Зейнетақы қоры еңбектің жалпы қорының 10% құрайды: 36 Жалпы соңында пайдалану шығындары анықталады: 37



бет11/18
Дата13.06.2022
өлшемі416,33 Kb.
#36774
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Али ДипломV0.6

IV Тарау. Экономикалық бөлім

4. Экономикалық тиімділік есебі
Темір жол көлігінде әр алуан техникалық және ұйымдастырушылық шарадарды жоспарлау, жобалау және орындау кезінде экономикалық тиімділігін, қабылданған шешімдердің дәлелділігін және ақша қаражатының ақталу мерзімін есептеуңн кеңірек қолдану қажет.
Экономикалық ғылымдар өнеркәсіптік темір жол көлігін қоғамдық өндірістік қарым қатынастары жағынан зерттейді, көліктегі экономикалық заңдардың көрінуін, олардың пайдалануын, көліктің өнеркәсіптегі рөлін, өнеркәсіптік көліктің магистралдық темір жолдар және басқа көлік түрлерімен, әр түрлі кәсіпорындармен байланысы мен әрекеттестігін, жоспарлау әдістерін, қаржыландыруды, шаруашылық есептер мен материалдық ынталандыруды ұйымдастыруды, тарифтік саясат пен бағаның құрылуын, өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау әдістерін және т.б. қарастырады.
Өнеркәсіптік көлік экономикасы ғылым ретінде техникалық ғылымдармен байланысты және де олардың барлық жетістіктерін ескереді. Экономика ғылыми-техникалық прогресстің бағытын, жаңа техниканы анағұрлым тиімді пайдалану сферасын анықтайды, оның араметрлерін дәлелдейді, ең жаңа техниканы, оның тиімділігін бағалйды. Жаңа техника оның экономикалық тиімділігінің дәлелденген кезінде ғана енгізіледі. Сондықтан өнеркәсіптік темір жол көлігіндегі ғылыми-техникалық прогресстің бағыттары мен бір беткейлігінің экономикалық бағалануы, жаңа техниканың, технологиясының және қызметтің алдыңғы әдістерінің экономикалық тиімділігін анықтау басты жағдайлар болып табылады.
Темiр жол кәсiпорын көлiгiнiң экономикасын оқып, талдау мынандай жағдайларды үйретедi. Шаруашылықтың керексiз жерлерiн жою, жаңа даму жолдарын iздестiру. Қоғамға, яғни жұмыскерлерге басты қажет нәрсе соны бiлiп, меңгеру. Қоғамның экономикалық саласын әрi жұмыс iстеу қабiлетiн өсiру. Өндiрiстiң экономикалық тәуелділігін сауатты түрде шешу (меңгеру). Экономика ғылымы және техникалық ғылымдар, өнiм өндiрiп шығаратын өндiрiстердiң экономикасын оқытады. Техникалық ғылым, өндiрiстiң адам күшiн, өндiрiс күшiн, құрал күшiн оқытады ал экономика ғылымы адамдардың (қоғамның) ара қатынасын, өнiмнiң таралу жолын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды үйретедi, оқытады техника көлiктерi пәнi құрамдардың санын, жолды, арту-тасымалдау iстерiн байланысты, техникалық жабдықтарды қалай жөндеу, әрi қалай пайдалану керектiгiн оқытады[8].
Ал экономика пәнi - жоспар жасауды, ақша көлемiн, кiрiстi, пайданы, бағаны, қаржыны, әрi өндiрiстегi қоғамдық қатынастарды оқытады. Темiр жол өнеркәсiп көлiгiнiң экономикасы өзiнiң бастауын диалектикалық материализiмнен алады. Осыған негiзделедi (арқа сүйейдi).
Тиiмдiлiк (эффективтiк) - деп техникалық, эксплуатациялық үнемдiлiктiң арасындағы тиiмдi қатынастарды атайды. Тиiмдiлiктiң екi түрi болуы мүмкiн. Техника - пайдалану және салыстырмалы - абсолюттiк экономика (үнемдiлiк).
Техника-пайдалану тиiмдiлiк техниканың қайсы тиiмдi, ыңғайлы екенiн оқытады. Экономикалық тиiмдiлiк-шығынды, табысты, кiрiстi көрсетедi.
Әрбiр техникалық, пайдалы тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiдiкке көп ықпал жасайды. Ол ықпал ақша көлемiнде, кiрiс пен шығыс түрiнде болады. Мысалы, жанар майды үнемдеу, локомотивтердiң жұмыс күшiн өсiру, пойыздардың жүрiс жылдамдығын асыру, тағы да басқа жәйiттер. Осының бәрi эксплуатациялық шығынды үнемдеуге, өндiрiстiң дамуына ықпал жасайды. Барлық жағдайда да халық шаруашылығын дамытуда, осы шаруашылықтың тиiмдiлiгiн ескерген жөн. Халық шаруашылық тиiмдiлiгiн, өндiрiстегi қызмет ету қабiлеттiлiгiнен тасымалдаудың жаңа сапалы түрiнен күнделiктi шығынды үнемдеуден, таптырмайтын материалдарды үнемдеу, сақтауда, пойыздардың жүрiсiнiң қауiпсiздiгiнен тағы да басқа жәйiттерден (анықталады) көруге, түсiнуге болады.
Экономикалық тиiмдiлiктi есептеп анықтауға керектi шарттар: тиiмдiлiктi ғылыми тұрғыда дәлелдеу, ең басты критериясын анықтау. Атқарылатын iстеудiң баға принцiпiн таңдап алу. Тиiмдiлiктiң әр-түрлi жағдайлар үшiн эксплуатациялық көрсеткiшiн анықтау, алгоритiмдiк өңдеу. ЭЕМ үшiн программа жасау, осының бәрi қорыта келгенде, техникалық нұсқалар халық шаруашылығы экономикасын өнiмдi түрде жасау керектiгiн дәлелдейдi. Осы жағдайлардың барлығы тиiмдiлiк критериясына ықпал жасайды.
Тиiмдiлiктiң ең басты көрсеткiштерiнiң бiрi - қоғамдық еңбектiң өңiмдiлiгiн көтеру. Қоғамдық еңбектiң өнiмдiлiгiне әсер ететiн көрсеткiштерге мыналар жатады. Барлық қайта өңдеу жүйесiнiң өсiмi, өткiзу қабiлеттiлiгi өндiрiстiң көлемiнiң өсуi, тасымалдаудың өнiмдiлiгi. Пойыздардың, локомотивтердiң жылдамдығын қысқартқанда ненi еске сақтау керек: олар рельстердiң, машиналардың қауiпсiздiгi, ұзақ қызмет етуiн. Механизмдердiң қызмет ету уақытының созылмалығы. Қозғалыстағы құрамның, салмағының мөлшерi. Жүк көтерiлiмдiгiн азайту. Барлық жұмыстың автоматизациялық, механизациялық процесi және арту, тасу жұмыстарының көлем деңгейiнiң төмендеуi.
Осы шарттардың бәрi - соңында ақша көлемiнiң деңгейiн көрсетедi. Тиiмдiлiктiң тағы бiр жолы-жылдық пайдалынатын шығын, белгiлi уақытқа есептелген (мысалы 5-10-15 жылға).
Бұл шығын жылдың аяғына дейiн, немесе белгiленген жылға есептеледi. Бұған жанар май, электр энергиясы, қосалқы саймандар, ақы төлемi, амортизациялық шығын, жалпы шаруашылықа керек жабдықтар жатады. Осыларға шығатын шығындар қайтарылатын шығынға жатады бұл өзiндiк құн деп аталады.
Өнеркәсiп жұмысының тиiмдiлiгi, көбiнесе iстелiнетiн жұмыстардың сапасы мен көлiктiң магистральдық түрлерiне байланысты. өндiрiс пен өнеркәсiп өнiмдерiнiң артуы өнеркәсiп орындарының көбейуi, ауылшаруашылығының дамуы, құрлыстың дамуы, ең соңында темiр жол өнеркәсiп көлiктерiнiң маңыздылығын көрсетедi. Темiр жол өнеркәсiп көлiгi бiр жағынан бөлiнбейтiн бiр бөлiгi, ал екiншi жағынан елдiң көлiк жүйесiнiң ең маңызды саласы.Темiр жол өнеркәсiп көлiктерiнiң 20 жылда атқарған жұмыс көлемi 2 есеге өскен. Темiр жол көлiгiнiң тиiмдiлiгi көбiнесе көлiктiң белгiлi бiр түрiмен атқарылуына байланысты. Қазiргi уақытта ең көп тараған түрi темiржол цехтары. Бұлардың үлесiне тиетiнi - темiр жол тасымалдау жұмысының 74,7 % пайызы, темiржол шаруашылығына тиiстi үлес - 2,6%, өнеркәсiп салаларының арасындағы темiржол көлiктерiне тиетiн үлес - 4,7%, темiржолдың қабылдау жолдарының үлесiне тиiстiсi - 27%.
Темір жол көлігіндегі технико-экономикалық есептеулер құрылыс жобасының және басқа да көлік объектілерін қайта құрастырғанда, тұрақты құрылғылар мен жылжымалы құрамдарды пайдалану жұмыстарын жетілдіру үшін түрлі нұсқаларды салыстыру және таңдау үшін пайдаланылады. Көлікте жүргізілген барлық шаралар көлік үшін ғана орынды бағаланып қана қоймай, өндірістік кәсіпорындар жағынан да тиімді болуы керек. Мысалы, тасымалдау жұмыстарының көлемін төмендететін түзету сызығы сөзсіз тиімді, бірақ көліктің жеке кәсіпорындарының рентабельділік көрсеткішінің нашарлануына әкелуі мүмкін.
Технико-экономикалық есептеулер белгіленген ғимарат объектілерін қайта құру жұмыстарының халық шаруашылығының мәнін анықтау үшін пайдаланады, оның көліктік дамуына әсер етеді және көлік шегінен тыс тиімділіктерін анықтайды. Сондай-ақ шараны жүзеге асыруға дейінгі және одан кейінгі пайдалану барысындағы арнайы мүмкіндіктері мен талаптарын сипаттайтын шаралар арқылы технико-экономикалық көрсеткіштерді де анықтайды.
Технико-экономикалық есептеулерде бірнеше техникалық және экономикалық мүмкіндіктердің орынды нұсқалары қарастырылады. Алынған негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру нәтежиесінде қаржылық салымдарды экономика жағынан ең тиімді пайдалану жүзеге асырылады. Технико-экономикалық есептеулер негізінде таңдалынған көлік көлемінің құрылыстық немесе қайта құрастыру жұмыстарының кезегі белгіленеді.
Экономикалық тиімділік – бұл алынған қорытындыларға қажетті шығындарды өлшеп, жоспарды керекті мақсатта өткізуге арналған шара. Егер бұл шаралар қосымша еңбек және материалдық шығындарды қажет етпеген жағдайда, тиімділік алынған нәтежие көлемі арқылы алынады.
Жоспарлық шешімнің экономикалық тиімділік есебі бүтіндей халық шаруашылығының салаларының, кәсіпорындарының немесе оның бөлімдерінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Тек технико-экономикалық есептер негізінде өнеркәсіптік көліктің қажетті түрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді және берілген құрылғылар мен құрылыстарды қайта құру жұмыстарының дұрыс мақсатта өтуі үшін нақты шартта көлікті техникалық жабдықтаудың эконоимкалық түрі қарастырылады.
Жоспарлық шешімнің экономикалық тиімділігінің негізі мен есебі жоспардың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Жоспарланған шаралардың тиімділігін есептеудің барлық жағдайларында әрқайсысы ауыр еңбекті жоюды, оның санитарлы-тазалық шарттарын жақсартуды және қауіпсіздікті, қоршаған ортаның қалпын сақталуын қадағалауды есте тұтқан жөн. Сонымен жоспарлаудағы шешімнің экономикалық тиімділігінің белгісі ұлттық пайдада байқалатын еңбек өнімділігін жоғарылату болып табылады.
Күрделі қаражат шығару – бұл ғимараттар мен үймереттер құрылысына, көлік немесе механизмдер, құрылғылар және жылжымалы құрамдар сатып алуға жұмсалатын бір уақыттағы шығындар, әрі жұмыс істейтін негізгі қорларды қайта құру мен жетілдіру.
Пайдалану шығындары – бұл өндірістегі тасымалдаудағы тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға жұмсалатын кезекті шығындар. Оларға аударылған сомасы бар еңбек ақы мен әлеуметтік сақтандыру, материалдық құндар, жанармай, электр энергия, амортизациялық жарна және т.б. шығындар жатады[8].
Нұсқаларды салыстыру барысында пайдалану шығындары қарастырылып отырылған көлік объектісі бойынша ғана емес, сондай-ақ берілген немесе шараны пайдаланудағы өзгерістер бойынша да анықталады. Шығындарды есептеу барысында барлық салыстырылып отырылған нұсқалармен салыстырылып отырылуы және пайдалану жұмыстарын, техникалық құрылғыларды жөндеуі және құрамы бойынша кезекті шығындар анықталынады. Пайдалану шығындары, ереже бойынша, қазіргі заманғы баға деңгейімен, еңбек ақы көлемімен, еңбек өнімділігімен және жұмыс ауысымының ұзақтығымен анықталынады.
Осы дипломдық жұмыста Қарағанды-Сұрыптау стансасында маневрлік жұмыстарды автоматтандырылған жүйемен басқару ұсынысы қарастырылған.
Маневрлік жұмыстарды автоматтандырылған басқару жүйесі стансаның тұрақты пішінін көрсетеді. Оның ішінде маневрлік жұмыстар, пойыздық, вагондық және локомотивтік пішіндер кіреді. Бұл жүйе автоматты түрде стансаның аймағы мен ауданындағы, парктегі вагондар мен локомотивтердің, пойыздардың жүруін тұрақты пішінде жинақтап отырады. Сонымен қатар, диспетчерлік жұмыскерлерге стансадағы вагондардың нақты орналасуын, пойыздық және маневрлік локомотивтердің станса аймағында және мекемелердің кірме жолдарында орналасуын, құрастырылған пойыздар мен жергілікті жұмыстар туралы ақпарат береді.
Тұрақты пішіннің негізінде келесі мәселелерді қарастырамыз: станса жұмысының «электрондық бұйрық» ретінде автоматтандырылған диспетчерлік жоспарын құрастыру, жоспардың орындалуын диспетчерлік бақылау, станса жұмысының көрсеткіштерін тез арада есептеу. Тұрақты пішіндегі АБЖ жүйесі ауысымдағы қызметкерлердің станса жұмысының көрсеткіштерін бақылаудың жаңа сатысына көшуіне, ауысымдық – тәуліктік, диспетчерлік жоспарлардың орыдалуындағы станса жұмысының қиындық туғызатын жерлерін анықтауға, вагондармен белгіілінген үрдістер жүргізуге, сонымен қатар болашақта пайдалану шығындарын ескеруге арналған.
Басында күрделі қаржыны анықтаймыз. Қаржылық салымдарға құрылыс жұмыстары, жылжымалы құрамға тиеу-түсіру механизмдеріне, құрылғыларды,жабдықтарды сатып алу мен орнату үшін кететін шығындар жатады. Сондай-ақ оларға құрылыспен байланысты, бірақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының шығындарына жатпайтын (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекцияларын сақтау, жобалау-зерттеу жұмыстарына шығындар және т.б.)

К = Со + Т + М +О, (4.1)


мұндағы,


Со – материалдық ресурстардың жалпы құны;
Т – тасымалдауға кететін шығындар – 50 000 тенге;
М – бағдарламан орнату мен дайындауға кететін шығындар – 52 800 теңге;
О – оқытуға кететін шығындар – 200 000 теңге.
Қазіргі кездегі бар станса кезекшісінің жұмыстарына кететін шығындар К1=0, ал маневрлік жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін орнатқан кезде К2 мынаған тең болады:

К2=1 267 460+50 000+52800+200000=1 570 260 теңге


Материалдық ресурстардың құны бірқатар жабдықтардан құралады.


Жалпы құн мына формуламен анықталады:

Сжал = Смк.м.қ., (4.2)


мұндағы,


См – маневрлік жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесі –
738 360 теңге;
Ск.м.. – келістіру модулі – 316 700 теңге;
Сқ. – бір жылға қызмет көрсету, екінші жылдан бастап – 212 400 теңге;

Сжал=738360+316 700+212 400= 1 267 460 теңге;

Ендігі кезекте жалпы пайдалану шығындарын есептейміз. Оған кіретіндер: еңбек ақы, әлеуметтік салық, зейнетақы қоры, амортизация шығындары, электр қуатының шығындары және басқа шығындар.
Жалпы пайдалану шығындары екі жағдайда формула бойынша анықталады:
тг (4.3)

тг (4.4)

мұнда Зпр1,2 – бос тұрыс салығы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет