Зачет сұрақтары



бет27/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

Әлеуметтік өзгерістер. Қоғам – барлық уақыттарда елеулі өзгерістерге ұшырап, белгілі бір бағытта дамып отырадын, ұдайы ішкі және сырқы күштердің әсерінен болатын әлеуметтік организм. Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамның белгілі бір күйден екінші күйге ауысуы. Ол әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік қауымдар сияқты қоғамның жекеленген салаларын қамтуы мүмкін. Өзгеріс типтері әртүрлі және олар қоғамның қандай қырлары өзгеріп жатқандығына қарай ажыратылады. Себебі әлеуметтік жүйенің өзі бірқалыпты емес, ол көптеген құрамдас бөліктердің жинақталған жалпы нәтижелерінен тұрады. Олардың ішінде:
1) ақырғы нысандар.
2) нысандардың өзара байланыстары.
3) біртұтас жүйе ретіндегі нысандар қызметі.
4) шекаралар
5) жүйе салалары
6) қоршаған орта
Бастапқыда алғашқы болып көрінген құрамдас бөліктер мен өлшемдер, әлеуметтік жүйе моделі түрлері өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер төмендегідей болып келуі мүмкін:
- құрамдық
- құрылымдық
- қызметтік
- шекаралық
- әлеуметтік
- қоршаған орталық

Кейде өзгерістер оқшау сипатта болып, жүйенің басқа буындарына елеулі ықпал етпейді. Жүйе белгілі бір бөлігінде өтіп жатқан процестерге қарамастан, ауқымды өзгерістерге ұшырамай, тұтастығын сақтап қалады. Ал басқа жағдайларда өзгеріс жүйенің құрамдас бөліктерінің барлығын қамтып, оны түбірінен қайта құрады. Бұған ілеуметтік төңкеріс мысал бола алады. Радикалдық трансформацияның бұл типін жүйенің тұтас өзгеруі десе де болады. Социология ғылымында әлеуметтік өзгерістер эволюциялық және революциялық, прогресшіл және регресшіл, имитациялық және инновациялық түрлерге бөлінеді. Эволюциялық әлеуметтік өзгерістер – бұл біртіндеп жүзеге асатын бірқалыпты сандық өзгерістер. Әдетте мұндай өзгерістер өзінің даму процесінде төрт кезеңнен өтеді: мазасыздық кезеңі, көтерілу кезеңі, пішімдеу кезеңі және институттану кезеңі.


Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.

Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.

Әлеуметтік өзгерістер жоспарлы және жоспарсыз болып екіге бөлінуде. Бүгіндері қоғамымызда орын алып жатқан өзгерістерді жоспарлы өзгерістер деп айтуға болады. Жоспарлы әлеуметтік өзгерісте биліктің рөлі ерекше. Үкіметтің қабылдаған бірнеше бағдарламаларында әлеуметтік қорғау: білім беру, денсаулық сақтау, экономика, мәдениет, жұмыссыздық, ғылыми зерттеулер т.б. сияқты тақырыптарды көруге болады. Бұл бағдарламалар бұдан да керемет қоғамды қалыптастыру үшін дайындалуда.

Әлеуметтік өзгерістерді анықтау үшін әлеуметтануда бірнеше теориялар дамыған. Бұл теорияларға байланысты мысал ретінде, Марсктік қақтығыс теориясы, құрылымдық-функционалистік теорияларды айтуға болады.

Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалық даму деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз – жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ.

Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес ретінде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады.



Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П.Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік өзгерістерге әсер ететін факторлар: индустрия ( техника, технология); урбанизация
Унификация-лат. unus — бір және facio — жасаймын) - бірыңғай мақсатқа пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту. Унификация стандарттаудың тиімді және кең тараған әдісі. Оның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өнімді өндіруге және пайдалануға жұмсалатын шығынды азайту, сапасын жоғарылату, бұйымдардың бір-бірін алмастыратындай болуын қамтамасыздандыру.
Құқықты гармонизациялау – әртүрлі мемлекеттердің құқықтарын жақындастыру, олардың арасындағы айырмашылықтарды жою және азайту. Мемлекеттер тәжірибесіне қарайтын болсақ, мемлекеттердің ішкі құқықтарының дамуы гармонизация элементтері арқылы жүзеге асып отырған, мемлекеттердің құқықтық жүйелері бірінен біріне ауысып отырған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет