Заман талабы



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі338 Kb.
#7779

УДК 

811.512 .122 

 

ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІ МЕҢГЕРУ –

 

ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

 

Қайыпбаева А.



  - 

ф.ғ.к., тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті



А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

 

 

Бұл  мақалада  сөйленер  сөздің  тақырыбы  мен  мақсатына  назар  аударылған.  Теориялық 

мәселелер іріктелген. Алдын

-

ала жұмыс жоспарын, басты тезисті құру керек екеніне тоқталған. 

Айғақтарды  іріктеу  керек  екені  түсіндірілген.  Сөйленер  сөз  мәтінімен  жұмыс  жүргізу,  мәтінді 

редакциялау, әр халықтың шешендік өнерінің ерекшеліктеріне тоқталған.

 

Шешендік тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс екені қарастырылған. Шешендік 

өнердің  тарихына  көз  жіберсек,  шешендік  әсіресе  тәуелсіздік  жолындағы  күресте  өте

-

мөте 

белсенді қызмет атқарғанын көрсеткен. Бұл мақалада шешендік сөздің сипатына қарай, яғни, нені 

айту,  қайда  айту,  қалай  айту  талаптарына  орай,  шешендік  өнер  тіл  мәдениетін  көтеретін 

шарттардың бастысына айналғаны баяндалған.

 

Аталмыш    мақалада  шешендік  сөздердің  мән

-

мағынасы  ашылып,  жас  ұрпақтың  бойына 

атадан қалған асыл сөздерді

 

жеткізу деген мақсат көзделеді.

  

Сонымен бірге, автор шешендік өнердің шығу тарихы ежелгі Грек және Рим елдерімен тығыз 

байланысты екенін назардан тыс қалдырмаған



Негізгі  ұғымдар:  шешендік  ой,  негіз,  таным,  бағыт,  шешендік  тарихы,  дәлел,  мысал, 

ерекшелік

. 

 

ИЗУЧЕНИЕ ОРАТОРСКОГО ИСКУССТВА –



 

ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ

 

 

.Кайыпбаева  А





 

к.ф.н..  доцент  кафедры  теории  языка  и  литературы,  Костанайский 

государственный университет имени А.Байтурсынова

 

 

Данная  статья  обращает  внимание  на  тему  и  цели  ораторских  искусства.  Рассмотрены 

главные  теоритические  вопросы.  Установлен  предварительный  план  работы  и  необходимость 

создания  основных  тезисов.  Объяснена  необходимость  в  рассмотрении  доказательств.  

Обращено  внимание    на  работу  с  ораторским  текстом  и  его  редактирование,    а  также  на 

особенности ораторского искусства разных стран.

 

Ораторское  исскуство  исследовано  не  только  как  исторические,  а  еще  и  общественное 

явление. Если обратиться к истории ораторского искусства, то можно заметить его значимую 

роль  в  борьбе  за  независимость

   

В  этой  статье  указаны  виды  ораторского  искусства:  в 

зависимости  от  того,    что  говорить,  где  говорить,  как  говорить 



оно  является  одним  из 

главных условий развития языковой культуры.

 

Целью  данной  статьи  является  раскрытие  содержания  ораторского  слова  и    воспитание 

молодого поколения  на  мудрых идеях предков.

 

Наряду  с  этим,  автор  не  оставил  без  внимания  тот  факт,  что  история  создания 

ораторского искусства тесно связана с древней Грецией и Римом.

 

Ключевые  слова:  ораторская  мысль,  основа,  познание,  направление,  история  ораторского 

искусства, доказательство, пример, особенность.

 

 

THE STUDY OF ORATORY - A REQUIREMENT OF TIME 

 

A.Kajypbaeva  -  associate  professor  of  theory  of  language  and  literature,  candidate  of  philology  

sciences, Kostanay State University named after A.Baitursynov 

 

This  article  draws  attention  to  the  subject  and  purpose  of  oratory.  Highlighting  the  main  issues  in 

theory. Established a preliminary work plan and the need for major points. Explain the need to consider the 

evidence.  Attention  is  paid  to  work  with  oratorical  text  and  edit  it  as  well  as  the  peculiarities  of  oratory 

different countries. 

Oratory Art studied not only as a historical, but also a social phenomenon. If you look at the history of 

oratory,  we  can  see  its  role  in  the  struggle  for  independence  in  this  article  indicates  the  types  of  oratory: 

Depending on what to say, where to say, how to say - it is one of the main conditions for the development of 

language culture. 

The  purpose  of    this  article  is  by  wise  ideas  of  ancestors  to  uncover  orotorial  art  and  teach  young 

generation. 

Along  with  this,  the  author  designated    the  fact  that  the  history  of  oratory  closely  associated  with 

ancient Greece and Rome. 

Key words: oratorical idea foundation, knowledge, direction, history of oratory, proof example feature 

 

ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІ МЕҢГЕРУ –

 

ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамның шығуымен, дамуымен байланысты екенін 

қазақ  шешендік  өнерінің  тарихы  растайды.  Қазақ  рулары  мен  ұлыстары  пайда  болғаннан  бері

-

ақ  өз 



замандастарына  озат  ойлы,  шебер  тілді  адамдар  болғаны  күдік  туғызбайды.  Алайда,  шешендік 

өнердің шығып қалыптасуы қоғамның белгілі бір даму сатысымен, шешендердің шығуымен,олардың

 

сөздерімен



 

межеленеді.

 

Шешендік сөз тарихын еске алсақ,ХІІ



-

ХІІІ ғасырлардағы Майқы би, Аяз би,ХІY

 

Х

Y



ғасырлардағы 

Жиренше  шешен,Асан  қайғыХY

ХYІІІ  ғасырлардағы



 

Шалкиіз,


 

Бұқар,Шортанбай,

 

Дулат,


 

Төле,


 

Қазыбек,


 

Әйтекелерді

 

сөз қылу парыз



Бөлтірік 

шешеннің 

«Сөзден 


ащы 

нәрсе 


жоқ.Сөзіңді 

тіліңе 


билетпе,ақылыңа 

билет,ақылыңды,сөзіңді  ақылсызға  қор  етпе,ақылдыға  айт,кімге  қай  жерде,қай  кезде,қалай 

сөйлейтініңді  біл»деп  толғайды.

 

Осы  дәйек  сөзді  негіз  ете  отырып,салт



-

дәстүріміздегі  шешендік 

сөздердің  мән

-

мағынасын  ашып,



 

жас


 

ұрпақтың  бойына  атадан  қалған  асыл  сөздерді,яғни  ұлттық 

тәлім

-

тәрбиенің  қағидаларын  сіңіру



-

бүгінгі  күннің  парызы.

             

Осы  тұрғыдан  алғанда

 

біз  қазақтың 



шешендік  өнерін  тарихта,  тарихи  аңыздарда  есімдері,  сөздері  сақталған  Майқы  би  мен  Аяз  биден 

бастаймыз.

 

Майқы  би 



өмірде  болған  тарихи  адам,  Шыңғыс  ханға  кеңесші  болған,  бытыраңқы  қазақ 

руларынан ел құрап, Алаша ханды бас қылып, қазақтың алғашқы хандығын құрған, қазақ рулары мн 

ұлыстарының таңбаларын тасқа қашатып, ұрандарын белгілеп берген қоғам қайраткері.Сонымен бірге 

ол артына аталы сөзі қалған өз заманының айтулы шешені болған.

 

Неше ғасыр бойы халық жадында 



сақталған және Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы –

 

Майқы би» дейтін 



нақыл  да  оны  қазақ  шешендерінің  басы,  халық  шешендік  сөздерінің  атасы  деуге  дәлел  бола 

алады.


[1,31] 

Шешендік әдеп пен мәдениетіне материалды меңгеруі, тіл сауаттылығы, сөздік қор, ой жүйесі, 

дәлелдігі  жатады.  Сонымен  қатар  әр  шешен  адам  өзін

-

өзі  ұстай  білуі  керек.  Оған  шешеннің  табиғи 



шынайылығы, сөйлеу техникасы, аудиториямен қарым

-

қатынасы жатады.



 

Ал  шешендік  келбетке  киім  кию  мәдениеті,  жүріс

-

тұрысы,  бет



-

әлпеттік 

-

өзгерістері,қимыл



-

қозғалысы

 

жатады


 [2, 11]. 

Бөлтірік шешен

 

«Сөзден тәтті нәрсе жоқ,сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,ақылыңа 



билет.Ақылыңды,сөзіңді  ақылсызға  қор  етпе,  ақылдыға  айт,кімге,қай  жерде,қай  кезде,қалай 

сөйлейтініңді біл»

-

деп толғайды.Шешендер  ердің құнын екі ауыз



 

сөзбен бітіретін, жаулап алған елдің 

арасына  бітім  айтатын,күлгенді  жылатып,жылағанды  жұбата  алатын даналық

 

сөздер  иесі.



 

Шешендік 

өнер  көрген

-

білгенді  көкейге  тоқып,көп  үйреніп,



 

ізденудің

 

арқасында,  талай  айтыс



-

тартысқа  түсіп,

 

жалықпай  жаттығу  арқылы  жетілетін  өнер.



 

Шешендік  сөздер  түрлеріне  бата  берудегі  шешендік 

сөз,қайғы

-

қазаға  байланысты  туған  шешендік  сөздер,шешендік  парасат,шешендік  сын,шешендік 



нақыл.,

 

шешендік  ақыл,шешендік  өсиет,шешендік



 

өсиет,


 

шешендік  жұмбақ,

 

шешендік  дау.  [



3,21]  

         

Асылы,  қазақ  ауыз  әдебиетінде«шешен»деген  атау  Жиреншеден  басталады,  сірә,  бұл  ұғымды 

оған дейін «би» деген атау атқарып келсе керек. «Би» мен «шешен» деген атаулар күні кешеге дейін 

қатар қолданылып, кейде бірін

-

бірі ауыстырып келгені кездейсоқ емес.



 

Белгілі  бір  мәселені  талқылағанда,  бастапқы  оймен,  шебер  тілмен  ауызша  айтқан  мазмұнды, 

көркем пікірін шешендік сөз дейді.

 

Белгілі бір мәселені талқылау кезінде ауызекі сөзі мен тыңдаушыларды аузына қаратып, сөзіне 



тарта білетін терең ойлы, шебер тілді адамды шешен дейді.

 

Бұрынғы  қазақ  шешендерінің  бір  ерекшелігі  –



 

олар  сөздерін  жазып  дайындамаған,  сөздері 

қағазда  емес,  халық  жадында  сақталған,  ауызша  тарап  әлденеше  кісінің,  ұрпақтың  өңдеуінен

 

өтіп,



 

қысқарған,  ұстарған,  бейнеленіңкіреп  айтқанда  «Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні» 

дәні  қалған, 



сөйтіп, бүкіл халықтық мұраға айналған.

 

Шешендік  тек  тарихи  құбылыс  қана  емес,  қоғамдық  құбылыс.  Түрлі  тарихи  қиын  кезеңдерде 



шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, шешендік әсіресе тәуелсіздік 

жолындағы күресте өте

-

мөте белсенді қызмет атқарады. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын 



қозғаса  да,  түбі  елдікке,  бірлікке,  теңдікке  барып  тірелді.  Сондықтан  да  әйгілі  шешендердің  тайпа 

көсемдері,  ханға  кеңесші  билер,  қол  бастағана  батырлар  болуы  тегін  емес  еді.  Немесе  біз  білетін 

шешендердің  әрі  би,  әрі  қолбасшы,  әрі  батыр,  әрі  жырау

-

философ  болуы  да  осы  ұлы  мұраттан 



туындағаны  белгілі.  Кейін  қоғамдық

-

әлеуметтік  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты,  идеология  да 



өзгерді: бұрынғыдай халық жиналыстарында саяси

-

әлеуметтік тақырыптарда пікірталасы немесе үгіт



-

насихат  сөздері  кеңінен  жүзеге  аспады,  қоғам  мүшелерінің  саяси  белсенділігі  төмендеді.  Енді 

шешендер  мен  шешендік  сөздердің,  шаршы  топтың  сипаты  өзгерді:  шешендер  білім

-

ғылым,  оқу



-

ағарту,  тәлім

-

тәрбие,  мәдениет



-

өнер  тақырыптарын  қозғаған  көркем  сөз  иелері  –

 

ақындар  мен 



жазушылар,  ғалымдар,  журналистер  болса,  тыңдаушы  топ  –

 

білім



-

ғылым,  оқу

-

ағарту,  мәдениет 



саласындағы  көпшілік.  Кейінгі  қоғамда  шешендік  өнердің  көрінетін  орындары  –

 

жоғарыдағы 



тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, симпозиум, семинар, диспуттар еді. Шешендік 

сөздің сипатына қарай

,

яғни



нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл 

мәдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды.

 

Жалпы  алғанда  шешендік



 

сөз 


 

немесе 


 

шешендік  өнер



   -   

ежелгі  Грекия

 

мен


 

Рим


 

заманынан 

бермен  қарай  көптеген  халықтардың  мәдени,  рухани,  өмір  тіршілігіндегі  өнердің  бір  түрі

 

екендігі 



белгілі

Грек



 

шешенд


i

к

 



өнер

i

н



i

ң

 



иг

әсер



арқасында

 

көне


 

Римде


 

де

 



бұл

 

өнер



 

дами


 

бастады


Б

i



зд

i

ң



 

дәу


i

р

i



м

i

зге



 

дей


i

нг

i  III 



ғасыр

 

Рим



 

мен


 

Грек


 

елдер


i

нде


 

эллинд


i

к

 



дәу

i

р



 

деп


 

аталып


әдеби


-

мәдени


 

құндылықтардың

 

алмасуымен



 

сипатталады

Бұл


 

сипат


 

шешенд


i

к

 



өнерге

 

де



 

т

i



келей

 

қатысты



Байырғы


 

салалары


бейнелі


 

сөз


шешендік


 

сын


шешендік


 

өсиет


шешендік


 

нақыл


шешендік


 

дау


шешендік


 

толғау


Әрқайсының

 

әсерлі


 

өңі


сұлулығы


татымдығы

дуалылығы



зерделігі

 

адам


 

ой

 



жүйесіне

жан



-

дүниесіне

сезіміне


 

мықты


 

қозғау


 

салады


жүрек


 

тебірентеді

Тыңдаушының



 

еркі


 

мен


 

сезімін


 

билейді


толғандырады

[4,87]. 

Шешендік


 

сөздер


 

ағып


 

тұрған


 

поэзия


тұнып


 

тұрған


 

философия

Ақ

 



өлеңмен

 

өрілген



 

сөз


 

тұнығы


сырлы


 

теңеу


астарлы


 

сын


жинақы


 

ой



жұмбақты

 

меңзеу



қисынды


 

толғам


тылсымды


 

талай


Бәрі


 

тіл


 

құдіретінің

пікір


 

түйінділігінің

таңғажайып



 

ой

 



толғағының

 

әмбебап



 

туындысы


Өмірдің  барлық  белестерінде,  мейлі  ол  баланың  немесе  дананың  сөзі  болсын,  болмаса 

күнделікті өмірдің мамыражай тұрмысындағы сәттерден бастап философиялық немесе филологиялық 

тұрғыда болсын бейнелеуде әрбір халықтың тілі өзінше орамды.

 

Қазақ  тілінің  жетістігі 



өзге  халықтардың  тілдерінің  жетістігіндей  бүкіл  адамзатқа  ортақ  мән

-

мазмұндық байлықтың бір бөлігі. Әлем халықтарының бір де бірінің сөздігінде ұшыраспайтын, тек қана 



қазақ  тілінің  мүмкіндіктері  арқылы  нақтылы  құбылыстарды  танып

-

білуге  болатын    шешендік  сөздер 



бар. Жалпы қазақ  шешендік өнерін дамыту дегеніміз гуманитарлық тұрғыдағы қуатты қаруды шыңдау, 

қоршаған ортаны бағалаудың бір құралын жетілдіру деген сөз.

 

Халықтың  шешендік  өнері  оның  мәдени



-

әлеуметтік  дамуын  және  тұлғалық  белсенділігін 

айшықтайтын  деңгей.  Шешендігімен  халық  шындыққа  жол  ашты,  басын  біріктірді,  өзін  танытты. 

Шешендік –

 

адамның бірін



-

бірі түсіну, түзету және құрметтеу амал

-

әрекеті. Шешендік өнер –



 

адамның 


тұлғалық  бейнесін  және халықтық  даналығын  айқындайтын  өлшем. Шешендіктің  тәсілін,  тәжірибесін 

және ережесін игеру –

 

ұлттық дәстүрді жалғастыру және өркениеттілікті өрбіту.



 

Халықтың  шешендік  өнері  оның  мәдени

-

әлеуметтік  дамуын  және  тұлғалық  белсенділігін 



айшықтайтын  деңгей.  Шешендігімен  халық  шындыққа  жол  ашты,  басын  біріктірді,  өзін  танытты. 

Шешендік –

 

адамның бірін



-

бірі түсіну, түзету және құрметтеу амал

-

әрекеті. Шешендік өнер –



 

адамның 


тұлғалық  бейнесін  және халықтық  даналығын  айқындайтын  өлшем. Шешендіктің  тәсілін,  тәжірибесін 

және ережесін игеру –

 

ұлттық дәстүрді жалғастыру және өркениеттілікті өрбіту.Осы тұрғыда шешендік 



өнерді игерту мәселелеріне тоқтала кетсек,артық емес.Шешендік өнерді дамыту  

-

білім алушыларды 



тілдік  тұлғаларды  дұрыс  қолданып,  ойын  басқа  адамға  толық  жеткізуге  дағдыландыру,  басқа 

адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда шешендік өнерді дамыту –

 

қазақ тілінде 



білім  алушылардың

-

қатынас  құралына  айналдыру.  Бұл  жалпы  тіл  үйрету  мақсатымен  толық  сай 



келеді.  Сөйлемді  мәнерлі,мәнді,мағыналы,сырлы,жұмбақты    құрау  арқылы  ойын  басқаға  жеткізу, 

басқадан да сондай мағынасы терең жауап алу шешендік өнерді дамытуға жатады. Сөйтіп тіл дамыту 

 

мағынасы, көлемі кең ұғым.



 

Адам  ойын  ауызша,  не  жазбаша  түрде  жеткізеді.  Сондықтан  білім  алушы  тілін  дамыту  екі 

бағытта  жүргізіледі:  ауызша  және  жазбаша.  Жалпы  алғанда  шешендік  өнерді  оқытуға  бұл  екі  бағыт 

қатар  байланыста  жүргізіледі.  Бірақ  шешендік  өнерді  оқытудың  ең  алғашқы  кезеңінде  ауызша  тіл 

дамыту басымырақ болады. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамытуға негіз болады.

 

Адамның  сөйлеуінде  қолданылатын  тілдік  нұсқалар  дыбыс,  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем, 



сөйлемдердің тіркесі. Бұлар шешендік өнерді оқытудағы негізгі мәселелер. Ауызша сөйлеу тілінің бұл 

 



негізгі мәселесі.

 

Шешендік  сөздегі  суырып  салушылық  өнері



шешендіктанумен  айналысушы  әр  біреудің 

ұмтылар биігі. Кез келген аудитория алдында өзін еркін сезінуге үйрену, шаршы топ алдында ойлана 

білуге  үйрену  –оп

-

оңай    міндет  емес.  Оны  тек  қана  өзіңмен  жүргізілген  қажырлы  еңбек  арқылы 



шешуге,  жеңуге  болады.  «Шешендіктану  негіздері»  курсының  сабақтарында  осындай  жұмыстың 

дағдылары берілуі тиіс.

 

Бұл,  алғашқы  ретте,  шешендіктану  ең  басында  «адамға  тән  қасиеттерді»зерттеуге 



бағытталуына байланысты.Жалпы адамдық тұлғаны, адамның өзін

-

өзі тануын зерттеу –



 

сөйлеу өнерін 

меңгергісі  келетін  кез  келген  адамның  шешімін  табуға  тырысу  үшін  айналысар  алғашқы  кездегі 

міндеттері.

 

Қазір шешендік сөз енді өлең түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды.



 

 

Әдебиеттер



1. 


Қ.О.Жұбаниязова.

 

Шешендік сөздерді оқыту. Тіл және әдебиет. 40



-

41б.2013ж.

 

№5№


 

2. 


Қазақ және әлем әдебиеті №3, 2014ж 31 бет.

 

3. 



Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері мен тілдік танымы. –

 

Алматы; «Ғылым» 2005



 - 

296 б.


 

4. Лотман Ю.М. Анализ поэтического текста. Москва, 1979 –

 

с. 80№


 

References: 

1. K.O Zhubaniyazova. Sheshendyk sozderdy okytu. Tyl zhane adebiet. 40-41b. 2013zh.  

№5

 

2. Kazakh zhane alem adebiety 



№3

, 2014zh. 31 bet. 

3. Kosymova G. Kazakh Sheshendyk onerynyn negizdery men tyldyk tanymy. 

 



Almaty; “Gylym” 

2005 


- 296 b. 

4. Lotman U.M. Analiz poeticheskogo teksta. Moskva, 1979 

 s. 80


 

 



Сведения об авторе

 

Кайыпбаева  А.

 



 

доцент  кафедры  теории  языка  и  литературы,  кандидат  филологических 

наук, Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова, г. Костанай. 5 мкр, 16 

дом, 5 кв, тел: 87059623848,

 e-mail:  

KaypAigamal@mail.ru

. 

 

Kajypbaeva  A.  -  associate  professor  of  theory  of  language  and  literature,  candidate  of  philology  

sciences,  Kostanay  State  University  named  after  A.Baitursynov,  Kostanay,  5  microdistrict  16/5,    phone 

87059623848, e-mail:  

KaypAigamal@mail.ru

. 

 

Қайыпбаева

 

А.

  - 

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті  Тіл  және 

әдебиет теориясы кафедрасының доценті ф.ғ.к.,  Қостанай қаласы, 5 шағынаудан, 16 үй, 5 пәтер, 

тел: 87059623848,

 e-mail:  

KaypAigamal@mail.ru

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет