Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет86/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

7.
 
Эмаль, химиялық қҧрамы, органикалық және бейорганикалық 
заттары.
Жауабы: 
Эмаль тіс сауытын жауып тұрады. Организмдегі ең тығыз тін, 
оның тығыздығы 2,9-3,05 г/см

тең. Тіс эмалі эпителийлік минерализацияланған 
тін. Ол механикалық және химиялық әсерлерге ӛте тӛзімді болып келеді.
Эмальдың құрамында су шамамен 4%; бос су – 3,8% және апатит 
кристаллдарындағы гидраттық қабаты ( 3-3,3%). Органикалық заттары – 1,2%, 
оларға белоктар, липидтер, кӛмірсулар жатады.
 
Эмальдің белоктары 
қышқылдарда ерімейтін және еритін болып бӛлінеді. Эмальдің ққұрамына 
фосфопротеид типті белоктар – амилогениндер, энамелиндер, Е

және Е

фосфопротеиндер кіреді. Кӛмірсулары – негізінен гликоген және 
гликопротеидтердің кӛмірсулы бӛліктері (хондроитинсульфат, галактоза, 
глюкоза, фруктоза, манноза, фукоза, ксилоза). Липидтерден негізінен
фосфолипидтер. Цитрат (0,1%) кальцийдің еритін тұзын түзіп, кальцийді 
тасымалдау ролін атқарады. Осы тұздың құрамында сүйекке түскен кальций 
цитрат тотыққан кезде одан бӛлініп кетіп, сүйекке сіңірледі. Лимон 
қышқылының кӛмегімен кальций сүйектен қанға да тасымалданады. 
Эмальдің 
минералды 
негізін 
апатит 
кристаллдары 
құрайды. 
Гидроксиапатит кристаллдары (75%) цементке, дентинге және сүйекке 
қарағанда эмальде ірірек болады. Олар ӛте берік, бір-біріне тығыз жанасқан, 
құрамында кальцийдің 12 атомы бар. Эмальде сонымен қатар карбонатапатит 
(19%) бар: карбонат анионы кристалдық тордағы ортофосфатпен немесе
гидроксилмен алмасқан. Егер ол кӛп мӛлшерде түзілсе, онда эмаль кариеске 
жеңіл ұшырайды (кӛмірсулы тағамды кӛп пайданғанда). Шамамен 4,4% 
хлорапатит бар. Гидроксил тобын фторға алмастырғанда фторапатит түзіледі.
Фторапатит кристалдық тордың тығыздығын арттырып, эмальдің кариеске 
тӛзімділігін күшейтеді. Егер ауыз суының құрамында фтор кӛп боса, дақты 
эмаль, аз болса – кариес дамиды. Стронций апатиттері ӛте осал болады.
Стронций радионуклидінің жартылай ыдырау уақыты 20 жыл. Ол тағамға 
түссе, стронций рахиті (кашинбек ауруы немесе уров ауруы) дамиды. Эмальдің 
беткейіндегі катиондардың сапалық және сандық құрамы ауыз сұйықтығының 
құрамына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет