Жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларға тақырыпты дайын күйінде ұсына салмай, керісінше оқушылардың тақырыпты өзі тауып ашуына жағдай жасау керек. Мысалы, біз бүгін «Су.Ол қандай екен» тақырыбын өтетін болсақ, оқушыларға осы тақырыпқа қатысты сұрақтар қою және интерактивті тақта арқылы сурет, қызықты бейнероликтер көрсету арқылы оқушылардың өздеріне тақырыпты тапқызамыз. Яғни, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлану әдістерін қолданамыз.Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқулықтағы тапсырмалармен қатар қосымша сюжеттегі, кеспе қағаздағы тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды топтық, жұптық болып бөлініп, ұжымдасқан түрде орындайды. Сабақ ортасында Судың қасиеттері бойынша оқушыларға тәжірибе әдісін қолдандыру арқылы оқушылардың өздеріне зерттеу жұмыстарын жасатамыз.

Су
. Зерттеу жүргізу барысында оқушы судың бір қалыптан екінші қалыпқа өтіп жатқанын бақылайды, яғни бақылау әдісін қолданады.Зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушылар судың үш түрлі (сұйық, қатты, бу) күйінде болатынын тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдейді. Сабақ соңында оқушы өз іс әрекеттеріне талдау жасап, өзін-өзі бағалайды және бүгінгі тақырыпты кері байланыс жасау арқылы қорытындылайды. Сонымен қатар алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады. Зерттеу жұмысын өзі жасау арқылы оқушы бүгінгі тақырыпты Блум таксаномиясының алты қадамы деңгейлерінде толық ұғына алады.