9. Дәрілік заттардың шығару жолдары .
Дәрілік заттар негізінен ағзадан бүйрек арқылы зәрмен шығарылады. Бірақ
тынысалу жолдары, бронх бездерінің секреттерімен, сүтпен, термен,
сілекеймен және асқазан-ішек жолдарымен де шығарылады. Д
З
-ның бүйрек
арқылы секрециялануы оның шумақтарында сүзгілену, реабсорбциясы және
қайта секрециялануы арқылы жүреді. Ионданбаған және майда еритін Д
З
бүйректің шумақтарында сүзгіленеді. Дәрілік-негідік заттар
алкалоидтар
жақсы шығарылады, себебі олар қанның рН мен зәрдің рН-ның
айырмашылығынан
қанның рН -7,4, ал зәрдің рН - 5,0
біріншілік зәрден қайта
сіңірілмейді. Қанда бұл заттар ионданбаған күйде, ал зәрде ионданған күйде
болады.
Бауырдың жасушалары үлкен экскреторлық қасиетті кӛрсетеді, дәрілерді
пассивті және активті жолдармен ӛт арқылы ішекке түсіреді.
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1.
Неге дәрілік заттар ксенобиотиктер деп аталады?
2.
Дәрілік заттардың алмасуы қанша сатыдан тұрады?
3.
Микросомаларда дәрілік заттар қандай ӛзгерістерге ұшырайды?
4.
Монооксигеназдық жүйенің ферменттерін атаңыз.
5.
Конъюгация кезінде дәрілік заттар фармакологиялық қасиеттерін сақтай ма,
әлде жоғалта ма?
6.
Сульфототығуға қандай препараттар ұшырайды?
7.
Қандай Д
З
ферменттерді активтейді немесе тежейді?
8.
Д
З
бала ағзасында неге баяу ӛзгерістерге ұшырайды?
9.
Бұрын толбутамидті қолданып жүрген қант диабетімен ауырған ауруға
бисептолды қабылдау ұсынылды. Бірақ онда гипогликемия дамыды. Бұл
препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
10.
6 жастағы балаға антибиотик тетрациклинді қабылдау ұсынылды. Дәрігер
дұрыс емдеу қолданды ма? Түсіндіріңіз.
11.
ЦхР-450 белоктың қанша пайызын құрайды? ЦхР-450-дің бауырда қанша
изоферменттері бар?