Заттардың жіктелуі. Мүліктің жекеленген түрлерінің құқықтық режимі. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)



бет8/8
Дата30.10.2022
өлшемі36,79 Kb.
#46291
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7лекция

. Құжаттамалық бағалы қағаздар- құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздар (қағаз немесе басқадай материалдық негізде бағалы қағаздың мазмұнын арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай оқу мүмкіндігімен.) Құжаттамалық емес бағалы қағаздар- құжаттамасыз формада шығарылған бағалы қағаздар ( электрондық жазулар жиынтығы түрінде). Айналыс саласына байланысты бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздар (бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірбүтін шарттар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін біртектес белгілер мен реквизиттерге ие бағалы қағаздар) және эмиссиялық емес бағалы қағаздар (эмиссиялық бағалы қағаздар белгілеріне сай келмейтін бағалы қағаздар). Эмисияның екі түрі болады: бағалы қағаздар эмиссиясы және ақша эмиссиясы.Бағалы қағаздар эмиссиясы айналысқа акциялар, облигациялар және басқа да құралдар (бір жалпа атауға біріккен- эмиссиялық бағалы қағаздар) шығару жолымен іске асырылады. Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар да, мемлекеттік ұйымдар да шығара алады, ал ақша белгілері эмиссиясын тек мемлекет шығарады. 2003ж. 2-шілде №461-11 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес, эмиссиялық бағалы қағаздардың негізгі түрлері мыналар болып табылады: 1) ҚР ұйымдары-резиденттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; 2) ҚР резидент емес ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; 3) халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздар; 6) туынды бағалы қағаздар және басқадай қаржы құралдары. Эмиссиялық бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және борыштық (облигациялар) болуы мүмкін. Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқын, сол бойынша дивиденд және тарату кезінде АҚ мүлкінің бір бӛліктерін алуды ҚР заң актілерімен кӛзделген басқа да куәландыратын басқа да бағалы қағаз (ҚР АК 139- бабының 1-тармағы). Облигация – оны шығарған кезде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, шығару шарттарына сәйкес облигация шығарған тұлғадан сол бойынша сыйақы, ал оның айналыс мерзімі біткенде, ақшалай немесе басқадай мүліктік балама түрінде облигацияның нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз (ҚР АК 136-бабының 1-тармағы). Эмиссиялық емес бағалы қағаздарға банктік депозиттік сертификаттар (бағалы қағаз үшін белгіленген шығару, айналыс мерзімі ӛткеннен кейін немесе ол мерзім біткенге дейін оны ұстаушының оның нақты құның, сонымен қатар шығару шартымен белгіленген кӛлемде сыйақы алу құқын куәландыратын атаулы бағалы қағаздар), тауарлық билік құралдары (коносамент) және басқалары жатады. Бағалы қағаз иеленушісін көрсететін тәсіл бойынша бағалы қағаздар: атаулы, ұсынбалық, және ордерлік деп бӛлінеді.Атаулы бағалы қағазда ол куәландырылған құқықтардың (оларға акциялар, атаулы облигациялар, атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары және т.б жатады) аталған тұлғаға тиесілі екенін расталады. Ұсынбалық бағалы қағазда нақты адам кӛрсетілмейді ал ол куәландырылған барлық құқықтар бағалы қағазды ұсынушы, яғни оның иесіне тиесілі болып табылады. Ордерлік бағалы қағаз ол куәландыратын құқықтырдың онда аталған тұлғаға тиесілі екеніндігін растайтын бағалы қағаз. Ордерлік бағалы қағаз (индоссант) бойынша құқықтарды берген адам құқықтың болуы үшін ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асуына да жауапты болады. Пайдалылықты (табыстылықты) анықтау тәртібін есепке ала отырып, бағалы қағаздарды негізгі үш топқа бӛлуге болады. 1) тіркелген табысы бар бағалы қағаздар (облигациялар, депозиттік сертификаттар (кредит беру мекемелерінің салымшының депозит алу құқын растайтын, ақша қаражаттарының депозитке салынғаны туралы жазбаша куәлігі); 2) тіркелмеген табысы бар бағалы қағаздар (акционерлік қоғамдардың акциялары, акциялар сертификаттары және т.б); 3) аралас формалар (опциондар, фьючерстер және т.б). Бағалы қағаздарға айналдырылған құқықтардың мазмұны негізінде олар: 1) ақша құжаттары (материалдық игіліктерді тӛлеу есебінен берілген және ақша сомасын алу құқын бекітетін бағалы қағаздар (чек, депозиттік сертификат); 2) инвестициялар нысаны болып табылатын ұзақ мерзімді борыштық бағалы қағаздар (ӛздерінің жинақтарының құнын сақтау және инвестициялық табыс табу мақсатында инвесторлар сатып алатын орташа мерзімді және ұзақ мерзімді корпорациялық облигациялар және мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар); 3) қандай да бір компанияға, кәсіпорынға және т.б қатысу құқын бекітетін бағалы қағаздар (яғни, корпорациялық құқықтар капиталдағы, жарғылық қордағы үлес, кәсіпорынды басқаруға қатысу және тарату кезінде оның мүлкінің бір бӛлігін (дауыс беру құқымен акциялар, корпорациялық облигациялар және басқалары) алу құқығы; 4) Заттық құқықтарды бекітетін тауарлық билеу құжаттары, әдетте, меншік құқығы немесе иелік ету , қандай да бір негіздемелерде басқа адамның иелігінде тұрған тауарларға кепілдік құқығы (коносамент, қойма және ипотека куәлігі). Кәсіпкерлік қатынастар нысаны ретінде сонымен қатар зияткерлік меншікті, яғни адамзаттың немесе заңды тұлғаның дараланған құралының, жеке және заңды тұлғаның ӛнімінің, солар орындайтын жұмыстар мен қызметтердің нәтижелеріне айрықша құқын атауға болады. ҚР АК 125- бабының 2-тармағына сәйкес, айрықша құқық (зияткерлік меншіктің) нысаны бола алатын зияткерлік шығармашылық меншік және даралау құралдары нәтижелерін үшінші тұлғалардың пайдалануы тек құқық иеленушінің рұқсатымен қана жүзеге асырылады. Айрықша құқық: 1) шығармашылық қызмет нәтижелеріне; 2) азаматтық айналым (фирмалық атау) қатысушыларының даралау құралдарына; 3) орындалатын жұмыс немесе кӛрсетілетін қызметтердің (тауар белгісі)даралау құралдарына және тауардың шыққан орнына белгіленуі мүмкін. Фирмалық атау – бұл коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы.(АК 38-бабының 2-тармағы) Фирмалық атау заңды тұлғаның жарғысын бекіту барысында анықталады және заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі. Бӛтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны үшін , заң бұзушы құқық иеленушіге келтірген шығындарын ӛтеу түрінде жауапкершілікке тартылады. Жаңадан тіркеліп жатқан және бұрын тіркелген заңды тұлғалардың фирмалық атауларының бірдейлігінен шығуы мүмкін келеңсіз зардаптарды болдырмау үшін, тиісті заңды тұлғалардың теңдестірілуіне, сонымен қатар олар шығаратын тауарларға немесе кӛрсететін қызметтерге қатысты шатасушылыққа келтірмеуі үшін, бұрын тіркелген заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас атауды пайдалануға рұқсат етілмейді. (ҚР АК 1020-бабының 3-тармағы). Тауар белгісі (қызмет кӛрсету белгісі) деп тіркелген немесе халықаралық шарт негізінде тіркеусіз қорғалатын, бір тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғаның біртекті тауарларынан немесе қызметтерінен ажырату үшін қолданылатын сӛз, бейнелеу белгісі, кӛлемді немесе басқадай белгі танылады. (ҚР АК 1024-бабының 1-тармағы).Тауар белгісіне құқы бар адам ӛтінімін тіркеткен сәттен бастап 10 жыл бойы ӛзіне тиесілі белгіні пайдалануға және билеуге айрықша құқыққа ие болады. Тауар белгісін пайдалану болып, оның айналымға түскен кез-келген формасы тауар белгісін немесе осы таңбамен белгіленген тауарды әзірлеу, қолдану, енгізу, сақтау, сатуға, ұсыну, сату, маңдайшадағы жазуларды жарнамада басты ӛнімінде немесе басқадай іс-құжаттамаларында пайдалану саналады. ҚР АК тауар белгісіне берілген құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленген ҚР АК 1032-бабына сәйкес, тауар белгісін немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды заңсыз пайдаланған тұлға, біріншіден, заң бұзушылықты тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне келтірілген шығынды ӛтеуге міндетті, екіншіден, тауар белгісінің әзірленген бейнелерін жоюға, тауардан немесе оның орауынанзаңсыз пайдаланылып жатқан тауар белгісін немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды кетіруге тиіс (егер оны орындау мүмкін болмаса, онда тиісті тауар жоюға жатқызылады) Тауардың шыққан орнынан атауы болып тауарды таңбалау үшін қолданылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық нысанның атауы танылады; тауардың ерекше қасиеттері айрықша немесе ең алдымен осы географиялық нысанға тән табиғи шарттармен немесе басқадай фаторлармен немесе табиғи шарттар және осы факторлардың үйлесімімен анықталады (ҚР АК 1033-бабының 1-тармағы). Географиялық нысан болып табылатын немесе оның атауын құрайтын, бірақ оны даярлау орнына байланысты емес белгі бұл ережеге бағынбайды, ол тауардың шыққан орнының атауы ретінде тіркеуге жатпайды. ҚР АК 1037-бабына сәйкес, тауардың шыққан орны атауын пайдалану құқығы бар тұлға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары осы атауды заңсыз пайдаланатын адамнан оны пайдалануды тоқтатуды, тауардан, оның орамынан, бланктерден және басқадай құжаттамадан заңсыз пайдаланылып отырған атауды немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды жоюды, егер оны орындау мүмкін болмаса, онда тауарды және оның орауын құртуды талап ете алады. Тауардың шыққан орны атауын пайдалану құқы бар тұлға бұл құқықты бұзған адамнан келтірілген шығынның орнын ӛтеуді талап етуге құқылы. Тапсырмалар: 1 тапсырма. Шаруашылық жүргізу құқығына сипаттама берініз. 2 тапсырма. Жылжымайтың мүліктердің ерекшелігі. Әдістемелік нұсқаулар: - Қойылған сұрақтар бойынша толықтырып конспект жасау қажет болады, - Конспект жасау барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша талдау жасап, заң актілерімен салыстыру қажет болады. Қараңыз. Әдебиеттер тізімі 1,3,4,5,6,7,22.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет