«Зар заман» әдебиеті Зәки Ахметов зерттеулерінде
С.М.Дүйсенғазин,
ф.ғ .к., доцент
Қазақстан, Астана
Зәки Ахметов –қазақ ӛлең сӛзінің теориясын, нақтырақ айтқанда қазақ халқына тән ӛлең
тілі мен ӛлең құрылысының ерекшеліктерін сӛз ӛнерінің даму кезеңдерімен, ғ асырлар бойы
қалыптасқан әдеби-тарихи үдеріспен, оның ішінде ұлт поэзиясының шыңы Абай Құнанбаев
шығ армаларымен тығ ыз байланыста зерттеген ғ алым. Оның зерттеулерінде қазақ ӛлең
құрылысының қалыптасуы, дамуы, шыңдалып-жетілуі, байып-толысуы сараланып, поэзиядағ ы
кӛркем түр, тіл, ӛлең ӛрнегі бір-бірінен бӛлек қаралмай, ӛзара сабақтастығ ы тұтас зерделеніп,
шығ арманың мазмұнын ашудағ ы қызметін анықтау тұрғ ысынан терең талданады. Ғалым халық
поэзиясындағ ы ӛлең ӛрнектерін, сӛз кестесін саралаумен бірге жазба әдебиеттегі де тың
ізденістерді назардан тыс қалдырмайды. Қазақ әдебиеті ХХ ғ асырдың бас кезіне дейін ӛлең
түрінде ӛркендегенін ескере отырып, жазба әдебиеттегі жаңа кӛркемдік тәсілдердің, бүгінгі
әдебиеттегі ұлттық дәстүрдің алдымен поэзияда пайда болғ анын айтады.
Зәки Ахметов Абайдың ақындық тұлғ асы мен суреткерлік шеберлігін зерттеу кезінде ХҮ-
ХҮІІ ғ асырлардағ ы жыраулар поэзиясына, әсіресе ХҮІІІ-ХІХ ғ асырлардағ ы жүздеген қазақ
ақындарының жеке тұлғ асына, ӛзіндік қолтаңбасы мен ақындық стиліне үңіледі. «Бұл –жалпы
халықтың шығ армашылығ ы мағ ынасында ұғ ылатын фольклордан мүлде басқаша, ӛзінің ӛзгеше
сапасы, сипаты, қалпы бар, тарихи ӛсу-ӛзгеру кезеңдері бар әдебиет. Оны ауызша поэзияның
дәстүрімен жалғ ас, тығ ыз байланыста десек те, әдебиет деп қарауымыз керек, бұл –қазақ
әдебиеті тарихында аса бір үлкен, арналы, бірнеше ғ асыр созылып келген әдеби процесс. Осы
тарихи-әдеби процестің бас жағ ында тұрғ ан Шалкиіз, Доспамбет сияқты ондағ ан ақын-
жырауларды қойғ анда, Бұқар, Тәтіқара, Махамбет, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Нармамбет немесе
Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Әсет сияқты әнші-ақындар деп аталып жүрген кӛптеген ақындар –
қазақ әдебиетіндегі ӛз бағ ыты, тақырыптары, стилі, сӛйлеу мәнері бар ірі тұлғ алар. Осындай
ақындар ӛлеңді ауызша шығ арып, ауызшы айтқан деп саналса да, олардың бірталайы хат
танығ ан, оқығ ан, шығ ыс, орыс, еуропа әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғ ан, жазба
әдебиетінің кейбір бейнелік, стилдік ерекшеліктерін ӛзінше игеріп пайдаланғ ан»*1,245+, - деп атап
кӛрсетеді.
Ал «Елдік пен еркіндіктің жаршысы» атты мақаласында: «Абайдың алдындағ ы
ақындардан Дулат, Шортанбай, Мұратты айрықша бӛліп айтуғ а болады. Әрине олармен ғ ана
шектелу мағ ынасында емес. Ірі тұлғ аларды толығ ырақ қамтып айту қиын болғ андықтан және
осы ақындар Абайдың алдындағ ы қазақ әдебиетінің басты бағ ыт-бағ дарын таныта алады
дегендіктен. Сонда Дулат, Шортанбай, Мұратты Абайғ а жақын, тікелей ӛзара жалғ ас заманның,
сол замандағ ы қоғ ам ӛмірінің күрделі қайшылықтарын айқын кӛре білген, әлеуметтік
мәселелерді терең толғ ағ ан ақындар ретінде айтамыз *2,220+, –деп «Зар заман» ақындарына
жоғ ары бағ а береді. Осы ретте, жоғ арыда аталғ ан ақындардың арасынан кӛркемдік тұрғ ыдағ ы
соны ізденістерді қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалағ ан Абайдың алдындағ ы
аралық поэзияны қалыптастырушы «Зар заман» әдебиетінің ӛкілдерінің ішіндегі шоқтығ ы биігі
Дулат Бабатайұлының шығ армашылығ ынан тереңірек қарастырғ анын кӛреміз. Оның ӛзіндік
себебі де бар. Ӛйткені Дулат ақын поэзиясының ӛз замандастарының арасынан классикалық
поэзияғ а біртабан жақын келетіні еліміз тәуелсіздік алғ ан жылдары кӛптеген алдыңғ ы қатарлы
ғ алымдарымыздың зерттеулерінде айтыла бастады. Мәселен, академик Р.Сыздықова: «Дулат –
Абайғ а дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияғ а біртабан жақын келген, еуропа мен
орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп атайтын ӛлең сӛздің біраз белгілерінің қазақтағ ы
бастауын танытқан ақын» *2,205+, - десе, абайтанушы-ғ алым М.Мырзахметов: «Ол Абайғ а дейінгі
ауызша айтылып, импровизаторлық дәстүр негізінде дамып, жалғ астық тауып келген қазақ
поэзиясы мен жаңаша бағ ыт-бағ дармен даму жолына түскен жазбаша әдебиетті ұштастырып,
рухани кӛпірге айналды, әдеби мұрасымен ӛз заманындағ ы саналы ойдың иесіне айналды»
[2,189], - деп жазады.
З.Ахметовтің Дулат ақынның шығ армаларының мазмұндық-жанрлық сипаттары туралы
шәкірті, дулаттанушы-ғ алым Қ.Раевпен бірлесіп жазғ ан «Жырын тыңда, Дулаттың» атты ғ ылыми
талдау мақаласында ақын толғ ауларын мазмұнына, жалпы табиғ атына, болмысына қарай
бірнеше топқа бӛліп қарастырады. Соның ішінде толғ аудың Ахмет Байтұрсынұлының
классификациясы бойынша белгіленген сегіз түрі де кездесетінін айтады. Ақын шығ армаларын
Ахаңша жіктей отырып, сап толғ ау, күліс толғ ау, марқайыс толғ ау, сезім толғ ау, налыс толғ ау,
сұқтаныс толғ ау, намыс толғ ау, ойламалдау түрлері бойынша нақты мысалдармен талдайды.
Кӛңілдің таза күйін шығ ыстық баяндау сипатында жырлайтын сап толғ ау үлгісіне «Жас
кезеңі» мен «Асқар таудың сәні жоқ» толғ ауларын жатқызады. Толғ аудың бұл үлгісінің ақын
шығ армашылығ ында сирек кездесуінің себебін «оның нені айтса да тек баяндап қоймай, ӛзі сол
құбылыстың, әрекеттің ішіне еніп, ыстығ ына күйіп, суығ ына тоңып, ащысы мен тұщысын қатар
сезіп» барып тілге тиек ететінінен іздейді.
Келесі марқайыс толғ ау үлгісіндегі ӛлең қатарына ӛзі туралы толғ анысын жеткізетін
«Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын туындысын атайды. Дулаттың шығ армалары негізінен ӛзі
ӛмір сүрген ортаның кемшілігін сынау, тығ ырықтан елді алып шығ атын жол іздеу, кӛңіл түпкірінде
қордаланғ ан мұң мен шерді, қасірет-қайғ ыны ақтару сипатында болғ андықтан марқайыс
үлгісіндегі ӛлең жоқтың қасы десе де болады. Жоғ арыда аталғ ан толғ ауының ӛзі жалаң мақтан
мен даңғ ойлықтан ада, яғ ни, даңқ пен дақпыртқа бастайтын жолдарды кездестіре алмаймыз.
Ақын қай шығ армасында болсын елдік мұратты, адамгершілік арналарды ӛз жүрегінен ӛткізіп
барып тасқындата тӛгеді. Ғалымның зерттеуінде осы мәселелер жан-жақты сараланып берілген.
Бірінде сынап, бірінде қайрап, бірінде аталық ӛсиет берер намыс толғ ау үлгісіндегі
ӛлеңдерінің басы ретінде «Ақтанғ а» толғ ауы айтылады. Ақын жасынан жетімдіктің қамытын киген
Ақтанды нысанағ а ала отырып, жаугершілік заманда тағ дыр тәлкегіне ұшырағ ан мыңдағ ан
жетімектердің қиыншылығ ын жеңілдеткісі келеді. Жас батырды қиялмен құйрық-жалы таралғ ан,
бауырынан жаранғ ан тұлпарғ а мінгізіп, бес қаруын асынтып ширатып, ширықтырады. Азаптың
ащы дәмін татқан баланы қанаттандырып, айбынын аспандатып, алдағ ы күнге үмітін оятады.
Бірақ бұл шығ армада ӛсиет айту, ақыл айту жоқ. Ал нақыл түріндегі, шешендік толғ ау
сипатындағ ы шығ армаларына «Баласына айтқаны», «Сүлейменге», «Кеңесбайғ а», «Бараққа»
секілді бірнеше жырларын жатқызады. Бұл шығ армаларында заман жақсылықтары мен
кемшіліктерін, адам бойындағ ы мінез-құлықты салыстыра жырлау, шендестіре толғ ау кӛрініс
тапқан. Ақын езгіге түсіп, еңірегенде етегі жасқа толғ ан елдің жай-күйіне назар аударып,
қайғ ылына уата отырып, арасында еңсесі түскен елдің жігері мен намысын да қайрап кетуді
ұмытпайды.
«Дулатты кертартпа ақын еді деп, ӛлең жырларынан кемшілік табуғ а мәжбүр болғ андар
да оның поэзиясында зарығ у, торығ у күшті, ел басына түскен ауыртпалықты асырып айтқан
дегенді алғ а тартса да, ақындық шеберлігіне шек келтіре алғ ан жоқ. Дулат қазақтың маңдай алды
ақындарының бірі екенін сӛз танитын адам жоққа шығ ара алмайтыны талассыз еді. Абайдың
алдындағ ы ақындардың ішінде Дулат пен Махамбетке иықтас келетіні ӛте сирек», –дейді
З.Ахметов ӛзінің «Елдік пен ерлік жаршысы» атты мақаласында*2,219+.
Дулаттың Махамбетпен үндесетін бір тұсы ретінде сӛгіс, күліс сипатында келетін
толғ ауларындағ ы атқамінерлердің мінін бетке айтып, қайсарлық танытатынын атап кӛрсетеді.
«Үгітінен – ұрсуы, ескертуінен – ұялтуы күштірек», - дейді. Дулат ақын ел билеушілерін сынағ анда
олардың қара халыққа қарайласуын, парақорлық құлқынын тазартуды, жағ ымпаздық ойын
түзетуді кӛздейді. Ӛзімен ағ айындас, аталас бек пен билердің бойына сіңген мақтангӛйшілікті,
жатып ішер жалмауыздықты, қарыны тоқ қайғ ысыздықты, тоңмойын топастықты, қамсыз-
қарекетсіздікті, шен мен шекпенге сатылғ ыштықты сын садағ ына алады. Ақын шығ армаларында
адам бойындағ ы ұнамсыз қылықтарды айта отырып, адамгершілік, ізгілік, адалдық, бірлік,
шындық, тазалық, т.б. сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлықтайды. Кері кеткен елді
кемелдікке шақырады. Абай айтқан «атаның баласы емес, адамның баласы болуғ а» үндейді.
З.Ахметов жоғ арыда аталғ ан «Жырын тыңда, Дулаттың» атты мақаласында Дулатты алғ аш
мысал үлгісінде ӛлең жазғ ан ақын ретінде атайды. Мысал жазу кезінде ақынның қазақ
фольклорында хайуанаттар туралы ертегілердегі қоғ амдағ ы жағ ымсыз құбылыстарды мегзей
отырып, ел билеушілеріне ӛз тілегін жанамалай жеткізу әдісін пайдаланғ анын атап кӛрсетеді.
Оның мысалдарында сатиралық сипат басым екендігін дәлелдейді. Қазақ сатирасын зерттеген
ғ алым Т.Қожакеевтің«Дулат –сатирик» атты мақаласындағ ы: «Дулат ақын елге үлгі, ӛнеге беру,
ақыл айту ниетімен үш-тӛрт мысал жазғ ан. Оларда автор ӛтірікшілікті, мақтаншақтықты, арамдық,
құлық-сұмдықты, дүниеқорлықты мысқылдайды. Бұл ой-идеяларды айқын жеткізу үшін ақын
мысалдарын түсінікті, қызықты сюжеттерге құрады» *2,250+, - деген пікірін басшылыққа ала
отырып, ақынның әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге арналғ ан мысалдарын талдайды.
Мәселен, «Сары шымшық» мысалындағ ы әлін білмей әлекке түскен мақтаншақ, ӛтірікші
шымшықтың қаршығ адан қорықпаймын деп досына мақтанғ анын, ақыры балалардың тұзағ ына
түсіп ажал құшқанын, «Қара қарғ а» мысалындағ ы қарғ аның ӛлген үйректің етін тауып алып,
ұядағ ы балаларына беріп тұрып ӛзі қалай аулағ аны жайлы ӛтірік мақтанғ анын, ақыры сауысқан
келіп жемтігін жоғ алтқан қаршығ адан тапсырма алып келгенін айтып қарғ аны қалай
құстырғ анын ақынның адам бойындағ ы жағ ымсыз мінездермен астастыра шеберлікпен
жырлағ анын саралап кӛрсетеді. Сӛзінің құрбаны болғ ан шымшықтың, ӛзінен зор ӛтірікші
сауысқанның жемі болғ ан қарғ аның мүшкіл халін ащы мысқылмен жырлай білген ақынның
мысал ӛлең жазудағ ы биігін әділ белгілейді.
Дулат Бабатайұлы шығ армашылығ ында аңызғ а құрылғ ан мысалдар да бар.
АкадемикЗ.Ахметов осы бағ ытта жазылғ ан мысалдарын да талдағ ан. Соның бірі «Бір патша»
деген атпен жарияланғ ан балладасы. Бұл шығ армада ақын дүниеқоңыздықты, тойымсыздықты
бойына сіңірген нәпсіқұмар, сараң патшаның кӛрсеқызар қылығ ын, ақыры сол мінезінің ӛзінің
ажалына себепкер болғ анын ащы әжуамен әшкерелейді.
Ақынның тағ ы бір аңыз желісінде жазылғ ан шығ армасы «Шаштараз» ӛлеңі. Туынды
Ескендір Зұлқарнайынның басындағ ы мүйізі туралы ел арасында тарағ ан аңыздың негізінде
жазылғ ан. Кӛргені ішіне сыймағ ан шаштараздың суғ а басын тығ ып айтса да самал желдің іліп
әкетіп елге таратқаны, ақыры бейбақтың ажал құшқаны әсерлі бейнеленген. Бұл жердегі қамыс-
құрақ та, самал жел де ӛсектің ұшқындауына себеп болатыны жайлы айтылады. З.Ахметов
ақынның жел жайындағ ы толғ аныстарын кейінгі толқынғ а үлгі болғ ан шығ армашылық
жаңалықтың белгісі деп бағ алайды.
Д.Бабатайұлының таңдамалы шығ армалар жинағ ын баспағ а дайындау кезінде З.Ахметов
ақынның шығ армашылығ ына бастан-аяқ таным талқысына салғ ан. Дулаттың шоқтығ ы биік
туындыларының қатарында тұратын «Еспембет» дастанына: «Жыр үлгісінде жазылғ ан бұл дастан
ойдан қосылғ ан әсіреқызыл бояулардан аулақ, шынайы ӛмірге барынша жақын, қазақ
даласындағ ы қанқұйлы соғ ыстың, ерлікке толы күрестің бір үзік шежіресі»*2,20+, - деген үлкен
бағ а береді.
Академик-ғ алым Абайдың «Біреудің кісі ӛлсе, қаралы ол» деп аталатын ӛлеңіндегі қазіргі
кӛптеген зерттеушілерді пікір қайшылығ ына жетелеп жүрген:
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Ӛлеңі бірі – жамау, бірі – құрау.
Әттең, дүние-ай, сӛз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ кӛрінеу тұр-ау, -
деген шумағ ына ӛзіндік пайым биігінен былайша пікірін білдіреді: « Бұқар, Дулат, Шортанбайды
бай-феодалдардың санашылы болғ ан кертартпа ақындар деп қарағ ан біржақты, жаңсақ кӛзқарас
орын алғ ан жылдарда Абайдың осы сӛздерінде ол ақындарды түгелдей жоққа шығ ару бар деп
түсіндіруге ұмтылу бой кӛрсетті. Ал шынында, Абай ӛзі атағ ан ақындарғ а идеологиялық тұрғ ыдан
бағ а берді деп санауғ а еш негіз жоқ. Ендеше Абайдың сыны оларғ а поэзияда қолданылғ ан әдіс-
тәсілдерге, нақтылап айтсақ, ӛлең-жырларда бұрыннан қалыптасқан нақыл сӛздерді, дайын сӛз
үлгілерін жиі қолданушылыққа қатысты болса керек. Жамау, құрау деп отырғ аны осы мағ ынада
айтылғ ан деп түсіну қисынды. Сондықтан Абайдың ӛзін осы ақындарғ а мүлде қарама-қарсы
қойып бағ алауда да ешқандай негіз жоқ. Абайдың анау-мынау ақындармен ӛнер ӛлшеспейтіні
айқын емес пе?»*2,221+.
Жалпы, Дулат Бабатайұлы шығ армаларын зерттеуші ғ алымдардың кӛпшілігі оны Абаймен
үндестігін, ұлы ақын үлгі алғ ан рухани ұстаздығ ы болғ анын айтады. Бұғ ан келіспейтін
әдебиетшілер де бар. Дегенмен М.Әуезов 1942 жылы жарық кӛрген «Абай» романында Дулатты
жас Абайғ а әсер еткен үлкен ақын ретінде суреттейді. З.Ахметов кемеңгер жазушының эпопеяда
Дулат (кейіннен Барлас образына ауыстырылғ ан) образын жайдан-жай ала салмағ анын тілге тиек
етеді. «Сан салалы бұлақтар, ӛзендер бір жерге келіп құйылмаса, Абай поэзиясы секілді үлкен
теңіз де пайда бола алмайтыны анық»*2,220+, - деген тұжырымын алғ а тартады.
Ғалымның «Абай поэзиясы мен Дулат секілді дарынды, кемел ақынның ӛлең-
жырларындағ ы үндестік туралы айтқанда жекелеген ұқсастыққа ғ ана назар аудару, әрине,
жеткіліксіз. Абай да, Дулат та ӛнерпаздық тұлғ асы мүлде ӛзгеше суреткер десек те, олардың ӛмңр
сүрген ортасы, заманы жалғ ас, жақын, сол дәуірдегі қоғ амдық ӛмірдің қайшылықтарын, әр түрлі
әлеуметтік топтардың мінез-құлқын бейнелеп кӛрсетуінде де ұқсастық, сабақтастық бар», - деген
пікірі ХІХ ғ асырдағ ы заманы жағ ынан. территориялық мекені жағ ынан бір-біріне ӛте жақын екі
ұлы тұлғ аның шығ армашылығ ындағ ы ұқсастықтарғ а қатысты айтылып жүрген ала-құла
пікірлерге тойтарыс береді.
Қорыта айтқанда, еліміз тәуелсіздік алғ аннан кейін Дулат Бабатайұлы шығ армашылығ ын
әділ таразылауғ а кӛптеген алдыңғ ы қатарлы әдебиетші ғ алымдарымыз атсалысты. Солардың
қатарында қазақ ӛлең теориясын терең зерттеген З.Ахметов сияқты ғ ұлама ғ алымның болуы ақын
шығ армаларының ғ ылыми бағ асын алып, ӛз биігін табуына әсер еткені анық.
Әдебиеттер тізімі
1. Ахметов З. Поэзия шыңы-даналық.Зерттеу. –Аст.: Фолиант, 2002
2. Бабатайұлы Д. Шығ армалары мен тағ ылымы. – А.: Раритет, 2003
Достарыңызбен бөлісу: |