266
ферменттер, лейкоциттер, лизоцим, цитокиндер, лактоферрин және
ӛорғаныштық қызмет атқаратын басқа да заттар бар.
12.
Тамақтанудың сілекей рН-ына әсері.
Жауабы:
Құрамында моно- және дисахаридтер бар тағамды қабылдау
ацидогенді жағдайға әкеледі. Олардың ацидогендік әсеріне байланысты келесі
қатарға орналастыруға болады: сахароза, инвертті қант, глюкоза, фруктоза,
мальтоза, галактоза, лактоза. Тағам ӛнімдерінен ацидогендік потенциалы
жоғары заттарға қант, шоколад, нан, кекс, карамель, балмұздақ жатады. Сүт
тӛмен ацидогендік қасиетке ие. Жаңғақ, сыр сілекей рН-ын сілтілік жаққа
ауыстырады. Ацидоздың алдын алу үшін қантты алмастыратын заттарды:
ксилитол, сорбитол, палатинит, сластилин қолданған жӛн, себебі олар
микробтардың әсеріне тӛзімді болып келеді.
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1.
Аралас сілекей дегеніміз не?
2.
Аралас сілекей қандай қызметтер атқарады?
3.
Аралас сілекейдің рН-ы қаншаға тең?
4.
Аралас сілекейдің буферлік жүйелерін атаңыз.
5.
Орта рН-ы қышқылданған кезде сілекейдің минералдаушы қызметі қалай
ӛзгереді?
6.
Сілекейдің сілтіленуі неге әкеп соғады?
7.
Ауыз сұйықтығындағы белок мӛлшері қанша?
8.
Сілекейдегі кальций мен бейорганикалық фосфаттың мӛлшері қанша?
9.
Гистатиндер, сілекей цистатиндері,
Statherin-белоктар мен пролинге бай
белоктар қандай роль атқарады?
10.
Муциндер қай класқа жатады? Олардың ролі.
11.
Сілекей мицелласының заряды азайды, муциннің қорғаныштық
қасиеттері тӛмендеді, сілекей қанықпаған болып қалды. Осы жағдайда сілекей
қандай сұйықтыққа айналады?
12.
Альфа-амилаза қандай реакцияны катализдейді? Осы реакцияны
жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: