Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызамын.
(Күннің көзіндей жайдарлы бол, таудай биік шыңдардан көрін, теңіздей кең бол, аспандай ашық бол, құстай еркін бол, гүлдей әдемі бол, кітаптай білімді бол, қардай аппақ бол, найзадай өткір тілді бол, мақтадай жұмсақ бол).
«Ой қозғау» стратегиясы
-Жеті қасиетті сан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады.
Жеті жарғы Жеті ата
Жеті ғаламшар Жеті жетім
Жеті ғашықтар жұбы Жеті жоқ
Жеті күн Жеті судың жеті кереметі
Жеті қазына Қазақтың жеті кереметі
Жеті жұт Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың ортасы
Білу және түсіну.
Тыңдалым тапсырмасы. Суреттер қиындысын көрету арқылы әлемнің жеті кереметінің атауын табу. Әлемнің жеті кереметі жайлы оқушыларға айтып кету.
Әлемде сан мың түрлі керемет бар.Тарихи тамаша жәдігерлерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес Әлемнің жеті кереметі атауы аңыз бойынша, өзінің жаулап алған жерлерінен әлем саяхатшыларын қызықтыру мақсатында арнаулы 7 орынды белгілеген – Ескендір Зұлқарнайын заманынан қалған. Олардың қатарына: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Зевс мүсіні, Галикарнастағы табытхана, Гелиос мүсіні және Александрия шамшырағы кіреді.
Алайда, қазіргі күндері әлемнің жаңа жеті кереметі пайда болды. Бұл тізім - алдыңғы тізімнің жаңғыртылған нұсқасы. Әлемнің жаңа жеті кереметі 2007 жылы Португалиядағы «Үш жетілік» күнінде көпшлік назарына ұсынылған болатын.
Ұлы Қытай қорғаны ,
Рим қаласындағы Колизей амфитеатры,
Мачу-Пикчу (Оңт.Америка) ,
Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика)
Петра (Иордания) ,
Тәж Махал (Үндістан) ,
Иса Мәсіх мүсіні (Базилия)