Заттар және олардың қасиеттері,Судың түрлі күйі бөлімшесі Орындаған: Жұмаділ Нұрай



бет5/5
Дата22.05.2022
өлшемі0,59 Mb.
#35307
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жұмаділ Нұрай-презентация

Қорытынды:


Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқу барысында оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, керісінше оқушылардың өздері ізденіп, тақырыпты ашып, зерттеу, тәжірибе жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасалу қажет. Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі осында оқушының зерттеу жұмысын мұғалімнің көмегінсіз жеке өзіне жасатуы. Сонда ғана оқушы тақырыпты тереңдей түсініп, ұғынған білімін келешекте қолдана алады. Жаратылыстану пәні оқушының қоршаған орта, аспан денелері туралы алған білімін өмірде қолдануға негізделеді. Жаратылыстану жөнінде білім беру оқушылар санасында ғылыми әлем бейнесін қалыптастыруда маңызы зор. Себебі, табиғат адамды рухани байытады, сонымен қарым–қатынас жасау адамдардың жоғары құндылықтарын, қасиеттерінің қалыптасуына жағдай туғызады. Шынайы сұлулық табиғат бөліктерінде болатыны бізге мәлім, ал мұғалімнің құзыреті оны оқушыларға оларды көре білуге, оны бағалай білуге және көрген білгендерін пайдалана білуге үйрету болып табылады. Сондықтан табиғат бөліктерін зерттегенде қалыптастырылатын мәліметтермен ұғымдардың мазмұнына кірууге қажетті эстетикалық белгілерді ашып көрсете білу керек. Оқушыларды табиғаттың көркем бейнесін көре білуге үйрету – күрделі процесс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет