Жиынтықбағалауғашолу Ұзақтығы:40минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым, айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 190-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді.
Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады.
Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет.
Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды.
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға
3-5 минут беріледі)
5
5
3-4
6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу;
6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқиды. Мәтінге коментарий жасайды. Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып, берілген мысалдар арқылы көркемдік ерекшеліктеріне сай сәйкестендіреді.
15
6
4
5
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу;
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Білім алушылар жазба жұмысын орындайды.
Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 80-100 сөзден тұратын құрылымы сақталған өмірбаян құрастырып жазғаны бағаланады.