Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет37/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99
3.
 
Экскреторлық. 
Қанға зат алмасуының соңғы ӛнімдері әртүрлі 
ағзалардан 
және 
тіндерден 
түсіп, 
сыртқа 
шығаратын 
мүшелерге 
тасымалданады.
4.
 
Тыныс алу.
Қан оттекті ӛкпеден тіндерге және кӛмір қышқыл газын 
тіндерден ӛкпеге тасымалдайды. 
5.
 
Қорғаныстық қызметі
ӛте зор: 
-
 
альбуминдер 
токсиндерді, 
дәрілік 
заттарды, 
антибиотиктерді, 
метаболиттерді (БМҚ, билирубин), жеңіл диссоциацияланатын кальций, 
магний, темір катиондарын байланыстырып, олардың қанда белгілі бір 
концентрацияда болуын қамтамасыз етеді; 
-
 
қан ұюына қатысатын белоктар ағзаны қансыраудан сақтайды; 
-
 
қан ұю процесіне қарсы белоктар ағзаны қан ұюынан сақтайды; 
-
 
кейбір қан плазмасының белоктары ағзаны микробтардан және бӛгде 
генетикалық хабарлардан сақтайды. Олар иммундық реакцияларға қатысады 
– антиденелер (лизиндер, преципитиндер, агглютиндер) түзіп, сол арқылы 
микробтармен байланысады және жалпы қан айналу шеңберінен шығарады; 
-
 
аллергиялық реакциялардың жеделдетілген түріне қатысады: қан 
сарысуындағы антиденелер антигендермен байланысады, сол кезде
биологиялық активті заттар – аллергиялық медиаторлар бӛлінеді. 
Қан – қызыл түсті, жабысқақ, қою, мӛлдір емес сұйықтық. Ол бір текті 
емес: 52-56%-ы плазмадан және 44-48%-ы формалық элементтерден тұрады, 
формалық элементтердің 44%-ын эритроциттер, 1-2%-ын тромбоциттер мен 
лейкоциттер құрайды. Жаңа бӛлінген қан тез ұйиды – формалық элементтер 
тұнбаға түседі, ал тұнбаның үстінде сарысу деп аталатын мӛлдір сарғыш түсті 
сұйықтық пайда болады. Сондықтан қан сарысуы құрамында фибриногені жоқ 
плазма деп те аталады. Қан плазмасын алу үшін қанды суыққа қойып немесе 
антикоагулянт қосу арқылы алуға болады, осы процестер арқылы қанның ұю 
процесі тежеледі. Бұл кезде формалық элементтер ыдыстың түбіне тұнады да, 
бетінде мӛлдір сарғыш плазма қалады. 
Қан дәрігерлер үшін биологиялық құрамын ең оңай анықтауға болатын тін. 
Зат алмасуының аралық және соңғы ӛнімдері барлық мүшелер мен тіндерден 
қанға түсетін болғандықтан, әрине, дәрігерге қанның биохимиялық 
константаларын анықтау патологиялық процестің сипатын, ӛзгеру деңгейін қай 
мүшелердің және тіндердің ауырғанын білуге және әрқайсысына диагноз қою 
үшін керек. Бірақ, қанның химиялық құрамының ӛзгеруі тек мүшелердің және 
тіндердің ұзақ немесе ауыр зақымдануында ғана байқалады, ӛйткені ағзаның 
биологиялық және физиологиялық механизмдері ішкі ортаның тұрақтылығын – 
гомеостазын сақтайды. 
Дені сау адамдарда қанның құрамы тұрақты, себебі қанға түскен заттардың 
артығы қаннан жылдам бӛлінеді. 


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет