Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.1.2.14
тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
7.2.1.14
алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
7.2.1.15
қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Қысқаша көбейту формуласын тұжырымдайды;
Формулалардың көмегімен өрнектерді түрлендіреді;
Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіру барысында қолданады;
Бағалау критерийі
• Қысқаша көбейту формуласын тұжырымдайды;
• Формулалардың көмегімен өрнектерді түрлендіреді;
• Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіру барысында қолданады
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты лексика және терминология: Қысқаша көбейту, формула, көбейткіш, түрлендіру, қосынды, ықшамдау, көбейту, квадрат
Диалогтар және жазу үшін керекті тіркестер: - көбейту формуласы деп нені айтады?
-Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесі;
-Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы;
-Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесі;
-Екі өрнектің айырмасының Қысқаша квадратының формуласы;
-Қысқаша көбейту формулаларын дәлелдеңдер.
Пәнаралық байланыс
Геометрия
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
8 мин.
а) Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу,түгелдеу,
Мен таңдаймын әдісі арқылы топқа бөлу.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Үй тапсырмасын өзін-өзі тексеру әдіспен бағалау.(A,B,C арқылы бағалайды)жауаптар тақтада көрсетіледі.
Сабақ мақсатын оқушылармен бірге ашу.
«Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Смайликтермен бағалау
Оқулық 7-сынып.
формулалар
Сабақтың ортасы
10 мин.
Сәйкестендіру әдісі Жеке жұмыс.
Көпмүшені түрлендіріңдер: 1)(x-10)²
2)(3a-b)²
3)(5z+t)²
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды.
Дескриптор. -түрлендіреді
-есепті шығарады
2-балл Бағалау: Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең болса, формуласы қандай болады?