"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. Қазақ халқының ХVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін күресі «Ерлік дәуірі»



бет3/4
Дата21.04.2023
өлшемі69,46 Kb.
#85324
1   2   3   4
Байланысты:
Зарзаман

3. Дулат Бабатайұлы. Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, 1822–1824 жылдары хандық биліктің жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістерді көзімен көріп, жанымен сезінген Дулат Бабатайұлы өз өлеңдерінде халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырлайды. «О, Сарыарқа, Сарыарқа» атты өлеңінде қазақтың ауыр жағдайын суреттейді. «Кеңесбайға», «Бараққа» деген өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтады. Өз халқын жаудай талаған, сатылған әкімдерді отарлаушылардың қолшоқпарына айналды деп айыптайды. Ақын ұлы Абылай заманындағы Қазақ хандығы қалпына келтірілген күндерді армандайды. Ол өзінің шығармаларында халықтың еркіндігі үшін күрескендерді мадақтап өтеді. Ақын «Өсиетнама» өлеңінде халықтың өткен өмірін жырлады. Ол кезеңде далалықтардың өмірін реттеп отыратын салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптардың заңнамалық маңызы зор еді. Жаңа дәуірде дәстүрлі қазақ қоғамы дағдарысқа ұшырап бара жатқанын ақын күйінішпен жеткізеді. Дулат Бабатайұлы біртұтас Қазақ хандығының жерін Ресей империясына беріп қойған хандар мен сұлтандардың іс-әрекетін, патшалық үкіметке қызмет еткен жергілікті шенеуніктерді сынады.
4. Шортанбай Қанайұлы. Зар заман кезеңінің белгілі ақыны Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген.
Ол өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Өзінің жырларында ақын қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшыраған сырын ашып, кедей және байға жіктелудің күшейгені туралы айтады. Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан халық саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшырады. Осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» атты өлеңінде мұңды жыр толғайды. Ел ішінде кең таралған осы өлеңнен бастап, олар «Зар заман» ақындары ретінде таныла бастады.
Ақын өлеңдерінде елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылған, отарлық жағдайға түскен халқының ащы зары мен өшпес өкінішін жырлайды. «Зар заман» өлеңінде қазақтардың Ресей бодандығына қабылдануы үрдісіне қарсылығын білдіріп, патша үкіметі отарлау саясатының теріс салдары: шоқындыру, шаруалардың жаппай қоныс аударуы, әскери шептер мен бекіністер салынуын батыл айыптады. Шортанбай қазақтың егіншілікке көшуімен дәстүрлі малшаруашылығына нұқсан келеді деп түсінді. Ақын жаңа өмір салты халықтың қалыптасқан сана-сезіміне қайшылық әкелгенін, елдің психологиясы мен тұрмыс-тіршілігіне жағымсыз өзгерістер туғызғанын сынға алды.
«Билер, пара жемеңдер» деген өлеңінде ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді жырға қосып, төрелік айтатын билердің парақорлық қылықтарын айыптады.
Шортанбай әрдайым дін қағидаларын тірек етіп, діннен қорғаныс іздейді. Ол азаматтарға ислам құндылықтарын естен шығармай, парыздарын орындау қажеттілігін еске салады. Ақын өз дәуіріне риза болмай үмітсіздіктен өкініп жырға қосты:
Зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман. ….. Жөн білмеген жамандар, Ел билеген бек болды, Көтере алмай билігін, Ұласқан үлкен кек болды.
Шортанбай өз замандастары арасында суырыпсалма айтыскер ақын ретінде де танымал еді. Кезінде ол Орынбай, Шөже ақындармен сөз сайысына түсіп, елдің есінде қалған. 1888 жылы Шортанбай ақынның кейбір шығармалары («Қисса Шортанбай», «Бала зары») Қазан қаласында жарық көрді. Кейінгі жылдары олар бес рет қайта басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет