Зейін туралы түсінік


ШОҒЫРЛЫ НИЕТТЕЛМЕГЕН МАҚСАТ



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16854
1   2
Байланысты:
Зейін туралы түсінік

ШОҒЫРЛЫ
  • МАҚСАТ
  • БАҒЫТТЫ
  • ҚОЗАЛЫСТЫ
  • ҚАРҚЫНДЫ
  • ТІТІРКЕНУ
  • ҰЙЫМДАСҚАН
  • ЖАҢАЛЫҚТЫ
  • ТОСЫН
  • ТҰРАҚТЫ
  • НАҚТЫ
  • ОРЫНДЫ
  • ОБЪЕКТ
  • АУЫСПАЛЫҒЫ
  • ЗЕЙІННІҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУ ШАРТТАРЫ
  • ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ
  • НИЕТТЕЛГЕН
  • Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады.
  • Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты.
  • Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да
  • үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады.
  • Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады.
  • Зейін туралы Н.Н.Ланге тұжырымдары:
  • 1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі.
  • 2. Зейін сана аумағының шектелуі болуынан туындайды.
  • 3. Зейін көңіл – күй нәтижесі.
  • 4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі.
  • 5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті.
  • 6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшейуінің нәтижесі.
  • 7. Жүйкелік тежелу теориясы.
  • Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі,шоғырлануы, тұрақтылығы, аударылуы.
  • Зейіннің көлемі бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны
  • Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді.
  • Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады.
  • Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық
  • Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады.
  • Сонымен зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі,осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағытталған психолгиялық әрекет.
  • Өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау.Әр адам әрекеті бағыттау,орындау және бақылау бөліктерінен тұрады.Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады.
  • Белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің,яғни бағыттаудың өз алдына нәтижесі болмайды.
  • Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет