Заголовок слайда отсутствует



бет3/15
Дата25.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#86448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
11 Дәріс 11 (2)

3 Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;

2) 500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.

 4 Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облысының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

 4 Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облысының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 200-ден астам адам қаза болса;

2) 1500-ден астам адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.

Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет