Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері бір мезділде жүреді, олар өзара тығыз байланысты, бірақ жүру қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас кезде организм өседі әрі дамиды, оның жасушалары қарқынды бөлінеді. Бұл кезде пластикалық алмасу басым жүреді.
Қартайған кезде, керісінше, энергетикалық алмасу басымырақ жүре бастайды
Нәруыздардың алмасуы.Нәруыздар- организм ұлпасы жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрылыс материалы.
Бұлшық ет ұлпасының нәруыздары қозғалыш қызмет (бұлшық ет жиырылуы) атқарады.
Наруыздар адам денесінің 25% массасын құрайды. Олар аминқышқылдарынан тұрады. Табиғатта аминқышқылдарының, шамамен, 300-ден астам түрі белгілі. Оның ішінде, шамамен, 20 аминқышқылы нәруыз молекуласының түзілуіне қатысады.
Нәруыздар асқорту жолына түсекнде химиялық өзгеріске ұшырайды. Асқазанда күрделі нәруыздар қарапайым нәруыздарға дейін, ал ашішек бөлімінде аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдары ашішек бүрлері арқылы қанға сіңіріліп, жасушаларға жеткізіледі. Жасушаларда аминқышқылдарынан организмге, белгілі бір ұлпаға тән нәруыздар синтезделеді.
майлардың алмасуы
Майлар өсімдіктекті және жануартекті тағамдар құрамына кіреді. Олар адам денесі массасының 10-20%-ын құрайды. Асқорту жолында ферменттер әсерінен майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ашішек бүрлерінде олардан организмге тән майлар түзіледі. Түзілген майлар лимфаға, одан қанға түсіп, ұлпа жасушаларына тасымалданады. Организмде синтезделген майлардың бір бөлігі жасуша мембранасы мен органоидтерінің түзілуіне жұмсалады, басқа бөлігі қорға жиналады.
Майлар тері астындағы клетчаткаға, бүйрекке, басқа мүшелер аймағына жиналады және олардыорганизм қорек жетіспегенде жұмсайды. Майлар энергия көзі болып табылады. 1г май көмірқышқыл газы мен суға дейін толықыдыраған кезде, 38,9 кДж энергия бөлінеді, яғни нәруыздар мен көмірсулар ыдраған кезде түзілетін энергияға қарағанда екі есе көп энергия бөлінеді. Май ұлпасы организмді механикалық зақымданудан қорғайды және жылуреттегіш болып табылады