«Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 2023» аудандық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың мақсаты
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
2. Байқаудың міндеттері
Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;
Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін арттыруына ықпал ету;
Мұғалімдерді өз кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыру;
Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.
3. Байқауды өткізуді ұйымдастыру
Байқауды өткізудің мынандай кезеңдері белгіленеді:
Мектепішілік кезең
Аудандық кезең
Байқауға қатысуға әр мектептен жеңімпаз жіберіледі. Байқауға мектеп кәсіподақ ұйымдары, демеушілер және басқа да қоғамдық ұйымдар құрылтайшы бола алады.
4. Байқауға қатысу тәртібі
Байқаудың аудандық кезеңіне жалпы педагогикалық еңбек өтілі 4 (төрт) жылдан жоғары ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін сұраныс https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdE3H86yAPtca13FwTqdUubpMTROoGGhtm3ZVMuYyq7s8sF4A/viewform сілтемесі арқылы тіркеу формасын толтыру және сұраныстың сканерленген нұсқасын жүктеу арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылдың 30 қаңтарға дейін толтыру керек.
5. Байқау кезеңдері
І . Іріктеу кезең.
Тест тапсырмалары.
Тестілеу түрі тілді меңгерту деңгейін анықтауға арналған. Тест лесксико-грамматикалық құрылым және оқылым бөліктері бойынша 50 жабық түрдегі тест тапсырмасынан тұрады.
Тестілеу уақыты - 60 минут. 1 ақпан күні тестілеу. (тесттен өту орны және уақыты қосымша жіберіледі)
!!! Ескерту: 80%-дан жоғары балл алған мұғалімдер келесі кезеңге өтеді.
ІІ. Ықшам сабақ өткізу (15-қа дейін минут)
Сабақтың мазмұндылығы;
АКТ қолданылуы;
Уақытты тиімді пайдалану;
Ұтымды әдістерді пайдалану;
Дидактикалық материалдарды пайдалану.
Сабақты бағалау критерийлері: (10 ұпай)
Сабақ мақсатының дәлдігі, маңыздылығы, түсініктілігі
Педагогтың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру деңгейі
Жаңашылдықпен ойлай білуі мен икемділігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана білуі
Педагогтің ғылыми-әдістемелік шеберлік деңгейі
Оқу материалдарының ғылымилығы, қажетімділігі
Мұғалімнің шешендік қабілеті
Сабақтың нәтижелілігі
Сабаққа қойылатын талаптар:
оқу бағдарламаларына сәйкес болу;
дидактикалық қағидаларды іске асыру;
оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу дағдыларының сабақта көрініс алуы;
оқыту мақсатын тұжырымдау;
жаңа оқу материалын түсіндіру, сұрақ қою;
саралаған оқу тапсырмалары;
қорытынды бөлім: қорытындылар, кері байланыс;
сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, зерттеу, жоба жұмыстары, чаттарда. Әлеуметтік желілерде талқылау , пошта арқылы хат алмасу).
ІІІ. Негізгі кезең.
1. Өзін-өзі және жұмыс моделін таныстыру – қатысушылардың өзі жайлы мәлімет, қолданып жүрген әдіс-тәсілдері, технологиясы, жұмыс жүргізудегі ұсынатын моделі, 5 (бес) слайдтан тұратын презентацияны қорғауы. Берілетін уақыт – 5-7 минут. 10 балл.
Бағалау критерийлері:
Өзіндік ой-пікірін еркін жеткізе білу қабілеті;
Таныстырудың өзіндік ерекшелігі;
Сөйлеу мәдениеті, өзін ұстауы;
Жұмыс моделінің креативтілігі, құндылығы.
Регламентті сақтауы.
2. Эссе жазу. Берілген тақырыпта эссе жазу. Эссе тақырыптары осы кезең барысында беріледі. Эссе көлемі – 200-250 сөз. Берілетін уақыт – 40 минут.
6. Қазылар алқасы
Аудандық байқаудың қазылар алқасын ұйымдастыру комитетінің ұсынуымен аудандық білім бөлімінің басшысы бекітеді. Қазылар алқасы байқауға қатысушыларға берілген тапсырмаларды, бағалаудың өлшемдерін әзірлейді. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың ашық сабақтарына, олардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін ашатын байқаудың тапсырмаларын құрастырады. Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлерін анықтайды және оларды марапаттайды.
7. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындар және номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Байқау номинациялары: «The creative teacher», «The teacher-innovator», «Teacher-researcher»,
Байқау 2023 жылғы 14-ақпан күні № 28 мектепте өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |