Задание: Вычислить значение функции



бет9/11
Дата24.11.2022
өлшемі82,25 Kb.
#52483
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 6 лабораторялык жумыстар18

Өткізілетін құжат: Блок-схема және программа мәтіні.


Зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Жиым және матрицаның сипаттамасы.

  2. Жиым элементтерін енгізу (шығару). Жиым элементтерін нөмірлеу.



Тапсырмалар нұсқатары:
1 нұсқа

  1. а1, а2, …, а10 массиві берілген. Осы массивтің ең үлкен элементін және оның нөмірін табыңыздар. Егер массивте бұндай элемент бірнешеу болса олардың санын анықтаңыздар.

Бастапқы мәндер: 7,2; 3,5; -1; 0; 3,3; 6,1; 7,2; -3,6; 5; 7,2.



  1. Өлшемі n * m матрица берілген. Матрицада тек нөлдерден тұратын бағана бар екендігін анықтаңыз



2 нұсқа

  1. Бір өлшемді массив 20 элементтен тұрады. Төмендегі қосындыларды табыңыз:

а) жұп нөмірлі элементтер қосындысы (Р);
б) тақ нөмірлі элементтер қосындысы (L);
в) нөмірлері 5-ке еселі элементтер қосындысы (Z);
А=(1; 3; -2; 4,5; 9; 0,56; 7; 3; 9; 12,9; 32; 6,5; 7; 6,2; 8; 2; -4,5; 9,2; 4).

  1. Өлшемі n * m A матрицасы берілген. Матрицада өзара тең екі элемент бар екендігін тексеріңіз.



3 нұсқа

  1. в1, в2, …, в10 массиві берілген. Массивтің ең бірінші теріс элементінен кейін орналасқан барлық элементтерді нөлмен алмастырыңыз.

Бастапқы мәндер: 2,3; 4,4; 6,5; 1,6; 1; -7,1; 96,3; 3,4; 5,5; 6,6.

  1. Өлшемі n * m A матрицасында барлық теріс элементтерді нөлмен алмастырып, ал оң элементтерді квадраттаңыз.



4 нұсқа

  1. Берілген А= (а1, а2, …, а14) векторының: К – теріс элементтерінің санын және М – оң элементтерінің санын есептеңіз. А=(0; 1,22; -3; 4; 0,32; -6; 2; -1,75; 9; 0; 0,11; -4,5; 13; -2).

  2. Өлшемі n * m A матрицасында модулі бойынша ең үлкен элементті нөлмен алмастырыңыз.



5 нұсқа

  1. Нақты сандардан тұратын В=( в1, в2, …, в11) векторының барлық теріс компоненттерін олардың квадратымен алмастырыңыз, ал оң компоненттерін өзгеріссіз қалдырыңыз.

Бастапқы мәндер: 3,6; -2,1; 7; 4,5; -4,6; -1; -0,75; 8; 11; 5; 3.

  1. Мөлшерлері m*n, A және B матрицаларының тең екендігін тексеретін программа жазыңыз. Егер матрицалар тең болса, онда экранға "A = B" мәтінін және матрицаның біреуін, кері жағдайда "A тең емес B" мәтінін және екі матрицаны да шығарыңыз.



6 нұсқа

  1. в1, в2, …, в12 массиві және а саны берілген. Массивтің берілген а=1,43 санына тең элементтерінің санын анықтау керек. В=(1; 3,485; -2,4; 1,43; 0,32; -5; 8; 9; -4,5; 12; -76,2; 76,1).

  2. Мөлшері m*n матрицаның жол және бағаналарының орнын алмастыратын программа жазыңыз.



7 нұсқа

  1. Х=(х1, х2, …., х10) векторы берілген. Вектордың элементтерін оңға бір позицияға жылжытып, Х=( х10, х1, х2, …., х9) векторын алыңыз.

Бастапқы мәндер: 1,1; 2; 5,6; 4,7; 8,2; 9,01; -2,6; 7,5; 3; 9,7.

  1. Мөлшерлері m*n екі матрицаны қосатын және азайтатын программа жазыңыз.

8 нұсқа

  1. Берілген а1, а2, …, а10 массивінің элементтері кемуі бойынша ретелгенін тексеретінін программа жазыңыз.

Бастапқы мәндер: 7,2; 5,3; 4,9; 5,4; 4,4; 5,3; 4,2; 9,4; 6,7; 7.

  1. Мөлшері m*n берілген А матрицасының кез келген екі жолдарының орнын ауыстыратын программа жазыңыз.



9 нұсқа

  1. Нақты А=(а1, а2, …, а9) векторының бірінші оң компоненттінен кейінгілерін 0,5 кемітіңіз.

Бастапқы мәндер: -7,4; 0; -21; 4,6; 3; -2,6; 2,5; -1,3; 0,4.

  1. Мөлшері m*n берілген А матрицасының кез келген екі бағаналарының орнын ауыстыратын программа жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет