Үздіксіз (психология-педагогикалық практикасы студенттердің болашақ мамандықтары бойынша үздіксіз тәжірибелік даярлаудың бір кезеңі болып табылады. Ол оқу процесінің барысында педагогика және психология пәндерінің базалық курстарымен қатар өткізіледі және сол педагогикалық-психологиялық білімдерін тәжірибеде қолдана отырып тереңдетеді.
Үздіксіз психология-педагогикалық практикасының көлемі -3,4 семестр 2 кредит- 60 сағатты құрайды. Өткізу мерзімі 10 апта. Апталық жүктеме -6 сағат.
Үздіксіз (педагогикалық-психологиялық) практикасының базасы- болашақ кәсіби қызметіне сәйкес, білім беру ұйымдары болып табылады.
Үздіксіз (психология-педагогикалық) практикада білім алушы күнтізбелік сабақ және ашық сабақ жоспарын құру, оқу үдерісіне қажетті әдіс-тәсілдерді меңгеруі тиіс.
Практика басында кафедрадан бекітілген практика жетекшілерімен кіріспе конференция ұйымдастырылады, оның мақсаты білім беру бағдарламасы бойынша практиканың мақсатын, міндеттерін және мазмұнын түсіндіру, білім алушыға бағыт бағдар беру.
Үздіксіз (психология-педагогикалық) практикасы -3,4 семестрде60 сағат көлемінде өткізіледі. Өткізу мерзімі 10 апта. Апталық жүктеме -6 сағат.
Үздіксіз практиканың мақсаты –білім алушыларда заманауи мектептің оқу-тәрбие процесінің негізгі субъектісі (қатысушысы) ретіндегі көзқарасын қалыптастыру.
Үздіксіз практиканың міндеттері:
педагогикалық әрекетке қызығушылықты қалыптастыру;
әртүрлі типтегі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы оқушылардың ойларын нақтылау;
мұғалім жұмысының ерекшелігін зерттеу: мұғалімнің қызметтері мен кәсіби міндеттері;
бақылауларды есепке алу, өңдеу, алынған ақпаратты талдау және қорытындылау;
білім алушының теориялық білімін тәжірибеде жетілдіру.
Практиканың мазмұны жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған және келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
практика ұйымдастырылатын оқу орындарының базасымен танысу;
педагогикалық практикадан өтудің күнтізбелік жоспарын құру;
мұғалім жұмысының ерекшелігін зерттеу;
мектеп құжаттамасымен және оны жүргізу тәртібімен танысу;
бақылау жүргізу және мұғалім мен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас стилін анықтау;
сабақтарды бақылау және талдау, берілген тапсырмаларды орындау;
жаңартылған білім беру бойынша сабақ жоспарларының құрылымын меңгеру;
педагогикалық бақылау нәтижелерін құжаттау;
тәжірибе есебін дайындау
Практиканың тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстар әзірленеді. Орындалған тапсырмалардың нәтижелерін практика жетекшісімен тексеріледі және бағалау критерийлері негізінде практика бойынша қорытынды баға қойылады.