№ 2 зертханалық жұмыс Тақырып: Сызықтық алгоритмдер, формулалар бойынша есептеу.
Тапсырма: Берілген формулаларды есептейтін программа жазыңыздар.
Есеп беру құжаты: Программа мәтіні.
Мәндерді енгізу (шығару) үшін қандай операторларды пайдаланамыз?
Бүтін, нақты айнымалыларды сипаттап, оларды енгізу форматтарын көрсетіңіз.
Меншіктеу операторының толық және қысқаша жазылу тәсілдері.
Тапсырмалар нұсқатары:
1 нұсқа Кубтың қабырғаларының ұзындығы берілген. Оның көлемі мен қабырғасының бетінің ауданын табыңдар.
2. Екі нақты сан берілген. Осы сандардың абсолют шамасының арифметикалық және геометриялық ортасын табыңыздар.
2 нұсқа 1.Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Оның гипотенузасы мен ауданын табыңыздар.
2. Үшбұрыштың төбелерінің координатасы берілген. Үшбұрыштың периметрі мен ауданын табыңыздар.
3 нұсқа 1. Теңбүйірлі үшбұрыштың жақтары берілген. Үшбұрыштың ауданын табыңыздар.
2. Берілген a, d, n мәндері бойынша арифметикалық прогрессияның мүшелерінің қосындысын табыңыздар: a, a + d, … , a + ( n – 1 )d
4 нұсқа 1. x1, y1 және x2, y2 координаталарымен берілген нүктелердің ара қашықтығын табыңыздар.
2. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті берілген. Оның екінші катеті мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыздар.
5 нұсқа 1. Нақты x саны берілген. Тек көбейту, қосу және азайту амалдарын қолданып 2x4 – 3x3 + 4x2 – 5x + 6 есептеңіз. 4 көбейту, 4 қосу және 4 азайту амалын қолдануға болады.
2. Бір бірінен rарақашықтықта орналасқан, массалары m1 және m2екі дене арасындағы F тартылыс күшін анықтаңыздар.
6 нұсқа 1. Нақты x саны берілген. Тек көбейту, қосу және азайту амалдарын қолданып, 1 – 2x + 3x2 – 4x3 и 1 + 2x + 3x2 + 4x3 есептеңіз. Тек 8 операция қолдануға болады.
2. x, y нақты сандары берілген. Тек 8 көбейту, 8 қосу және 8 азайту амалдарын қолданып 3x2y2 – 2xy2 – 7x2y – 4y2 + 15xy + 2x2 – 3x + 10y + 6 есептеңіздер.