3. Студент міндетті:
3.1 Тәжірибе бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырмаларды орындауға, керекті ақпарат жазылған күнделік жүргізуге, күндер бойынша атқарылған жұмыстың көлемін көрсетуге, мекеме мамандарынан кеңес алуға, мекемедегі қоғамдық жұмыстарға және басқа да іс-шараларға қатысу.
3.2 Еңбек қауіпсіздігі ережелерін, техникалық қауіпсіздік және санитарлық ережелерін қатаң түрде сақтау.
3.3 Мекеме бөлімдерімен, кадрлық орналасуымен және қызметтік нұсқаулықпен танысу.
3.4 Техникалық құралдар-жабдықтарды, құжаттарды ұқыпты пайдалану.
3.5 Тандалған мамандық бойынша, теориялық білімін тәжірибелік дағдылар көмегімен бекіту.
3.6 Атқарылған жұмыстарға және оның нәтижесіне жауапты қарау.
3.7 Мекеменің жұмыс күнінің тәртібін ұстану.
3.8 Тәжірибе жұмысына жауапты түрде қарау, барлық тапсырмаларды өздігінен орындау.
3.9 Бөлімнің қоғамдық өміріне, басқару және тәрбиелік жұмыстарына қатысу.
3.10 ҚазҰУ имиджін көтеру.
3.11 Тәжірибе жетекшісіне, мекеменің басшысымен куәландырылған атқарылған жұмыстары бойынша тәжірибе есебі туралы күнделік, мінездеме және бағалау қағазын өткізу.
4. Тараптардың жауапкершілігі:
4.1 Тараптар студенттің тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізуге байланысты жүктелген міндеттемелерін орындамаған жағдайда ҚР заңнамаларына және қолданыстағы техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады;
4.2 Осы келісім-шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар белгіленген тәртіп бойынша шешіледі;
4.3 Келісім-шарт бір тараптан ҚазҰУ-дың қол қоюымен және бір тараптан мекеме қол қойылған сәттен күшіне енеді.
Келісім-шарт мерзімі
«__»_______ 20__ж. мен «__» ______ 20__ж.
Тараптардың заңды мекен – жайы:
КеАҚ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ:
Әл-Фараби даң.,71. инд: 050040
Академиялық мәселелер бойынша
Басқарма мүшесі – проректор
Жакыпова Фатима Надыровна
___________________________
Қолтаңба/мөрі
Мекеме_________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
___________________________
Қолтаңба/мөрі
|