Заттар алмасуының сатылары. Зат алмасуы сатыдан тұрады саты


Зәр қышқылының түзілуі туралы түсінік, маңызы



бет16/22
Дата06.04.2023
өлшемі417,44 Kb.
#79941
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Çàòòàð àëìàñóûíû? ñàòûëàðû. Çàò àëìàñóû ñàòûäàí ò?ðàäû ñàòû

55. Зәр қышқылының түзілуі туралы түсінік, маңызы.
Несеп қышқылының түзілуі негізінен бауырда жүреді. Несеп қышқылы – пуриндік нуклеотидтер алмасуының соңғы өнімі, тәулігіне 0,5-1,0 г түзіледі.
Несеп қышқылының тұздары (ураттар) – суда нашар еритін қосылыстар. Несеп қышқылының түзілуі күшейгенде (гиперурикемия) және оның шығарылуы төмендегенде подагра ауруы дамуы мүмкін.
56..Күрделі нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері.
СО2, су, мочевина, билирубин, аммоний тұздары,креатинин, несеп қышқылы,глюкурон қышқылдарының эфирлері.
57. ,Гормондарды анықтау және гормондардың жіктелуі.
Гормондар - ағзада азмөлшерде түзіліп,қанға немесе лимфаға бөлінетін, рецепторлары бар нысана жасушаларына арнайы әсер ететін биологиялық активті заттар. "hormao" - грек сөзінен шыққан қоздырамын, қозғалтамын деген мағынаны білдіреді.
Химиялық табиғаты жағынан гормондар 3 топқа
бөлiнедi: Нәруызды – пептидтiк, Амин қышқылдарының туындылары,
Стероидты гормондар.
Гормондардың бұл үш негiзгi тобынан басқа гормоноидтар бар. Оларға эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер, липооксигендер), Д витамині, А витамині, гистамин, серотониндер, ас қорыту жолдарының гормондары, т.б. жатады.
Нәруызды–пептидтiк гормондарды 3 топшаға бөлуге болады:
1. Жай нәруыздар: инсулин, паратгормон, өсу гормоны, ЛТГ.
2. Күрделi нәруыздар: тиреотропты гормон (ТТГ), фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гормон (ЛГ). 3. Полипептидтік гормондар: глюкагон, кальцитонин, адренокортикотропты гормон (АКТГ), меланоцитстимулдеуші гормон (МСГ), окситоцин, вазопрессин.
Амин қышқылдарыныңтуындылары: тиреоидты гормондар(тироксин–Т4
трийодтиронин–Т3, адреналин (А), норадреналин (НА).
ІІІ.Стероидты гормондар: кортикостероидтар (ГКС, МКС); жыныс гормондары.
58..Гормондардың әсер ету механизмдері туралы түсінік.
Барлық гормондар әсер ету механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді:
1. Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін өзгерту жолымен әсер етуші гормондар. Бұл гормондар жасуша мембранасының бетінде орналасқан
рецепторлармен байланысып, екіншілік мессенджерлер арқылы әсер етеді.
2. Нәруыздар мен ферменттердің синтезделу жылдамдығын өзгерту жолымен әсер етуші гормондар. Бұл гормондардың рецепторлары жасуша ішінде
орналасады (цитоплазма, ядро немесе органоидтарда).
3. Мембрана өткізгіштігін өзгерту жолымен әсер ететін гормондар.
І-шi механизм бойынша нәруызды-пептидтік гормондар және катехоламиндер әсер етеді. Олар табиғаты жағынан гидрофильді
болғандықтан, жасуша мембранасынан өтуі қиын немесе мүлде өте алмайды. Мұндай гормондардың рецепторлары плазма мембранасының сыртқы бетінде орналасады.
Екіншілік мессенджерлер:
 цАМФ;
 цГМФ;
 кальций иондары (Са2+
);
 инозитолтрифосфат (ИФ3
);
 диацилглицерин (ДАГ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет