Законы казахстана



бет4/8
Дата25.11.2023
өлшемі49,7 Kb.
#127341
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
template

2.3 Білім алушының құқығы:
2.3.1 білім беру саласындағы уәкілетті органмен белгілеген тәртіпте оқытудың бір нысанынан екіншісіне, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы оқуға ауысуға;
2.3.2 қосымша ақы төлеп мемлекеттік стандарттан тыс қосымша білім беру қызметтерін алуға;
2.3.3 жекелеген пәндерді оқуға, басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелде практикадан және тағылымдамадан өтуге;
2.3.4 оқу үлгерімінің орташа балын (GPA) көтеру мақсатында жазғы семестрде немесе ақылы негізде академиялық кезеңдердің бірінде академиялық берешекті жоюға, сондай-ақ келесі семестрде немесе жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайта оқуға;
2.3.5 кітапхана мен оқу залдарының базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізуге және қолдануға;
2.3.6 студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;
2.3.7 жоғарыда аталған мүмкіндіктерді осы келісім-шартқа қосымша келісіммен бекіте отырып, білім беру ұйымының шешімі бойынша жеке оқу жоспарлары мен жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
2.3.8 С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларына оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыстар беру тәртібі туралы Ережеде белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына оқуға қайта қабылдануға;
2.3.9 ақылы негізде қайта оқу курсына қалдырылған кезде бұрын қабылданған жеке оқу жоспары бойынша қайта оқуға немесе белгіленген тәртіпте әзірленген жаңа жеке оқу жоспарын қалыптастыруға;
2.3.10 аралық аттестаттау (сессия) қорытындылары бойынша барлық емтихандарды "А", "А-", "В+", "В", "В-", "С+" бағаларымен тапсырған жағдайда стипендиясын есептетуге;
2.3.11 Тапсырыс берушінің құқығы бар (тапсырыс берген жағдайда):
1) білім алушыдан осы келісім-шартқа сәйкес міндеттерді адал және тиісінше орындауды талап етуге құқылы.
2.4 Білім алушының міндеттері:
2.4.1 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білім, іскерлік және практикалық дағдыларды меңгеру, оқу және практикалық сабақтарға қатысу. Осы тармақ білім алушы тарапынан бұзылған жағдайда, ол оны немесе Тапсырыс берушіні келісім-шарт бойынша ақы төлеуден босатуға негіз болмайды;
2.4.2 сабақтарға қатыспаған жағдайда, білім беру ұйымында болмаған күннен бастап бір апта ішінде жазбаша түрде білім беру ұйымын хабардар ету; отбасылық жағдай мен байланыс ақпаратының (тұрғылықты мекен-жайының, телефон нөмерінің, электрондық поштасының және т.с.с.) ауысқан жағдайда білім беру ұйымын хабардар ету;
2.4.3 білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған жағдайда растаушы құжаттарын ұсынып, білім беру ұйымын хабардар ету;
2.4.4 флюорографияны жыл сайын өту;
2.4.5 университетте дресс-код (классикалық үлгіде киіну үлгісін) сақтау, сыртқы түр-тұлғасын этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес ұстау;
2.4.6 білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін және осы Келісім-шарт талаптарын сақтау және орындау;
2.4.7 білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарау және оны тиімді пайдалану, білім алу және (берілген жағдайда) жатақханада тұруда қалыпты жағдайды қалыптастыру;
2.4.8 әскери есепке тұру ережелерін сақтау;
2.4.9 білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрмет көрсету және сыпайы қарым-қатынаста болу;
2.4.10 білім алушы қажет болған жағдайда қашықтықтан оқыту форматына көшуге техникалық дайындығы болуы тиіс;
2.4.11 жас мамандардың еңбекпен өтеу жөніндегі өз міндеттерін сақтауға мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына ("Қаржы орталығы" АҚ) – бұдан әрі – Операторға міндетті түрде жазбаша хабардар етіп, осы Келісім-шартта көзделген жағдайларда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына хабарлап, оқуға жұмсалған бюджет қаражатының шығыстарын өтеумен не соған байланысты барлық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;
2.4.12 жұмыспен өтеу фактісін растау және жұмысқа орналастырудың нақты орнын анықтау үшін Операторға зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болуына қатысты дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
2.4.13 оқу аяқталған жылы дербес бөлу жөніндегі білім беру ұйымының комиссиясы берген жолдамада көрсетілген жұмыс орнына жұмысты өтеу үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін келу;
2.4.14 мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың толық курсын бітірген жағдайда жолдама немесе өз бетінше жұмысқа орналасу орны бойынша үш жыл ішінде жұмысты өтеуді жүзеге асыру;
2.4.15 ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негізде оқуға ауысқан, ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылданған жағдайда білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде нақты оқу уақытына мөлшерлес жолдама немесе өз бетінше жұмысқа орналасу орны бойынша жұмысты өтеуді жүзеге асыру;
2.4.16 оператор арқылы жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатының шығыстарын толық көлемде өтеу;
2.4.17 Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оператор арқылы жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті ішінара орындаған жағдайда, оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған уақытқа мөлшерлес шығыстарды өтеу;
2.4.18 жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тікелей халықты жұмыспен қамту орталығында не "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыспен өтеу мерзімінде есепте болу уақытын есепке ала отырып, бос орындардың болмауына байланысты білім беру ұйымының комиссиясы оқуды аяқтаған жылы халықты жұмыспен қамту орталығына бөлген жағдайда, жұмыссыз ретінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін тіркелу;
2.4.19 жұмыс орнына жолдама бойынша келмеген және өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде растайтын құжаттары қоса берілген түсіндірме-хат жібере отырып, білім беру ұйымы мен операторды жұмыс орны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;
2.4.20 жұмысты өтеу мерзімі ішінде жұмыс орнын өз бетінше ауыстырған жағдайда, 10 (он) күнтізбелік күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсіндірме-хат жібере отырып, операторды жазбаша түрде жаңа жұмыс орны туралы хабардар ету;
2.4.21 ауылдық жерлерде кемінде үш жыл не педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған жағдайда білім беру гранты бойынша оқу мерзіміне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға берілген квота шегінде жұмыспен өтеу;
2.4.22 жұмыспен өтеуден босату үшін білім беру ұйымы комиссиясының отырысына жұбайының (зайыбының) тұрғылықты, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде бос орындар болмаған, І немесе ІІ топтағы мүгедектігі болған, жүкті болуына байланысты немесе үш жасқа дейінгі бала (балалар) болған жағдайларда растайтын құжаттарды ұсыну;
2.4.23 жұмыспен өтеуден босату және қосымша хаттама жасау үшін білім беру ұйымының бөлу жөніндегі комиссиясына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға одан әрі оқуға түскен жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну;
2.4.24 өтеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру үшін әскери қызметке шақырылуы туралы растайтын құжаттарды білім беру ұйымының комиссиясына ұсыну;
2.4.25 келесі жағдайларда қайта бөлу үшін білім беру ұйымының комиссиясына жүгіну қажет:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентура, магистратура немесе докторантураға түспеу;
- мерзімді әскери қызметті өткерудің аяқталуы;
- жұмыс берушіні тарату немесе қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту негіздері бойынша жұмыстан босату;
- жұмыс берушінің бөлу орны бойынша бос жұмыс орнын сақтамауы;
- бірнеше жас мамандарды бір бос орынға жіберу кезінде жұмыс берушінің бос жұмыс орнын сақтамауы;
- бейіні бойынша доктор әңгімелесуге жіберілмеуі немесе бос мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурстық іріктеуден өтпеуі;
- бөлу орны бойынша белгіленген мерзімде дәлелді себептер бойынша келмеу (жас маманның немесе жақын туыстарының науқастануы, некеге тұруы және тұрғылықты жерін ауыстыруы, еңбекпен өтеу орнына уақтылы келуіне кедергі болған өзге де отбасылық және форс-мажорлық жағдайлар);
- дәлелді себептер бойынша бастапқы бөлу орны бойынша толық мерзімді өтемеу, оның ішінде уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру (уақытша бос мемлекеттік лауазымға орналастыруды қоса алғанда) немесе некеге тұру және осыған байланысты тұрғылықты жерін ауыстыру үшін жұмысқа қабылдау кезінде негізгі жұмыскердің жұмысқа шығуына байланысты жұмыстан босату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет