7-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі. Мақсаты- Кәсіпкерлік қызметтегі мүлік пен және меншік құқығымен таныстыру. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар: 1. Азаматтық құқық объектілерінің жалпы сипаттамасы. 2. Заттардың жіктелуі. 3. Мүліктің жекеленген түрлерінің құқықтық режимі. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті-шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей басқару құқығы. Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер мен жӛніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құқығы — субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы. Иелену құқығы — мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайдалану құқығы — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, онымен пайда табудың (табыс, ӛсім,жеміс, тол және басқадай табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Билік ету құқығы — мүліктің заңды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Меншік құқының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде Азаматтық кодекспен кӛзделген негіздемелер бойынша ғана күшін жоюы мүмкін: меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке ӛндіріп алу талабын қою; заң актілеріне байланысты осы тұлғаға тиесілі болуы мүмкін емес мүлкін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару; иеліктен айыру (реквизиция); тәркілеу; жер телімін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару; иесіз тұрған мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу; (ҚР АК 249-бабының 2-тармағы). Жеке меншік — мүліктің азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиесілі болады.Кез-келген мүлік (заңға сәйкес мүліктің азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген түрлерін қоспағанда) жеке меншікте бола алады. Заң шығарушы жеке меншіктегі мүліктің қандай да бір сандық және құндық шектеулерін белгілей алмайды, ӛйткені мұндай мәселелерді меншік иелерінің ӛздері шешуге тиіс деп жорамалданады.