Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Қазақтардың өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптық ережелері



бет16/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Реферат

Қазақтардың өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптық ережелері. Ұлы дала елінде өзара көмек, кез келген қамкөңіл жандарға қол ұшын созу дәстүрі ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптарға жатады. Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің орын алуы қазақ қоғамында кедейлердің болмауына септігін тигізген. Қазақ халқы ауызбіршілігінің арқасында жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем беріп отырды.
Қазақ халқында кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе жаудың шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқынынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына, ауылдас немесе туысқан адамдарға жұмылып көмек көрсеткен. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көресетеді, үй салуына жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашығандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық, жақсылық дәмете алмайды.
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен белшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына жәрдемдесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.
Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі – асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар ХХ ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып, көптеген жерлерде мектептер және мешіттер салды.
Әрбір қазақ қайғылы жағдайға ұшыраған адамға көмектесуге, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті болды. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғындары өте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттілігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап, мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға ат шапан айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан.
Сонымен, мыңдаған жылдық тарихымызда ұлттық бірегей дәстүр мен әдет-ғұрып қалыптасты. Бұл құндылықтар «Мәңгілік Ел» идеясында халықтың ынтымағы мен бірлігін нығайтуға зор әсер етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет