224
Мӛлшері 10 ммоль/л-ден асқанда жүрек блокадасы байқалады. Калий қанқа
және тегіс салалы бұлшық етінің жиырылу күшін және тонусын күшейтіп, ӛте
жоғары концентрацияда жүйке-бұлшық етінің ӛткізгіштігін тежейді.
Қан плазмасында калий жасушалар ыдырағанда, эритроциттердің
гемолизінде, бүйрек қызметі бұзылғанда, бүйрек үсті бездерінің қызметтері
тӛмендегенде. Мысалы, альдостеронның секрециясы бұзылғанда, организм кӛп
мӛлшерде Na мен суды жоғалтады, ал калийді сақтайды.гиперкалиемия
науқастың аяқ астынан ӛліп кетуіне әкелуі мүмкін. Калий тыныштық кезінде
мембраналық потенциалын тӛмендетеді, жүрек жұмысының потенциалын
қысқартады және реполяризация жылдамдығын жоғарлатады. Қарынша
фибрилляция арқылы болған жүректің тоқталуы гиперкалиемияның алғашқы
белгісі болуы мүмкін.
Гипокалиемия (қан плазмасында калийдің азайып кетуі) альдостеронның
секрециясы артқанда байқалады. Бұл жағдай жүректің жұмысының ӛте ауыр,
миокард метаболизмінің бұзылуына әкеледі, кардиодистрофия дамиды,
экстрасистолалар, қарыншалардың пароксизмалды және
мерцательной
аритмиясы немесе тыныс алу бұлшық еттерінің салдануы байқалады.
Кальций
(N=2,25-2,75 ммоль/л) – иоданған және белоктармен байланысқан,
сонымен
қатар
фосфатпен,
цитратьпен
комплекс
түрінде
кездеседі.физиологиялық активтілікті кальцийдің бос иондары кӛрсетеді.
олард.физиологиялық активтілікті кальцийдің бос иондары кӛрсетеді. Олардың
концентрациясы гомеостаз механизм арқылы сақталады.
Гиперкальциемия сүйек тінінің қатерлі ісік кезінде, қалқанша маңы безі
гормонының секрециясы жоғарлағанда, ағзада Д витаминнің мӛлшері артқанда,
жедел ацидоз кезінде (сүйектегі кальций протонға ауысады), акромегалия
кезінде (СТГ бүйректегі 1-гидроксилазаны стимулдейді). Сүтті кӛп мӛлшерде
ішкенде кальцийдің бүйрек арқылы экскрециясы азаяды. Гиперкальциемия
кезінде жалпы және бұлшық етті әлсіздік, дене салмағының азаюы,
шаршағыштық, зерденің нашарлауы, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, құсу,
лоқсу, іш қату, құрсақ қуысында ауырсыну сезімінің болуы байқалады.
Сонымен қатар полиурия, қасаң қабық пен қан тамырларының кальцинозы
байқалады.бүйректе тастар пайда болуы мүмкін. Бүйрек жетіспеушілігі
дамиды.
Гипокальциемия гипопаратиреоз, рахит, механикалық сарғыштануда,
нефрозда, гломерулонефритте, алкалоз кезінде (протондар альбуминдер
диссоциациялануынан пайда болады, бұл альбуминмен байланысқан
кальцийдің кӛбеюіне алып келеді).
Достарыңызбен бөлісу: