Ұзақтығы: 40 минут



бет2/8
Дата22.12.2022
өлшемі46,19 Kb.
#58942
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-тоқсан ТЖБ 6-кл тіл

Барлығы

40 минут

30



Білім алушының аты-жөні_________________________Пәні_________Сыныбы______Күні_______
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз.
2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз.
А мәтіні.
Мерейтой мәзірі
Қазақ Ұлттық Өнер универси­тетінің 15 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. «Қазақстан» орталық концерт залында арнайы әзірленген ауқымды бағдарламамен басталған мерейтойлық кеш ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Айман Мұсақожаева мен «Айгөлек» балалар скрипкашылар ансамблінің орындауындағы Ф.Крейслердің «Г.Пуньяни сти­ліндегі Прелюдия мен Аллегро» шығармасымен ашылды.
Концертке Франция, Ресей, Әзір­байжан, Беларусь, Қырғызстан, Лат­вия мен Италияның белгілі өнер қай­раткерлері мен жоғары оқу орын­­да­ры­ның бас­шылары арнайы келді. Мерекелік кеште жұртшылық Өнер университетінің бүгінгі күнге дейін­гі қол жеткізген жетістіктерін тама­шалап, дәстүрлі және әлемдік му­зы­ка жауһарларымен сусындап қайтты.
Осы мерейтой құрметіне Астанада он күн бойы халықаралық өнер форумы өтті. Онда италиялық пианист Бруно Канино, Ресейдің Халық әртісі Максим Федотов, Граф Муржа, германиялық әйгілі музыкант Михаил Ваймен сынды тұлғалар қатысып, өнер көрсетті. Ал кеше халықаралық Өнер форумы аясында «Шабыт» шығарма­шы­лық сарайында скрипкаға арналып жазылған әуендердің концерті өтті. Онда С.Франк және И.Брамстың скрипка мен фортепианоға арнал­ған шығармалары әуелесе, екін­ші бөлімде «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі мен Астана Мемлекеттік филармо­ния­сының концерті көрермен қауымға жол тартты.
Енді Айман Мұсақожаева басқа­ратын шығармашылық топ «Әлем­нің сегізінші кереметі – Астана» атты осы мерейтойлық концерт­тік бағдарламасын Астанадан бөлек, Милан және Турин, Вашинг­тон мен Париж, Токио мен Лос-Анджелес сынды әлемнің ірі мегапо­лис­те­рінде де ұйымдастыру мақсатында, гастрольдік сапарға аттанбақ. Түпкі мақсат – қазақтың өнерін төрткүл дүниеге таныту. (198 сөз)
https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз. А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз. Мәтінге ауызша коментарий жасаңыз.

1. Оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасап, іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз.


2. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажырата біліңіз.

мәтіні.
Дастан: Асқар, тарихи тұлғалар дегенді қалай түсінесің?


Асқар: Тарихи тұлғаларға менің ойымша қоғам қайраткерлері мен көрнекті ақын-жазушылар, хан билер деп ойлаймын. Ал сен қалай түсінесің?
Дастан: Дұрыс. Менің де ойым осылар. Сен тарихи тұлғаларға кімдерді жатқызасың?
Асқар: Тарихқа үңілсек, Асанқайғы жерұйығымен таныс, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақан серілерді және тағы да басқалар.
Дастан: Сен Асанқайғы жерұйығымен таныс дедің, бұл кісі бойынша толық ақпарат бере аласың ба?
Асқар: Асанқайғы (Сәбитұлы Асан – ХҮ ғ.) – ұлы философ, ақын. Еділ бойында туған. Әкесі саятшы болған.Алтын Орда ханы Ұлұғ – Мұхамедтің, Қазақ хандығы құрылған тұста – Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Оның «Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсарымен үндес әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. Асанқайғы ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам, табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.
Дастан: Өте керемет. Сен жаттап та алғансың ба?
Асқар: Иә, себебі мен осы кісі бойынша ғылыми жоба жазып зерттегенмін.
Дастан: Өте жақсы. Айтпақшы Асқар автобусым келді сау бол, көріскенше.
Асқар: Сау бол. (166 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...



Мәтін

Шартты белгі

Мысал

Көнерген сөз








Пұшықтың ұрыға айтқаны



Эвфемизм



Қылыш


Дисфемизм





Еркежан


Табу




Аузымен орақ орған



Жазылым
1. Берілген тапсырманы орындаңыз.
2. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 70-80 сөзден тұратын өмірбаян құрастырып жазыңыз.
[10]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет