Жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі
Өзін-өзі тәрбиелеу
Тәрбиелеу
Қайта тәрбиелеу
Әлеуметтік тапсырыс
Мақсаты, түрлері,әдістері, ұйымдастыру, басқару
Жағдайлар, мүмкіншіліктер
Жеке тұлғаның қалыптасуының басқару, бақылау сипатына ие бөлімінде, адамдар саналы ниетпен жүгінген кезде, үстіртін емес, қойылған мақсаттарға сәйкес алдын-ала белгіленген жоспарлар бойынша әрекет етеді, осы жерде тәрбие көрініс табады.
Тәрбиелеу – бұл арнайы ұйымдастырылған, тәрбиеленушілерге әсер етудің басқарылатын және бақыланатын әрекеті, оның соңғы мақсаты қоғамға қажетті де пайдалы жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады..
Келесі сұлбаны қарастырайық.
Сұлба №2
Өзін-өзі ұстауды қалыптастыру
Өзін өзі ұстау қағидалары мен ережелері туралы білімді меңгеру
Ұстанымдарды қалыптастыру
Сезімдерді қалыптастыру
Бұл құрылым тәрбиелеу үрдісінің басты сатыларын айқындауға негізделген. Бұл сатылардан бірізділікпен өтуге міндетті үрдіс қойылған мақсаттарды сапалы шешуге бағытталған. Берілген құрылым тәрбиелеу үрдісінің бірізділік пен ортақ заңдылықтарын терең түсіну үшін өте маңызды. Білім ұстанымдарға ұласуы қажет. Ұстанымдар – бұл берік, тұрақталған, өмірде жетекшілік қызметін атқаратын нақты өмір көзқарастары принциптеріне негізделген. Мысалы, балалар балабақшаның өзінде-ақ тәрбиешілермен амандасу керкетігін біледі. Неліктен осыны барлық балалар жасамайды? Өйткені ондай ұстанымдары жоқ. Демек тәрбие бірінші - білім сатысында қалып қойды, келесі – ұстаным сатысына жетпей қалды. Және де тағы бір маңызды құрауыш – сезімдердің қалыптасуы. Сезімдерді өршіте және оларға сүйене отырып, тәрбиешілер талап етілетін ережелер мен қағидаларды дұрыс және жылдам қабылдатуға жетіседі Қорытындылай келе, бүкіл үрдісті енгізетін, жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының қалыптасуы – бұл ережеге айналатын өзін-өзі ұстау дағдыларының тұрақтылығын орнату. Жалпы айтқанда педагогикалық ғылымдағы жағдай осындай.
Соған орай педагогтардың балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен басқа уақытты ұйымдастыру сапасын тексеру мақсатында төмендегі сараптама карталарын ұсынамын. Онда балалардың іс-әрекеттерді орындау дағдыларын бақылай отырып, педагогтың тәрбиелеу мен оқыту үрдісін ұйыдастыру қабілеттіліктерінің деңгейін бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |