3-сыныптың «математика» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 45 минут
Балл саны - 16
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда оқушылардың білім, білік, дағдыларын өлшеу құралы ретінде қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы сандық мәні, сөздер немесе қысқа шешімі түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін оқушы тапсырманың толық шешімін және шешімін табудың қадамдарын көрсетуі қажет.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 7 тапсырмадан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |