әдісі. Бұл әдіс барысында амортизацияланатын объект қүұны өндіріс ұсталуында немесе олардың қызметінің мерзімінде назар аударуында жойылады. Жинақталған тозу біркелкі көбейеді және негізгі құралдардың балансының құны біркелкі азаяды.
Мысалы. Объектті қызмет көрсету мерзімі 5 жыл. Бастапқы құны 160000 теңге, ликвидті құны 10000 теңге, амортизацияның жылдық нормасы 20 %. Айлық норма = 20 % 12 ай = 1,667 %. Ай сайынғы амортизация сомасы 1,667 % (160000-10000) 100%=2500.
Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түре есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
Бұл әдісте негізгі құралдардың тозуы қызмет көрсетуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл әдіс арқылы амортизацияланған есептік объектті қолдану периодында анықталады, яғни амортизация сомасы және өндірістік қуаттың арасында тікелей тәуелділік бар. Амортизацияны анықтау үшін уақыт мерзімі әсер етпейді. өндірістік қуат өнімнің шығу бірлігімен, қызмет көрсету сағатымен, қолдану бірлігімен және т.б сипатталады. Тозу сомасы келесідей формула (1) бойынша анықталады:


(1)

мұнда, БҚ - бастапқы құн;


ЖҚ – жойылу құн;
ЖЖК - жоспарланған жұмыс көлемі.
Мысалы. Техникалық паспортқа сәйкес көшірме қондырғысы 700000 көшірме жасау керек және 14000 сағат жұмыс істеуі керек. Бастапқы құны 17000т, ликвидті құны 1300. Есептік жыл ішіндн 10000 көшірме көшірілген, жұмыс уақыты 18100 сағат. Амортизациялық есептеуі анықтау үшін қажет.
Тозу сомасы = (17000-1300 ) 700000=15700 700000 = 0,022 теңге.
Тозу сомасы = (17000-1300) 14000 = 1,12 теңге.
Амортизация сомасы 1 жылда= 0,022 110000 = 2420 теңге.
Амортизация сомасы 2 жылда = 1,12 18100 = 2128 теңге.
Субъект тәжірибесінде негізгі өндірістің объектісінің өндірістік қуатын мінездейтін бір көрсеткішін таңдау керек және есептік саясатта көрсету керек.
Технологиялық қондырғыларды жетілдіру шарттарында тез тозады, қаржылық мәселелерді шешу мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерін өндіріске тез енгізу амортизацияның тездетілген есебінің әдісі қолданылады.
Кемімелі қалдық әдісі. Бұл әдісте амортизацияның екі еселенген нормасын біркелкі әдісте қалдық құнына қолданылады.
Мысалы. Қалдықты азайту әдісінде амортизация нормасы 40 % тең (20 % 2). Бұл 40 % әр жылдың соңындағы қалдық құнына жатады. Болжалды ликвидті құн ақырғы жылдан басқа жыл бойғы тозуды есептеу назарға алынбайды. Ақырғы жылы амортизация сомасы ақырғы жылдың басына қалдық құннан ликвидті құнды азайтумен есептеледі.

Кесте 1.10.1 - Шешімі



Кезең

Тозудың жылдық сомасы, теңге

Жинақталған тозу, теңге

Қалдық құны

1 жылдың соңы

64000

64000

96000

2 жылдың соңы

38400

102400

57600

3 жылдың соңы

23040

125400

34560

4 жылдың соңы

13824

139264

131736

5 жылдың соңы

10736

150000

10000

Негізгі құралдардың әр түрлі тозудың есептерін жатқызуға болады. Осыдан негізгі құралдардың бір әдісіне бір әдістен көп қолдануға болмайды. Негізгі құралдардың атқару мерзімі шығындалған есептермен қарастырылады. Олар негізгі құралдар қалпын жақсартады және жұмыс атқару уақытын ұлғайтады, сонымен қатар осы мерзімді қысқартатын технологиялық өзгерістерді есептейді. Амортизацияны есептеуін таңдалған әдіс есептік саясатпен анықталады және бір есептік периодтан басқа периодқа қолданылады. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген кезде осы өзгерісті талап ететін себептер жабылуы тиіс.


Жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты қарапайым және күрдслі жөндеуге бөлінеді. Қарапайым әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады. Күрделі үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен детальдарының барлығын ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады.
Жөндеу жұмыстары мердігерлік және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.
Жөндсу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстарды шаруашылық өз күшімен орындайды. Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс мекемелері орындайды.
Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың қандай әдіспен орындалатындығына байланысты.
Жал-бұл жалға берушінің келісілген мерзімге жал төлемін немесе бірқатар төлемдерді төлеу шартымен активті пайдалану құқығын жалдаушыға беру келісім-шарты.
Жал есебі №17 «Жал» ХҚЕС-мен реттеледі. Жал келесі түрлерге бөлінеді:

  • қаржылық жал;

  • операциялық жал;

  • жойылмайтын жал.

Стандарт бойынша барлық тәуекелділік пен экономикалық тиімділгі жалдаушыға көшетін жал қаржылық жал болып табылады. ХҚЕС бойынша жал келесі шарттар орындалса ғана қаржылық жал болып табылады:

  1. жал мерзімі жалға алынған мүліктің пайдалы қызмет ету мерзімімен дәл келсе немесе дәл келетіндей болса;

  2. бүкіл жал мерзімі ішінде жал төлемі жалға алынған мүліктің құнынан асатын болса немесе оған жақын келсе;

  3. жал мерзімінің соңында меншік құқығы жалдаушыға көшсе;

  4. жал келісімінде жалдаушының жал мерзімінің соңында немесе жалдау мерзімінің ішінде кез-келген уақытта жалға алған мүлікті сатып алу құқығы қарастырылса;

  5. жалға алынған мүлікті өзінің спецификасы бойынша тек жалдаушы пайдалана алатын болса ғана.

Осы жоғарыда аталған белгілердің бірі орындалса жал қаржылық жал ретінде танылады.
Жалдың сыныпталуы ХҚЕС‑на сәйкес, мәміле нысанына емес, операцияның мазмұнына байланысты болып келеді. Сондықтан да, егер жалдың мәні жалды қаржылық жал ретінде сыныптауға келетін болса, онда жалданған актив бойынша меншік құқығы жалдаушыға өтпесе де, қаржылық есептілікте ол қаржылық жал ретінде бейнеленеді. Жалдың түрі жалдау мерзімінің басында анықталады.
Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет