(МК,Ұ) Алдымен оқушыларға Bilimland.kz сайтынан видео – үзінді көрсетемін (1,11мин). Балалардан ондық бөлшектреді натурал санға қалай көбейтуге болатындығын сұраймын.Ереже: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек.
Ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр тұрса, шыққан нәтижеде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу керек.
1 - мысалҮтірден соң үш сан бар, демек шыққан көбейтіндіден оң жақтан бастап үш цифрдан кейін үтір айырамыз.Жаңа сабақты түсіндірілгеннен кейін Bilimland.kz сайтындағы «Ондық бөлшекті бүтін санға көбейту» тақырыбына берілген 13, 14 – жаттығуларды орындатамын. (тапсырмаға қоршау беріледі)
1. Топқа мәтін есеп беріледі. (Топтық жұмыс)
№1 Тапсырма. Екі топ бір-бірінің есептерін тексереді.
1-топ.
Хоккей қақпасының ені 1,8 м,биіктігі 1,2м. Хоккей қақпасының ауданын табыңдар.
Ені – 1,8м S=1,8∙1,2=2,16м2
Биіктігі – 1,2м
Табу керек: S - ? Жауабы: S=2,16м2
2-топ.
Шаруашылық бірлестігінің 70,5 га жерінің 3/5 іне бидай, ал қалғанына бақша өнімдері егілді.Бақша өнімдері неше гектар жерге егілді?
бидай – 70,5*3/5=42,3 бақша өнімдері: 70,5-42,3=28,2
Жауабы: бақша өнімдері 28,2 га жерге егілді.
№2 Тапсырма.Жеке жұмыс
Семантикалық карта, жеке тапсырма. Әр топқа карточкалар таратылады. Орындап болған соң, тақтада жауабы көрсетіледі, кесте бойынша кестені тексереді.
1) (3.5+5.63)∙0.1=9.13∙0.1=0.913
2) (2,3+8,35)∙0,2=10,65∙0,2=2,13
3) (6,31+2,7)⋅0,3=9,01∙0,3=2,703
4) (6,1-3,5)⋅0,01=2,6∙0,01=0,026
|