Зачет сұрақтары


Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид)



бет8/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

11. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.
Социологияда әлеуметтану мен сәйкестендіру процестерін түсіндіретін екі теория бар.Бұл құрылымдық функционализм(Талькотт Парсонс) және символикалық интеракционизм(Джой Герберт Мид)ұсынатын рөлдік теория.Рөлдік теорияға сәйкес қоғам-бұл тұтастай алғанда қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейтін әр түрлі функционалды бөліктердің күрделі жүйесі.Әлеуметтік рөлдердің қоғамның ойдағыдай жұмыс жасауына мүмкіндік беретін мақсаттары бар.
Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең ықпалды зерттеушісі Джордж Герберт Мид болды. Мид (1934) өзім деген ұғым «мен» және «мені» деп аталатын екі компоненттен тұрады деп есептеді. Мид мен сөзі «өзім» ұғымның өздігінен болатын бөлігін, жасампаз бөлігін білдіреді, ал мені сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті білдіреді деп сипаттайды.Мид қоғамда әрекет етуді және «менің» қалауы мен «мені» деген қоғамдық сананы таразылап теңгеруді рөлді қабылдау арқылы үйренеміз деп сенді. Рөлді қабылдау дегеніміз – әлемді түсінуде өзгелердің маңыздылығын және біртіндеп өзге пікірлерді қабылдауды үйрену процесі.Мидтің айтуынша, рөлді қабылдау бала кезде, отбасының құқықтары мен міндеттерін білу керек болғанда басталады. Баласы ретінде бізден не күтетінін түсіну үшін әке мен ананың көзқарасын білуіміз керек. Біз өзімізді ата-анамыздың көзқарасы арқылы көруді және солардың пікірі бойынша мінез-құлқымызды бағалауды үйренуіміз тиіс. Олардың ой-пікірлері мен өзіміздің қалауымызды білген кезде өз міндеттерімізді түсіне аламыз.Мид балалар қоғамда қалай әрекет ету керектігін ойын арқылы дамытатынын айтады. Бұл дегеніміз - балалардың ойыны көбінесе олар үшін маңызды адамдардың мінез-құлқына негізделеді деген сөз. Сөйтіп, олар өздерінің мінез-құлқын тек өзі үшін маңызды тұлғалардың көзқарастары арқылы ғана емес, сонымен қатар Мидше айтқанда, «жалпы басқалардың», яғни қарым-қатынас жасайтын, барлық басқа адамдардың пікірлері арқылы бағалауды үйренеді. Жалпы, басқалардың пікірін түсіну мәдениет нормалары мен құндылықтарын білумен тең. Әрбір адам өзінше дараланғанмен оған ықпал ететін маңызды тұлғалар болады, олар әртүрлі мәдениет пен субмәдениеттерде өседі, әркімнің білім алу және ақша сияқты әлеуметтік ресурстарға қол жеткізу деңгейі әртүрлі болады. Сондықтан адамдар қоғамның ережелеріне бағынуға бейімделеді немесе басқа жолды таңдай алады.
Бірегейлік– біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы(менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаны өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттық экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық кеңістіктердің пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды. Бірегейлену мәселесі қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы, еуропалық қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі плюралистік бірегейлік пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ ұқсастықтары бар елдер арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде кейбір мәдени әмбебап ортақ мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Еуропалық ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану барысында да елдердің аумақтық, мәдени, тарихи естеліктері сақталады, бірақ, өз елдерінен тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мәдени қалыптардың ортақтығы арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу мүмкіндігі туып, өзара байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға ұлттық белгісі мен азаматтығын әртүрлі қабылдайды. Мәдениеттердің жаһандануы экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына қарағанда қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мәдени ерекшелік сақталып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет