Институты/институт__Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты
Алматы – 2023 жыл
КІРІСПЕ
Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық практикасы білім алушылар тұлғасының және ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу рәсімімен практикалық танысуға, сабаққа (тәрбие іс-шарасына) психологиялық-педагогикалық талдау жүргізу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Психологиялық- педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерде білім беру процесін ұйымдастыру және оның жүзеге асуы туралы, психологиялық-педагогикалық қызмет, тұлғаның жеке дамуындағы және білім алушылар ұжымын оқыту және тәрбиелеуді психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу туралы толық түсінікті, зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру.
Психологиялық-педагогикалық практикадан өту қорытындылары бойынша оқыту нәтижелері:Психологиялық бақылау құрылымының негізгі ерекшеліктерін, мұғалімнің педагогикалық процесс субьектілерімен өзара әрекеттесу тәсілдерін білу;
Ұжымды және жекелеген білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеуді жүргізу;
Оқу-тәрбие процесін дидактикалық, психологиялық аспектілерде талдау және жоспарлау;
Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде/куратор сыныпта тәрбие жұмысын жобалау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерін бағалай, оның кері байланысын жүзеге асыру;
Білім алушылардың жетістіктерін диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдану;
Білім алушылардың әлеуметтену және кәсіби өзін-өзі анықтау процестеріне педагогикалық қолдау көрсету;
Ұжым мен білім алушының жеке басының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру.