Төтеншежағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС (АҚ) және ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ (ТЖ)қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
Азаматтық қорғаныс -бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы закымдау құралдарының зақымдағыш (жойқын) факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қаупі туындаған кезде кұтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды (Қ жБШЖ) жүргізеді.
АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцип бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншікті нысанына қарамастан құрылады, олар аумақтық және объектілік болып бөлінеді.
АҚ-дың аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік кұрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.
АҚ құрамаларының негiзгi түрлерi: - құтқару құрылымдары - барлау, iздестiру және зардап шеккендердi үйiндiлерден шығару және оларға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн құрылады, сонымен қатар құрама, құтқару отрядынан, құтқару командасынан немесе адамдарды iздестiру және барлау тобынан тұрады;
- инженерлік құрылымдар - үйінділерді инженерлік зерттеу, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру, су кедергілері арқылы өткелдер дайындау, зақымдалу территорияларында жұмыстар жүргізу - құрамына жол-көпір командалары, жарылыс жұмыстары топтары, инженерлік зерттеу топтарынан тұрады. Құрамалар техника және құрал-жабықтармен жабдықталған болуы тиіс, және жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.
- АҚ және ТЖ қызметтерiнiң құрамалары – халықтың тiршiлiгiн қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың iс-әрекеттерiн жан-жақты қамтамасыздандыру үшiн құрылады және медициналық байланыс, қоғамдық тәртiп сақтау, өрттен қорғау авариялық-техникалық, материалдық қамтамасыздандыру, көлiк, өсiмдiктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлiнедi.
АҚ құрамаларына еңбекке жарамды ерлер мен әйелдер (1,2,3 топтағы мүгедектер де) жүктi әйелдер, 8 жасқа дейінгi баласы бар әйелдер жұмысқа алынады, ал соғыс уақытындағы жұмылдыруға -әскери қызметі бар адамдарды алады.
Табиғи және техногенді ТЖ кезінде зардаптарды жою үшін, аталған АҚ құрамалары мен арнай құрылған топтардан басқа арнайы күшті дайындығы бар, жылдам әрекет ететін облыстық, қалалық және аудандық отрядтар құрылады, олардың жалпы саны:
1) облыстық –150 адамнан кем емес;
2) қалалық– 100 адамнан кем емес;
3) аудандық – 50 адамнан кем емес.