Закон, беречь порядок 10 стр. 2 ИсторИя в лИцах


Если бы 30 назад профессиональной гимнастке



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.03.2017
өлшемі57,6 Mb.
#5493
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7

Если бы 30 назад профессиональной гимнастке 

Магрифе Абишевой сказали, что в будущем ее ждет 

военная  служба,  она  вряд  ли  бы  в  это  поверила. 

Ведь  свое  будущее  Магрифа  представляла  иначе. 

Ее  спортивная  жизнь  началась  в  четырехлетнем 

возрасте, когда мать привела ее в гимнастическую 

группу. Девочку, обладающую невероятной гибко-

стью тела, заметили сразу. Да и спустя несколько 

лет, будучи взрослой девушкой, она всегда привле-

кала к себе внимание, поражая своим упорством, 

силой воли и непреодолимой любовью к большому 

спорту.

Ее путь к мечте быть долгим и извилистым. Перед 

тем как заслужить статус мастера спорта международ-

ного класса по дзюдо, она прошла школу гимнастики, 

самбо, и даже волейбола. Навыки, которые она приоб-

рела в тех секциях впоследствии дали ей явное преи-

мущество, и помогли стать профессиональной дзюдо-

исткой.


– После окончания средней школы, я отправилась в 

город Аркалык поступать в Педагогический институт 

им.  Ы.  Алтынсарина.  Разумеется,  приоритетной  для 

меня была кафедра физического воспитания и спорта. 

Но, в силу независящих от меня обстоятельств, при-

шлось  подавать  документы  на  физико­математиче-

ский факультет. В институте я продолжала заниматься 

спортом – играла за сборную вуза по волейболу. Через 

год в институте открыли секцию дзюдо. Сейчас я по-

нимаю,  что  это  событие  было  для  меня  знаковым,  – 

вспоминает Магрифа Абишева.

Когда она в первый раз пришла в секцию по дзюдо, 

спортивный зал был просто забит людьми. Там нахо-

дилось около 300 человек, и каждый из них желал за-

писаться на тренировки. В тот момент у будущей чем-

пионки отпало желание заниматься в таких условиях, 

ведь  она  понимала,  что  один  тренер  физически  не 

смог бы уделить должное внимание каждому. Но спу-

стя 2 месяца, ряды «дзюдоистов» в секции поредели, 

и она могла спокойно заняться новым для нее видом 

спорта. Сказать, что юная спортсменка втянулась, зна-

чит ничего не сказать. Через пару недель окончательно 

отсеялись последние ученики, и из всех девушек, ко-

торые посещали тренировки, осталась лишь Магрифа.

В 1987 году проходили областные соревнования по 

дзюдо.  Для  нее  это  были  первые  серьезные  состяза-

ния. И судьбоносные. Как оказалось, в тот день за ней 

наблюдал  известный  тренер  Бейсен  Аубакиров,  под 

наставничеством  которого  она  позднее  представляла 

честь города. Кстати, с тем боем она справилась бли-

стательно,  повалив  соперницу  на  лопатки  за  считан-

ные секунды после начала схватки.

В 18 лет карьера спортсменки стремительно пошла 

в гору. Ей посчастливилось заниматься с такими выда-

ющимися тренерами, как Ирина Гутова, Бейсен Ауба-

киров, Жакен Саламатов. При СССР Абишева получи-

ла звание мастера спорта по самбо, а на начало 1990­х 

гг. пришлись самые яркие ее победы.

В  1993  году  Магрифа  Абишева  взяла  серебро  на 

чемпионате мира по самбо в городе Омске, а через 3 

года она участвовала на чемпионате мира в Токио, за-

няв там 2 место. Позже она стала золотым призером 

на  международном  турнире  по  самбо,  посвященном 

памяти  Анатолия  Харлампиева  в  Москве,  ежегодно 

в Алмате участвовала в турнирах, посвященных пер-

вому  президенту  Федерации  дзюдо  Казахстана  Сан-

жару  Жандосову,  где  также  неоднократно  занимала 

призовые места. После этих важных вех в карьере в 

1997 году Абишевой было присвоено звание мастера 

спорта международного класса по самбо Республики 

Казахстан.

Но была у этой медали и обратная сторона. Как из-

вестно, успех профессиональным спортсменам всегда 

дается нелегко. Так было и у нашей героини. От по-

стоянных нагрузок, ее стали беспокоить боли в ногах. 

Врачебные  диагностики  не  показывали  патологий,  а 

массаж,  растирания  и  мази  давали  лишь  временный 

эффект. Но даже тогда у нее ни разу не возникло мыс-

настроена на поБеду


Мастер

29

ли уйти из спорта. Переступив через боль, она шла к 



своей цели. Абишева продолжала посещать трениров-

ки и выступления, а ее жалобы на боль дали лишнюю 

пищу для сплетен завистников, которые считали, что 

она симулирует.

Последний ее бой прошел на токийском ковре во 

время чемпионата мира. В финальной схватке она вы-

шла против своей соотечественницы Сауле Габдулли-

ной.  После  неудачного  приема  самбистка  повредила 

колено.  Эта  травма,  приведшая  к  хронической  боли, 

выбила спортсменку из чемпионской гонки, а также из 

всех последующих спортивных единоборств навсегда.

­ Мне часто вспоминается один случай. После раз-

вала  Советского  союза  в  Казахстане  сформировали 

женскую сборную страны по самбо. В то время я была 

первым номером, как по самбо, так и по дзюдо, и мне 

нужно было выбрать что­то одно. Так как мой тренер 

был самбистом, я решила последовать по его пути. Мы 

тогда часто ездили по разным городам и странам пред-

ставлять республику. Однажды в одной из поездок ал-

матинские девчонки стали навязывать всем свои пра-

вила, якобы они из столицы, и знают, как и что лучше 

делать. Но мы – тургайские девчонки не отступились. 

В  женской  раздевалке  «провели»  разъяснительную 

беседу на кулаках. Позже мы сдружились, и это еще 

больше сплотило нашу команду, – смеется Магрифа.

Завершив  спортивную  карьеру,  она  долго  иска-

ла  себе  новое  призвание.  Тренировала  подростков  в 

спортивной  детско­юношеской  школе,  работала  се-

кретарем­делопроизводителем в Агентстве по реорга-

низации и ликвидации предприятий. Но все это было 

не то.

Десятого июня 1999 года она подписала контракт 



о прохождении военной службы. С этого дня началась 

новая  глава  ее  жизни.  По  признанию  самой  Магри-

фы, военная служба помогла ей раскрыться с другой 

стороны, обрести новые качества. С 2003 года Магри-

фа  Сабыровна  входила  в  штатный  спортивный  клуб 

Внутренних  войск  в  должности  старшего  тренера. 

Участвовала  в  соревнованиях  по  лыжному  спорту, 

плаванию и армрестлингу. Также принимала участие 

в  организации  международных  и  республиканских 

турниров по рукопашному бою на кубок Главнокоман-

дующего ВВ РК.

За время службы в войсках мастер спорта между-

народного класса Магрифа Абишева была награждена 

многими медалями, нагрудными знаками, благодарно-

стями,  грамотами,  дипломами,  а  Центральный  совет 

Общества  «Динамо»  присвоил  ей  звание  «Почетный 

динамовец».

Двадцать  второго  января  2016  года  капитан  запа-

са  Магрифа  Абишева  ушла  из  рядов  Национальной 

гвардии на заслуженный отдых. Но она не планирует 

останавливаться.  В  скором  времени  она  возобновит 

тренерскую  деятельность  и  возможно,  в  ближайшем 

будущем из­под ее крыла выйдут новые чемпионы, ко-

торые будут возвышать флаг Казахстана на мировых 

аренах.

Рядовой Олжас ЖАКСЫЛЫКОВ,

курсант ВУ МО РФ


30

Гала-концерт



Дәл осындай атаумен биыл «Қазақстан» Орталық 

концерт  залында  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

ұланының Ән-би ансамблі мен Орталық оркестрінің 

Гала-концерті өтті. Тамырын тереңге жайған тарихы-

мыздан мағыналы көрініс беріп, ерекше мазмұнмен 

өрнектелген өнер кеші Тәу-

елсіздіктің 25 жылдық беле-

сіне арналды. Сөйтіп, ұлан-

дық  жауынгерлер  елімізде 

алғашқылардың бірі болып 

мемлекетіміздің мерейлі ме-

жесіне өз тартуларын бастап 

кетті.

Қазақстан  Республикасы­

ның  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаев  егеменді  ел  бо-

лып    қадам  басқан  сәттен 

құқықтық  тәртіпті  қамтама-

сыз  етуге  баса  назар  аудара 

отырып,  тәуелсіздік  деклара-

циясы  жарияланғаннан  соң 

небәрі 26 күннен кейін мемле-

кетімізде  алғашқы  күш­қуат 

органы  ретінде  Ішкі  әскерді 

құрған  болатын.  Міне,  біздің 

жауынгерлік  тарихымыз  да 

дәл сол 1992 жылғы 10 қаңтардан бастау алады. Сол кез-

ден  бастап  кешегі  Ішкі  әскер,  бүгінгі  Ұлттық  ұланның 

жеке  құрамы  алға  қойылған  тапсырмаларды  лайықты 

түрде орындап, жеке адам мен азаматтардың конститу-

циялық  құқығын,  қауіпсіздігін,  қоғам  құндылықтарын, 

Біз – болашағы

біртұтас ұлтпыз

Біз – болашағы

біртұтас ұлтпыз


Гала-концерт

31

мемлекет  тұрақтылығы  мен  тыныштығын  қа-



уіп­қатерлерден  жан­жақты  қорғау  жолындағы 

жауапты  қызметті  абыроймен  атқарып  келеді. 

Әскер  тарихының  тағы  бір  ерекшелігі  осыдан 

бір жыл бұрын, нақтырақ айтсақ, 2015 жылғы 10 

қаңтарда  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

ұланы туралы» Заңының жарыққа шығуы. 

Осы  және  ең  алдымен  Тәуелсіздіктің  торқа-

лы тойына орайластырылған мәні бөлек мәдени 

шараға  –Үкімет  мүшелері,  Парламент  депутат-

тары,  күш­қуат  ведомстволарының,  комитеттер, 

департаменттер, ІІМ Орталық аппаратының бас-

шылары,  әскер  ардагерлері,  БАҚ  өкілдері,  аста-

налық гарнизонның әскери қызметшілері, Елорда 

тұрғындары  мен  қонақтары,  Әскери  ант  қабыл-

даған  жас  жауынгерлердің  ата­аналары  келіп, 

көріп, тамашалады.

Шараның концерттік бағдарламасында еліміз-

ге еңбек сіңірген қайраткерлер Эльмира Баққали, 

Мұрат  Нұрғазиев,  Естай  Мұқашев,  Еділ  Құсай-

ыновтар болса, ансамбль әншілері, көптеген байқаулар-

дың  лауреаттары  Ғайни  Жұмашева,  Асхат  Таушев,  Ба-

уыржан Тұрғымбаев, Ерасыл Бозаев, Қайсар Әубәкіров, 

Денис  Яковлев,  Рустам  Арыстановтар  әдеттегідей  өз 

өнерлерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл­күй сыйлай біл-

ді. Қазақ эстрадасының жұлдызы, «Азия дауысы» және 

«Славянский базар» халықаралық байқауларының лауре-

аты Маржан Арапбаеваның орындаған әні де жиналған 

қауымды  бей­жай  қалдырмай,  тамаша  сезімге  бөледі. 

Концертке  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген 

қайраткері,  Ұлттық  ұлан  Ән­би  Ансамблінің  басшысы 

полковник Рахметжан Шамұратов пен Ұлттық ұлан Ор-

талық  оркестрінің  әскери  дирижері  лейтенант  Дархан 

Рахымғалиев көркемдік жетекшілік жасады.

Ән  кешінің  шымылдығы  туған  жер  туралы  тартым-

ды туынды – «Ауылым – әнім» әуенімен басталып, залға 

жиналған қауымды ерекше сезімге бөледі. Тіпті, дүйім 

жұртшылық пен концертті тамашалауға келген жас жа-

уынгерлер оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған әнді 

бірге шырқап, отансүйгіштіктің шынайы үлгісін көрсете 

білді.


Бұдан соң ансамбль әншілері «Дервиши» тобы айтып 

жүрген  «Қазақстаным»  әнін  орындап,  жалындаған  па-

триоттық сарынды одан сайын күшейте түсті. Қазақстан-

ның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Нұрғазиев бастаған 

вокалдық топ Ерғожа Тілепбердиевтің сөзіне жазылған 

«Ұлттық  ұлан  сарбаздары»  әнін  шырқағанда  ерекше 

әсерге бөленген әскерилер қауымы әлбет-

те шапалақтарын аямады.

Жақында ғана тұсауы кесіліп, көгілдір 

экран бетінде көрініс тауып, көпшіліктің 

ықыласын тудырған еліміздің еңбек сіңір-

ген қайраткері, ансамбль әншісі Эльмира 

Баққалидің «Қазақстан – менің Отаным!» 

әні де көрерменге керемет көңіл беріп, ән-

мен бірге сахналанған бишілердің биі де 

жиналған қауымның көз жауын алды.

Қазақ халқының рухани және жан дү-

ние  байлығының  ең  бір  киелі,  қасиетті 

түрі – күй өнері десек, артық айтқандық 

емес. Күй жанрының өнердің басқа сала-

сынан  ең  басты  айырмашылығы  –  адам 

баласы ауызбен айтып, бояумен бейнелеп 

бере алмайтын табиғаттың тылсым сыры 


Гала-концерт

32

мен сұлулығын музыка ырғағымен жеткізе білуінде. Күй 



өнері бірде «Сарыжайлаудың» салқын сабат, жасыл жа-

зирасы  болып  көсілсе,  бірде  «Сылқылдақ»  болып  үкісі 

бұлғаңдаған бұраңбел бойжеткендей сылаң қағып шыға 

келетіні рас. Домбыра өнеріне тәнті халқымыз осы кеш-

те  Орталық  оркестр 

сүйемелдеуімен    дом-

бырашылар  тобының 

орындауындағы  Құр-

манғазының  «Балбыра-

уын»  күйіне  де  марқая 

қол соқты.

Бұдан  соң  көрер-

меннің  көңілі  ғасырлар 

бойы  кең  байтақ  жа-

зиралы  жерімізді  дала 

әуендерімен  тербеген 

қазақтың  халық  ән-

деріне ауды. Халықтың 

талғамы  жаһандануға 

жұтылып,  Батыс  әуен-

дері белең алып тұрған 

заманда ұлттық ән­күй-

лерімізді  асқақтату  аб-

зал­ақ.  Мұны  құба­құп 

деп 

қабылдайтын 



Ұлттық  ұлан  өнерпаз-

дары  сахна  төрінде  ұлттық  дәстүрімізді 

ұлықтап,  ұлттық  киіммен  «Сары  бидай», 

«Ақ  сиса»,  «Ахау  керім»,  «Әйтеуір,  сол 

қыз – бір сұлу», «Молдабайдың әні» әуен-

дерін шырқағанда көпшілік халқымыздың 

мол мұрасынан рухани азық алғандай күй-

ге бөленді.

Небір  қайым­қияметті  көрген  халқы-

мыздың  дүрбелең  кездері  туралы  са-

бақталған  «Земля  Казахстана»  әні  де 

ансамбль  әншілері  Жансұлу  Қожабаева, 

Ғайни Жұмашев, Эльмира Дәулетова және 

Эльвира  Нұрғожинаның  орындауында 

әсерлі  шығып,  жиналғанның  жүрегінен 

орын алды. 

Мұрат Нұрғазиев пен Естай Мұқашев-

тың жанды дауысымен шырқалған «Я лю-

блю тебя жизнь» әні, әсіресе, залға келген 

орта буын өкілдерін ерекше сезімге бөлеп, 

өткен  өмірді  бір  мезет  ой  елегінен  өткіз-

гендей болды. 

Тамаша  төрттік  Рустам  Арыстанов, 

Асхат  Таушев,  Денис  Яковлев  және  Қай-

сар  Әубәкіров  нақышына  келтіріп  орын-

даған «Grande amore» композициясы өнер 

кешінде нәзік жандыларды бейнебір терең 

сезімге  тебіренте  түсті.  Эльмира  Баққали 

мен  бишілер  тобының  сахналаған  «Фла-

менко» биі де жиналған қауымның көңілі-

нен орын алды.

Құлақтың  құрышын  қандырған  кезек-

ті ән «Жаса, қазақ елі» болды бұл кеште. 

Нұрлыбек  Аманов,  Бауыржан  Тұрғымба-

ев  және  Думан  Усаев  бірлесе  шырқаған 

әуен бірлігіміз мығым, рухымыз айбынды 

екенін  паш  етсе,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  «Вай-

нах»  шешен­ингуш  орталығының  бишілер  ансамблінің 

өнері татулығымыз жарасымды екенін айғақтады.

Ерекше  композицияда  сахналанған  «Түрік  жауын-



Гала-концерт

герлері»  биі  де  өнерпаздардың  абыройын  асқақтатса, 

жас  бүлдіршіндерден  құралған  «Айналайын»  балалар 

хорының орындауындағы әуен жас ұрпақ – кемел келе-

шегіміздің сенімді кепілі екенін тағы бір дәлелдей түсті.

Тамаша  концертті  қорытындылаған,  бала  кезден  әр 

сәби  тыңдап  өскен  Сейдолла  Бәйтерековтың  әніне  жа-

зылған «Қазақстан – қыран дала» әуені тартымды кештің 

лайықты соңы болды.

Осылайша Тәуелсіздіктің торқалы тойына тарту етіл-

ген Ұлттық ұлан өнерпаздарының рухани кеші көпшілік-

ке жаңа жылды ерекше сезімде бастауға тың серпін берді.



Капитан Руслан ЖАНГУЛИН

«Рухы мықты елді жау алмайды». Бұл – өздігінен 

өзгеге  килікпеген,  ғасырлар  бойы  тек  ұланғайыр 

даласын қорғаумен өткен баһадүр бабаларымыздан 

қалған аталы сөз. Қандай қиянкескі қантөгіс болса 

да қазақ батырларының көкейінде «Қалай да ел мен 

жерді  қорғауымыз  керек»  деген  ұлы  мұрат  тұрды. 

Осы жолда олар «отқа жанды, суға да батты». Бірақ, 

күйген жоқ, тұншыққан жоқ. Тұла бойында тұнған 

биік  рухы  көксеген  ұлы  мұратына  жеткізді.  Иә, 

біздің ата-бабаларымыз осындай биік рухтың иесі, 

киесі болған. Мұны тарих та «тайға таңба басқан-

дай» етіп дәлелдеп берді.

Қазіргі  қазақ  қоғамына,  әсіресе  Отан  алдында  бо-

рышын  өтеп  жүрген  азаматтарымызға  ата­бабалары-

мыздың  сол  асқақ  рухы  ауадай  қажет­ақ.  Жасыраты-

ны  жоқ,  алдымен  орыс  патшалығы,  одан  кейін  Кеңес 

Одағы жүргізген отарлау саясаты ұлттық рухымыздың 

«ұнжырғасына» сызат түсірді. Төл тарихымыздың та-

мырына  балта  шабуға  талпынды.  Шүкір,  егемендік-

тің  арқасында  тәуелсіздік  жылдары  ғасырларға  жүк 

болар  белес­белес  шаруалар  атқарылып,  өткенімізге 

оралып, өшкеніміз тірілді, ұлт мұрасы кезең кезеңімен 

түгенделіп келеді. Осындай игі жұмыстардың қатары-

на  қосылар  айрықша  істің  бірі  ел  ордасы  –  Астанада 

Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің 

«Ұлттық  әскери­патриоттық  орталығының»  ашылған-

дығы  болды.  2015  жылдың  1  желтоқсанында  Елбасы 

–  Қарулы  Күштеріміздің  Жоғарғы  Бас  Қолбасшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өзі  келіп,  тұсауын  кескен 

аталмыш Орталықтың бастығы Перизат Ақселеуқызы. 

Қазақ ұлты үшін аса құнды әдеби мұра қалдырып, ата 

тарихымызды зерттеу мен ұлтымыздың жоғын жоқтап, 

олқылықтарын түгендеуде өлшеусіз еңбек еткен Ақсе-

леу Сейдімбеков сынды айтулы, дарынды тұлғамызды 

исі қазаққа таныстырып жатудың өзі артық. Сол асыл-

дың  артында  қалған  сынығы,  қыздарының  бірі  Пери-

зат  ханымның  аталған  мекеменің  басшылығына  келуі 

де әрине қиюы дұрыс қарастырылып, ұтымды қабыл-

данған шешім екен деп пайымдауға да болады. Ұлтқа 

ұлағат  айтқан  тұлғаның  перзентімен  жолығудың  сәті 

өткенде,  Бас  қолбасшылықтың  тапсырмасымен  сол 

Орталыққа бас сұққанымызда түсті. Біз осы ұжымның 

өтінішімен мұражайға арнап Ұлттық ұланның бай жа-

уынгерлік  тарихынан  хабар  беретін  бірқатар  жәдігер-

лерді жеткізген болатынбыз. 

Әрине,  Қазақстан  Қарулы  Күштерінің  құрамдас 

бөлігіне  еліміздегі  барша  әскери  құрылымдар  кіреді. 

Сәйкесінше, әр күш­қуат ведомствосының соғыс және 

бейбіт күнде атқаратын міндеттері бар. Еліміздің әске-

ри әлеуеті дегенде, ел айбыны – Ұлттық ұланның орны 

ерекше.  Орталық  басшысының  айтуынша,  мұндағы 

мұражайдағы жәдігерлер қазіргі күні тек Қорғаныс ми-

нистрлігінің тарихынан айғақтар беріп тұрған көрінеді. 

Ендігі кезекте, елдегі барлық күш­қуат құрылымдары-

Жәдігерлер сыр шертеді

Әскери мұражай

34


Әскери мұражай

35

ның  әр  қайсысы,  мәселен 



Шекара  қызметі,  Мемле-

кеттік күзет қызметі, Ұлт-

тық  қауіпсіздік  қызметі, 

төтенше  жағдайлар,  Ұлт-

тық ұлан, тағысын тағылар 

сынды әр қайсысына жеке 

бөлімдер  ашып  көрсету 

ойда бар екен. Біздің жет-

кізген  жәдігерлеріміз  сол 

жұмыстың басын бастауға 

жасалған  тың  қадамның 

бірі болды. Алдағы уақыт-

та Ұлттық ұланның даңқты 

жауынгерлік жолынан сыр 

шертетін  бұрыштың  Ұлт-

тық  әскери  мұражайымы-

зда  ашылуын  көрер  сәтте 

көп күттірмес деп білейік.

Арнайы  ат  басын  тіре-

ген  соң  Орталықтың  бас-

шысымен  ұжымның  бүгінгі  тыныс­тіршілігі  жайлы 

тілдесіп, мұражаймен танысуды да ұмытпадық. Әрине, 

мұның  бәрін  де  кейін  ұландық  арда  көңіл  оқырман-

дарымызға  мақала  арқылы  жолдап,  жаңа  орынды  ег-

жей­тегжейлі таныстыруды мақсат тұттық. Сол ойымы-

зды жүзеге асырудың реті бүгін келіп отыр.

Бүгінде  бұл  шаңыраққа  «ҚР  Қарулы  Күштерінің 

әскери­тарихи  мұражайы»,  «Орталық  ансамбль»  мен 

«Орталық әскери оркестр» ұжымдары топтастырылған 

екен. Әскеріміздің тарихында тұңғыш ашылған тарихи 

мұражайға  саяхат  жасасақ,  кіреберісте  «Мәңгілік  ел» 

композициялық  орталығы  орын  тепкен.  Онда  әскери-

лер  арасында  тұрған  Елбасы  Н.Назарбаев  және  айна-

ласында  әр  тарихи  дәуірде  болған  қолбасшылар  мен 

батырлардың образынан жиналған барельеф бар. Бұдан 

кейін қарсы алдыңыздан «ҚР Қарулы Күштерінің залы» 

шығады.  Бұл  залға  кірген  бойда  ә,  дегеннен  көзіңізге 

Әскери тулар шалынады. Ол – Қарулы Күштеріміздің 

құрамындағы  Құрлық  әскері,  Әуе  қорғаныс  күштері 

және Әскери­теңіз күштеріне тиесілі Жауынгерлік Ту-

лар.  Негізінен  бұл  залдан  жоғарыда  аталған  үш  әске-

ри  күштерді  әспеттейтін  жәдігерлерді  кездестіре  ала-

сыз. Ал залдың қақ ортасында ҚР Тұңғыш Президенті 

Мұражайы  қорынан  алынған  жәдігерлер  алыстан  көз 

тартып тұр. 

Мұнан  әрі  осындағы  қызықты  жәдігерлердің  қата-

рын  саралап  көрсек,  залдың  үшінші  бөлігі  саналатын 

Әуе  қорғаныс  күштеріне  арналған  бұрышта  Халық 

қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов 2015 жылдың 

2­12 қыркүйек аралығында жер шарын 156 рет айналып 

өткенде алып жүрген Әскери әуе күштерінің туы ілініп 

тұр. Сондай­ақ, Халық қаһарманы, Парламент Сенаты-

ның  депутаты,  Армия  генералы  Мұхтар  Алтынбаевқа 

тиесілі  жәдігерлер  де  осы  бөлімнен  орын  тепкен.  Ол 

кісінің  көптеген  жауынгерлік  ұшақтарда  ұшқандығы 

белгілі.  Соның  бірі 

–  МИГ­25  жойғыш 

ұшағы.  Мұражайда 

осы ұшақтың ұшқыш 

отыратын бөлігі қой-

ылған. Жалпы, қаһар-

ман ағамыз көкте қа-

лықтаған  бұл  ұшақ 

1996  жылға  дейін 

Қазақстан 

Қарулы 


Күштерінде  экспо-

литацияда 

болған. 

Келесі  Әскери­теңіз 

күштерге 

тиесілі 


жәдігерлердің  ара-

сында  Каспий  теңі­

зінің жағалауында ел 

қорғанысын  қамта-

масыз  етіп  тұр ған 

әскери 


кемелердің 

макеттері  беріліпті. 

Ескере  кететін  жайт, 

бүгінгі таңда Каспий 



Әскери мұражай

36

теңізінде 5 маяк болса, соның ішінде «Меловой» маягы 



«Гиннестік  рекордтар»  кітабына  енгізілген.  Ол  Ақтау 

қаласында  10  қабатты  үйдің  шатырында  орналасқан. 

Жалпы мұндай маяк дүниежүзінде екеу ғана екен, оның 

екіншісі Голландияда. Жәдігерлердің арасында 75 жыл-

дық тарихы бар маяктың және бүгінде қолданылатын 

жаңа  маяктың  линзасы,  жоғалған  кемелерді  іздейтін 

роботтың макеті бар.

Келесі зал «Көне заман – ХІХ ғасыр» деп аталады. 

Бұл зал төрт кезеңге бөлінген: Ерте дәуір, Ежелгі орта 

ғасыр, Алтын орда және Қазақ хандығы кезеңдері. Бұл 

жерден де аса қызықты жәдігерлерді көптеп кездестіру-

ге  болады.  Мәселен,  осы  орыннан  ежелгі  қару­жарақ 

түрлері, ат әбзелдері, батырлардың сауыт­саймандары-

ның түпнұсқасын көруге болады. Бұлардың көбі архе-

ологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде  табылған  құнды 

дүниелер. 

Мұражайдың  келесі  залы  «ХХ  ғасырдың  әскери 

тарихы»  деп  аталады.  Ол  үш  кезеңге,  яғни  «Алашор-

да», «Ұлы Отан соғысы» және «Ауған соғысы» болып 

бөлінеді.  Бірінші  кезеңді  тамашалағанда  бірден  көзге 

түсетіні – ол Алаш көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейха-

новтың  кезінде  Қарқаралы  және  Семей  сапарларына 

мініп  барған  Тарантас  арбасы.  Төрт  доңғалақты  бұл 

жеңіл арба реконструкциядан өткен түпнұсқасы болып 

саналады. Мұнда Міржақып Дулатовтың тай терісінен 

жасалған Тайжарғақ деп аталатын сырт киімі де бар.

«Ұлы Отан соғысы» кезеңіне арналған бөлімнің бір 

бөлігі  соғысқа  Қазақстан  тарапынан  қосылған  үлес, 

оның  ішінде  тылдағы  ерен  еңбек  жәдігерлер  арқылы 

әспеттелген. Мәселен, соғыста қолданылған он оқтың 

тоғызы Қазақстанда өндірілген болса, сол оққа қажет-

ті  темір  алынатын  марганецті  Жезқазғаннан  геология 

­минералогия  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Қаныш Сәтбаев тапқандығы тарихтан мәлім. Сол мар-

ганецтің кішкене бөлігі мұражай жәдігеріне айналған. 

Сондай­ақ,  бұл  бөлімде  Қажымұқан  Мұңайтпасов-

тың  өз  қаражатымен  майданға  сатып  әперген  ұшағы, 

Ыбырай  Жақаевтың  күріш  өндіруде  жеткен  толағай 

табысы  және  Роза  Бағланова  секілді  өнер  өкілдерінің 

өлшеусіз  еңбегінен  сыр 

шертетін  деректер  мен 

дәйектер көрініс тапқан. 

Сондай­ақ,  бұл  бөлімде 

қазақ  халқының  қаһар-

ман ұл­қыздары Р. Қош­

қар  баев,  М.  Мәмето­

ва ,  Ә.  Молдағұлова,                           

Б.  Момыш ұлы,  Қ.  Қай­

се нов,  Т.  Бигелдинов, 

С.  Нұрмағамбетов  және 

тағы басқа да тұлғаларға 

қатысты құнды жәдігер-

лер қойылған.

«ХХ  ғасырдың  әске-

ри  тарихы»  деп  атала-

тын залдың келесі үшін-

ші кезеңі жоғарыда атап 

өткеніміздей, «Ауған со­

ғы сы на»  арналған.  Бұл 

жерден  халқымыздың 

алдаспан ұлы, сол соғы-

стың  көзі  тірі  куәгері, 

Халық  қаһарманы  гене-

рал­лейтенант  Бақыт-

жан Ертаевтың да кителі қойылыпты.

Мұражайдағы тағы бір зал тұтастай қару­жарақ үл-

гілерінің көрмесіне арналған. Бұл жерден қандай қару 

табылмайды десеңізші. 

Мінеки,  өткен  жылдың  соңында  еліміздегі  соны 

жаңалықтардың  бірі  болып,  халқымызға  тәуелсіздік 

мерекесі қарсаңында тамаша тарту болған Әскери­та-

рихи мұражай жалпылама алғанда осындай сипатқа ие. 

Әрине, біз әлі қамти қоймаған жәдігерлер онда жетер-

лік.  Сондықтан  мұражайға  арнайы  барып,  тамашалап 

көргенде  ғана  көңілді  тоқ  санауға  болады.  «Жүз  есті-

геннен бір көргенге» не жетсін. Ендеше, сіз де қалыс 

қалмаңыз, қалың оқырман.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет