Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
1.Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеудің теоремаларын үйрену; 2.Үшбұрыштар теңдігінің белгілеріне есептер шығару мен дәлелдеулерге қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:Үшбұрыштың теңдік белгілерін айта алады. Оқушылардың көпшілігі:Үшбұрыш теңдігі белгілерін дәлелдей алады. Кейбір оқушылар: Үшбұрыш теңдігі белгілеріне есептер шығара алады.
- оқушылар үшбұрыштар теңдігі белгілері теоремасын түсінеді, және теңдігі белгілерін,анықтамаларын пайдалана отырып есептер шығарады;
-екі қабырғасы бір бұрышы, екі бұрышы бір қабырғасы және үш қабырғасы элементтерін салыстырады.
Тілдік мақсаттар
Үшбұрыштар теңдігінің белгілерінің теоремасымен танысады, оны оқиды және сол арқылы үшбұрыштардың қасиеттерін дәлелдейді. Бір-бірінің пікір ұсыныстарын тыңдайды және үшбұрыштарды сызады. Осы жасаған жұмыстарына қысқаша сипаттама береді. Пәнге қатысты сөздік қор,терминдер:тең қабырғалы, тең бүйірлі,тік бұрышты үшбұрыштар, медиана, биссектриса,биіктік.