Зейнетақы қоры еңбектің жалпы қорының 10% құрайды: 36 Жалпы соңында пайдалану шығындары анықталады: 37


Қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



бет17/18
Дата13.06.2022
өлшемі416,33 Kb.
#36774
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
5.5. Қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар


СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты барлық кәсіптегі қызметкерлердің қалыпты санитарлықгигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету үшін әрбір ЖЖ-да санитарлықтұрмыстық және қосалқы үй-жайлар жабдықталуы тиіс. Әрбір ЖЖ-да жылытылатын санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар болуы тиіс, құрамында: киім ілетін орындар, себезгі бөлмелері, жуынатын бөлмелер, санитарлық тораптар (дәретханалар), сондай-ақ арнайы киімді жууға, химиялық тазалауға, кептіруге және жөндеуге арналған үй-жайлар, темекі шегуге арналған орындар болуы тиіс. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын және медициналық қызмет көрсетуін ұйымдастыруға, сондай-ақ бөгде ұйымдардың базасында арнайы киімді жууды, химиялық тазалауды және жөндеуді жүргізуге жол беріледі. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар тазалықта және тәртіпте ұсталуы тиіс. Ғимараттардағы, тұрғын, тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы вагондардағы және фургондардағы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар қабырғаларының ішкі беті сыртқы ортаға уытты заттарды бөлмейтін және жуу құралдарын қолдана отырып сумен жууға жол беретін материалдармен жабылуы тиіс. Тамақ ішу үшін асхана немесе арнайы жабдықталған үй-жай болуы тиіс. Тамақ ішуге арналған үй-жай тұрмыстық шкафпен, түскі үстелмен, тоңазытқышпен, плитамен, титанмен жабдықталуы тиіс. Жұмыс орындарында тамақ сақтауға және ішуге жол берілмейді. Ашық ауада жұмыс орындайтын қызметкерлері үшін , демалыс және жылыну үшін үй-жайлар (пункттері) қарастырылуы керек. Үй-жай жылытумен, жасанды жарықпен, ЖҚҚ-ны тез кептіруге арналған кептіргіш шкафпен, қызметкерлерді тез жылытуға арналған құрылғымен 150 (жергілікті байланыс, конвекциялық немесе сәулелі жылыту қондырғылары), суық және ыстық су келтірілген қолжуғыштармен, электр қайнатқыштармен жабдықталуы тиіс. Үй-жайда үстел, орындықтар, киім ілгіш орнатылады. Жылыту және тамақтану пункттері тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін. Жылжымалы пункттер ретінде осы мақсаттар үшін бейімделген вагондары бар, аралыққа технологиялық немесе арнайы "терезелерге"шығатын шаруашылық пойыздары пайдаланылуы мүмкін. Демалуға және түнде ұйықтауға арналған үй-жайларда диван мен тумбочка қарастырылуы тиіс. Жұмыс беруші қолжуғыш бөлмелерде суық судың, қол жууға арналған сабынның үнемі болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс жүргізілетін орындарда ауыз сумен жабдықтау ұйымдастырылуы тиіс. Арнайы бөлінген орындарда шаң мен басқа да зиянды заттардың түсуінен қорғалған бактар немесе ыдыстар орнатылуы тиіс. Бөшкелерде немесе ыдыстарда күн сайын температурасы плюс 20-дан жоғары емес(С және плюс 8-ден төмен емес(барлық жұмысшылардың қажеттілігін қанағаттандыру есебінен) ауыстырылатын қайнатылған су болуы тиіс. Ауыз су бөшкелері ауыз судың сапасына әсер етпейтін, қақпағы тығыз жабылатын жеңіл тазаланатын және дезинфекцияланатын материалдардан жасалуы тиіс. Ауыз суқұбырларының саптамаларын және ауыз суқұбырларын еденнен кемінде 1 м биіктікте орналастыру керек. Ішетін бөшкелерді күн сайын тазалау, жуу және мезгіл-мезгіл (үш күнде 1 рет) дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу керек. Су құбыры суы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" талаптарын қанағаттандыратын орындарда темір жол көлігі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аумақтық басқармасы аумақтық бөлімінің рұқсатымен қайнатылмаған суды пайдалануға жол беріледі. Суды тасымалдауға тек жабық ыдыстарда ғана рұқсат етіледі. Құдықтар, өзендер, көлдер және басқа да сумен жабдықтау көздерінің жанында арнайы киімді және басқа да ЖҚҚ жууға және өңдеуге тыйым салынады. ЖЧ - да белгіленген орындарда алғашқы көмек дәрі қобдишалары болуы тиіс. Дәрі қобдишасының жоғарғы қақпағының ішкі жағында мақсаты бойынша дәрі-дәрмектерді қолдану көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер жиналатын орындарда медициналық мекемелердің мекенжайлары мен телефондары ілінуі тиіс. Алғашқы көмек қобдишасын ұстау, сақтау және толықтыру үшін жауапкершілік аға электромеханикке жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет