2.2 Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады: 2.2.1 конкурс қорытындысы бойынша (немесе басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы, академиялық қарыздарын өтеген жағдайда) білім алушы Камалов Айбат Ерланович (толық аты-жөні – жеке куәлігі бойынша) білім беру ұйымының білім алушылары қатарына қабылдауға;
2.2.2 осы келісім-шартты жасау кезінде Білім алушыны Университеттің академиялық саясатымен, оның ішінде коронавирустық инфекция мен жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарымен таныстыру, білім беру ұйымының ішкі тәртібін реттейтін тәртіп ережелерімен және білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыруға;
2.2.3 білім алушыны «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз етуге;
2.2.4 білім алушының оқу жүктемесі көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтау, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасауға;
2.2.5 білім беру ұйымдары кітапхана қорының ақпараттық қорларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалануды қамтамасыз етуге;
2.2.6 білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беруге;
2.2.7 компьютерлік техниканы сабақ кестесінен тыс уақытта қосымша келісім негізінде пайдалануға рұқсат беруге;
2.2.8 білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға;
2.2.9 білім алушыны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген тәртіпте оның өтініші негізінде білім алушылар қатарынан оқудан шығаруға және қайта қабылдауға;
2.2.10 білім алушының берген өтініші негізінде Білім беру ұйымының «Білім алушыларды оқудан шығару, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру туралы» (СМЖ 02.2040-2020 БАОШҚҚАДБТЕ) ережемен бекітілген тәртіпте бір білім беру бағдарламасынан екінші білім беру бағдарламасына немесе басқа білім беру ұйымына ауыстыру немесе оқудан шығару;
2.2.11 білім алушыны оның келісімінсіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға, тартуға жол бермеуге;
2.2.12 коронавирустық инфекция мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптары бойынша нұсқаулық жүргізуге;
2.2.13 білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беруге;
2.2.14 оқудың толық курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға дәреже/біліктілік беру және жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом беруге;
2.2.15 жоғары оқу орынды аяқтамаған білім алушының талабы бойынша оқыған пәндердің көлемі мен бағалары көрсетілген транскрипт беруге;
2.2.16 оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдауға міндеттеме алады.