Зақымдануларға ағзаның жалпы реакциясы: стресс, кома, шок және коллапс
ЗАҚЫМДАНУЛАРҒА АҒЗАНЫҢ ЖАЛПЫ РЕАКЦИЯСЫ: СТРЕСС, КОМА, ШОК ЖӘНЕ КОЛЛАПС.
Стресс және оның маңызы
«Стресс» (ағылш.stress – ауыртпалық, күш түсу) – деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің қорғаныш бейімделу реакциясы. Бұл қолайсыз факторларға:
химимялық әсерлер( сілтілер, қышқылдар, улы химиялық заттар, гипоксия т.б.)
биологиялық әсерлер( вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, микробтардың уыттары, жәндіктердің улары.)
Психогендік әсерлер (жан-дүниелік жарақаттар,күйзелістер, ауыр қайғы-қасіреттер,көңіл-күйдің толқулары);
Әлеуметтік жағдайлар(қазіргі адамдарға шамадан артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың арасындағы шиеленістер, қоғамның заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің шектелуі, қимыл қозғалыстың азаюы т.с.с.) жатады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен. Бұл қолайсыз ықпалдарды стрессорлар деп атайды.
«Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XXғ. 60-шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың ( ол жарақат па, жұқпа ма, химимялық улану ма немесе ауыр қайғы қасірет пе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бір беткей жауап қайтарады.