Зар заман ақындарының философиялық дүниетанымы Тәжірибелік жұмыс 8 Дайындаған



Дата25.11.2023
өлшемі8,18 Kb.
#126480
түріҚұрамы

Зар заман ақындарының философиялық дүниетанымы Тәжірибелік жұмыс 8 Дайындаған

Зар заман ақындарының философиялық дүниетанымы

Тәжірибелік жұмыс 8

Дайындаған: Абатов Ернар,
Булекбаева Гулсая,
Қартмағанбет Зауре
Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.
Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патша үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.
Зар Заман философиясы


Шортанбай Қанайұлы

  • Ақынның философиялық толғауларының бірі «Зар заман» деп аталады.

  • Шортанбай ақын үлкен адамгершілік мәселесін де жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қорғаныстан өзіміздің тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны бұзбауға әрекет жасайды.

  • Шортанбай ақын қоғамдық санада болып жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды қазақ қауымының жаңа тұрмыс - салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, олардың куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ мақсат мүддесін қорғады.

Мынау ақыр заманда


Алуан-алуан жан шықты
Қайырымы жоқ бай шықты.
Адам, араз хан шықты
Сауып ішер сүтi жоқ
Мiнiп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты
Кедей қайтіп күн көрер? -
Сол себепті қорқамын!
Зар заман атты толғауында
Заман ақыр кезінде -
Ұл сыйламас атасын.
Қыз сыйламас енесін,
Ер жеттім деп егесіп


Мұрат Мөңкеұлы
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған.
Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Дұға де Мәкен, Сыйғыт, Шеруенге, 
Тойсойған, адыра қалғыр, ит Қарабау,
Ат мініп, киім киген жерім еді. 
Есіме Беріш жігіті түсіп кетсе,
Көзіме қай-қайдағым көрінеді...
Мен қауіп еткеннен айтамын:
Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
«Еліне жазғаны» деген хат түріндегі өлеңінде
“Үш қиян” өлеңінде:

Дулат Бабатайұлы
Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады.
Біздің заманымызға дейін ол кісінің өмірі жайлы жазу-сызу болмағандықтан деректер мүлде аз сақталған.
Дулат – қазақ халқының бұрыннан қалаптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті.
Қазақтан шыққан әкімдердің ұнаисыз қылықтарын ақын жалпылама аты- жөнсіз ғана сипаттама қоймайды. Дулат оңдай әкімдердің мінін бетпе –бет, көп адамның алдында айтады.
Оның «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ақтанға» деген арнау өлеңдері соондай шығармалары болып табылады.


  • Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады

  • Патша үкіметінің отарлау саясатын,билік басшыларының әділетсіздігін айтады.

«Сауыр жерден айрылып,


Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы -
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды...»
«Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса.
Сөз - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз қылып баттаса...»



  • ақындықтың өзіндік ерекшеліктерін сынға алады.


Видео

https://youtu.be/TripDKLLF6Q

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет