Зейнетақы қоры еңбектің жалпы қорының 10% құрайды: 36 Жалпы соңында пайдалану шығындары анықталады: 37



бет14/18
Дата13.06.2022
өлшемі416,33 Kb.
#36774
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Али ДипломV0.6

V Тарау. Еңбекті қорғау


5.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері

Еңбек қорғау- бұл құрамы құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, ұйымдастырушы- техникалық, санитарлы- гигиеналық, оқу- алдын – алу, реабилитациялық және басқа да шаралардан тұратын еңбек ету процесі кезіндегі жұмысшылардың өмір және денсаулығын сақтау жүйесі болып табылады. Еңбек қорғау өндірістік кездейсоқ жағдайлардың, кәсіби аурулардың, апаттардың, жарылыстардың, өрт жағдайларының мүмкін болатын себептерін қарастырады и осы себептерді жоюға бағытталған талаптар мен іс- шараларды жүргізеді, адам үшін қауіпсіз және жақсы жағдайлар жасайды.


Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы келесі құжатта көрсетілген:
1)Қазақстан Республикасының Ата Заңы;
2)Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі;
3)Қазақстан Республи касының субьектілерінің заңы мен нормативті актілері.
Еңбек қорғау жүйесінің негізгі құжаты еңбек келісім шарты болып табылады. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім.


5.2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары


Электр механик және электромонтеражұмысына 18 жастан жоғары , жұмысқа түскен уақытта медициналық тексерістен өткен, оқыған ,еңбек қорғау бойынша жұмыс орнында бастапқы және бірінші нұсқаулықтан өткен,тағылымдама және білімін тексеруден өткен тұлғаларға рұқсат беріледі. Электромеханиктер мен электромонтерлергеэлектр қауіпсіздігі бойынша сәйкестендірілген топ берілуі тиіс. Жұмысшы өндіріс орнының еңбек тәртібін сақтау қажет [1]. Жұмыс кезінде электромеханик пен электромонтер бекітілген тәртіп бойынша дәстүрлі ауысым алдында медициналық тексерістен өтуі тиіс, үш айда бір рет нұсқаулық қайталау , сондай – ақ жоспарсыз және мақсатты нұсқаулықты өтуі тиіс[2]. Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуге (ББОБ) келесі нормативтік актілерге сәйкес бөлімдерден білімі бар екеніне тексеруден өткен тұлғалар жіберіледі: -Қазақстан Республикасының темір жолын техникалық пайдалану ережелері(ТПЕ); 133 Электр қондырғылардың құрылғыларының ережелері; Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережесі; Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі; Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері; ҚР темір жолында дабылдар бойынша нұсқаулық (ДНИ ); ҚР темір жолында пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстары бойынша нұсқаулық ( ПҚН); Дабыл, орталықтандыру және Н бұғаттау қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулық (ДОБ); ДОБ қондырғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізу және өндіріс кезінде техникалық қызмет көрсету бойынша пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқаулық; ДОБ қондырғыларына қызмет көрсету технологиясы; Қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі қажетті сауаттылықтың басқа да нормативті актілері. Электромеханик пен электромонтер білуі тиіс : − Қауіпті және зиян өндірістік факторлардың адамға әсері; − Электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және өндірістік тазалық талаптары; − Темір жолдарында болғандағы ережелер; − Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрінетін и дыбыстық дабылдар, қозғалатын құрамды қоршау тәртібі және қауіпсіздік белгілері; − Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері және қорапшаорналасқан орны. Электромеханик пен электромонтер міндетті: − технологиялық процесстер мен қызметтік міндеттермен қарастырылған жұмысты орындаудың қауіпсіз шараларын және технологиялық операцияларды қолдануға; − өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдана білуге; − құралдарды, құрылғыларды, сондай-ақ арнайы жұмыс киімі, жұмыс аяқ к імін и басқа да жеке қорғау құралдарын таза және жұмысқа жарамды күйінде ұстауға; − ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауға; − еңбек и демалыс тәртібін сақтауға. Электромеханик пен электромонтерге тыйым салынады: − көтеріліп и қозғалып тұрған жүктің астына тұруына; − жұмыс жасап тұрған маши наның қозғалыстағы бөлшектеріне қол тигізуге и сақтандырушы қақпақтарыболмаған жағдайда олардың жанында жұмыс жасауға; − оқшауландырылмаған сымға, жарықтандыру арматураларына, қысқыштарға және электр сымдарына, контактілік желі жақтауларына 134 және басқа да электро – техникалық құрылғыларға қол тигізуге, оның міндеттеріне кірмейтін жөндеу немесе қызмет көрсетуге; −жұмыс басшысының немесе рұқсат нарядының рұқсаты жоқ жұмыстарды орындау; −қозғалыс кезінде автомобиль кузовында, платформада, тіркемежәне басқа да жақтауларды, сымды катушка , бағдаршамдық мачт, реле шкафтарын и басқа ауыр салмақты жүктерді таси тын көлік құралдарында болуына. Жұмыс жасау кезінде электромеханик пен электромонтерге келесі қауіпті зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін: -жылжымалы құрам және басқа да көлік құралдары; -жоғарғы шу деңгейі; -адам денесі арқылы өтетін қысқа тұйықталулы электірлік шынжырлардың кернеуінің көтеріңкі мәні; -жұмыс орнынының жердің беткі қабатына (еденнің) қатысты біршама би ікте орналасуы; - жұмыс ортасындағы ауаның жоғары шаңдануы мен газдануы; - ауаның шамадан тыс ылғалдылығы мен жылдам қозғалысы; − жұмыс зонасының жеткіліксіз жарықтандырылғандығы; − құрылғылардың беткі қабатының өте жоғарғы немесе өте төменгі температурасы − жұмыс зонасының ауа температурасының өте төмендігі; − Электр өрісінің жоғары кернеуі; -магнит өрісінің жоғары кернеуі; − Химиялық қауіпті және зиянды факторлары; − Пойыз қозғалысы кезінде, биікте, темір жол жолдарында, көпірлерде және тоннельдерде жұмыс жасау кезінде жүйке – психикалық жүктемелер. Электромеханик (ШН) және электромонтер (ШЦМ) өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындауы қажет: − Осы мақсатқа арналып жасалған және − оқшаулатылған орындарда ғана темекі шегу; − Ақауы бар розеткамен, ажыратқыши басқа электр құралдарын қолдануға болмайды; − Оқшаулағыш қасиетін жоғалтқан немесе зақымдалған сымдармен жұмыс жасауға болмайды; − Электр шамдары мен үстел шамдарын қағазбен немесе матамен және басқа жанғыш материалдармен, сондай – ақ қақпақтары алынып тасталған (ыдыратушы)пайдалануға болмайды; −Стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздырғыш аспаптар, калибрленбеген балқығыш қойдырма немесе басқа да аса жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған қорғау аппараттарын қолдануға болмайды;
Темір жол жолдарында болған кезде электромеханик пен электромонтер келесі қауіпсіздік шараларын сақтауы керек: Жұмыс орнына келу және кері қайту жергілікті жағдайға байланысты темір жол станциясының аймағында қызметтік жолының белгіленген маршруты бойынша өту қажет; 136 Темір жол бойымен жүргендекюветтің ар жағынан өту қажет, тек қажеттілік кезінде рельстің шетінен 2м аспаған қашықтықта жолдың жанынан жол жи егі бойынша ғана өтуге болады. Жолдан немесе жол жиегінен(тоннелде, көпірде, өзеннің ағып өтуі кезінде, жол жиегі болмаған жағдайда, тайғанау және басқа да жағдайлар кезінде) өту мүмкін болмаған жағдайда жолдан өтуге келесі сақтық шараларын сақтауда ғана өткізілуі мүмкін: -екі жолдық торапта дұрыс емес бағытта және пойыздармен бір бағытта келу мүмкіндігін есте сақтай отырып, пойыз қозғалысына қарсы бағытта жүру қажет. Пойыздардың қозғалыс бағыттарын анықтау үшін екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған жүргізуде бағдаршам көрсеткіштеріне сүйенген жөн; Пойыз және басқа да қозғалушы бірліктер жақындаған кезде, пойызға 400м қалғанда , электромеханик пен электромонтер шеткі рельстен 2м қашықтықтағы жол жиегіне ыңғайланып жолдан шығуы керек; Станцияда жол бойымен өту кезінде кең жолдар аралығымен немесе жер төсемелерінің шетімен жүру тиіс, сонымен қатар іргелес жолдағы қозғалушы құрамның қозғалысына аса мұқият болу керек, жоларалығында шектеуші бағандар, арықтар және де басқа да кедергілер болуы мүмкін болғандықтан аяқ астына қарау керек; Теміржол жолдарынан белгіленген жерлерден (жаяужүргінші көпірлерінен, тоннелдерден) өту керек, ал егер олар болмаған жағдайда жол торабының осы бөлігінде қозғалушы құрамның жоқ екеніне алдын – ала көз жеткізгеннен кейін тік бұрыш бойымен өту керек; Теміржол жолдарынан бос емес қозғалушы құраммен өту үшін іргелес жол бойымен қозғалатып келе жатқан вагондар немесе локомативтің жоқ екеніне және тұтқалар мен қадамдардың жұыс жасайтындығына көз жеткізгеннен кейін өту керек; Вагонның өту алаңынан шығу кезінде алдын – ала шығу орнын тексергеннен кейін, вагонға жүзіңді бұрып тұрып тұтқадан ұстап тұру қажет; Тоқтап тұрған пойыздың вагонын немесе локомотивін кем дегенде 5 м қашықтықтан айналып өту қажет.Вагон тіркемелерінің аралық ашық тұстарынан ( арақашықтығы 10м- ден кем болса) өтуге үзілді- кесілді тыйым салынады.Қоршаушы бағдаршамдар,дыбыстық дабылдар мен ескертуші белгілер көрсеткіштеріне назар аудару керек. Электромеханик және электромонтерғатеміржол жолдарында болған кезде тыйым салынады: -Қозғалушы құрам және басқа да қозғалушы бірліктердің қозғалысы кезінде теміржол жолдарын қиып өтуге немесе жүгіріп өтуге ; -Вагон немесе локомотив баспалдағына отыруға және қозғалыс кезінде олардан секіріп түсуге ; -Тұрған вагонның астынан өтуге, сондай – ақ олардың астынан аспаптар, құралдар және материалдар алып өтуге; -Іргелес жолдар бойынша тоқтамай келе жатқан пойыздардың 137 арасындағы аралық жолда тұруға; - электрлік орталықтандырумен жабдықталған бағыттамалардан өтуге; -Бағыттамалық бұрма және айқастаршегіндегі жолдардан өтуге; -Рельстерге , электр желілерге, жол қорапшаларына и басқа да еденде орнатылған құрылғыларға тұруға немесе отыруға болмайды; -Өткір және рамалық рельстер, қозғалмалы жүрекше және бағыттық переводттың қоршауының немесе ойықтарының арасына және темірбетонды шпалдардың соңына тұруға. Теміржол жолдарын көруді қиындататын ғимараттан , сондай – ақ бөлмелерден теміржол жолдарына шыққан кезде теміржол бойымен қозғалушы құрамның келе жатпағандығына көз жеткізу керек, ал қараңғы уақытта қараңғылықққа көз үйренгенге дейін күте тұрған абзал. Рельс арасындағы шпал үстімен жүруге тек өте қажет болған, жол жи егімен жүру мүмкін болмаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Бұндай жағдайда пойыз және маневр құрамының қозғалысы жөнінде ұмытпаған және басқа жаққа көңіл аудармаған жөн. Көру мүмкіндігі төмен (тұман, қар жауған) және жол тайғақ кезінде, сонымен қатар қыста, дыбыстық дабылдарды естуге бас киімнің кедергі келтірген жағдайларда теміржол жолдарында болған кезде мұқият болған жөн. Тар жолдарда, жолдың екі жақ бетінде биік платформалар, қоршаулар, тік жол жиегі орналасқан жағдайда, сондай – ақ көпірлер мен тоннелдерде егер пойыз шыға келген жағдайда ернеуінетін қауіпсіз орындар белгілеп алған дұрыс. Жолда жұмыс жасалып жатқан орынға қозғалушы құрам жақындаған кезде жұмысшылар уақытылы барлық жұмыстарын тоқтатып, жұмыс орнынан құралдарды, аспаптарды и қосалқы бөлшектерді құрылысқа жақындау габари ттерінің ернеуінен асыра жинап және қауіпсіз орынға шегіну керек. Электромеханик пен электромонтер теміржол жолдарының аймақтарында қоршалмаған и кернеулі сымдарға немесе контактілік желілер бөліктеріне и ауа тораптарына 2м қашықтықта жақындауға болмайды, сондай – ақ жерге ти іп тұрған – тұрмағандығына және жерастымен жүргізілген конструкция ма әлде жоқ екеніне қарамастан үзілген контактілік желі сымдарына және ауа тораптарына қол тигізуге тыйым салынады. Байланыс желісі мен ауа тораптарының басқа элементтері мен сымдарының үзілгенін көрген жағдайда , сондай – ақ олардан салбырап тұрған өзге заттарды көрген жағдайда электромеханик пен электромонтер жұмыс жетекшісіне, байланыс желісінің жақын маңдағы ауданына, теміржол станци ясы бойынша кезекшіге немесе дабыл және байланыс дистанциясының диспетчеріне тез арада хабар беруі тиіс. Жөндеу бригадасы келгенше қауіпті аймақты үзілген сымдардан 8м қашықтықта ешкім жақындамайтындай кез – келген қолдағы құралдармен оқшаулау қажет. 138 ДОБ және байланыс құрылғыларын электрмен қамтамасыз ету электр беру тораптары арқылы жүзеге асатын теміржол электрленбеген аудандарында да осыған ұқсас қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Электромеханик (ШН) пен электромонтер (ШЦМ) жүргізу жұмыстарын орындау кезінде, сондай – ақ жүрдек пойыз болатын теміржол станциялары жолдарында қызмет көрсетілетін аудандар шегіндегі жүрдек пойыздар қозғалысының кестесінің мәлімдемесі боуы тиіс. Электромеханик пен электромонтер жүрдек пойыздың келуіне 10минут қалғанда жұмысты тоқтатып, пойыздың келуіне 5 минут қалғанға дейін материалдар мен аспаптарды жол жиегіне шығарып, кем дегенде шеткі рельстен 5м қашықтыққа қауіпсіз орынға барып тұруы ти іс. Жүрдек пойыз жүретін көршілес теміржол жолындағы жұмыс жүргізу кезінде де жұмыс осындай есеппен жайлы уақытта тоқтатылып , пойыздың келуіне 5 минут қалғанда жол үстінде ешкім болмауы тиіс, барлық жұмысшылар қауіпсіз жерде тұрғандары жөн. Көпірлер мен тоннелдердегі жұмыстар олардың ұзындықтарына қарамастан көпірден түсіп немесе тоннелден шығып үлгеру үшін қолайлы уақытта аяқталуы, жүрдек пойыздың өтуіне 5 минут қалғанда қауіпсіз қашықтыққа шығып үлгеруі тиіс. Жұмыс ауысымы кезіндегі әрдайым қолмен көтерілетін және орнынан қозғалтылатын жүктің рұқсат етілген салмағы ер адамдар үшін 15 кг, әйел адамдар үшін 7кг аспауы қажет. Басқа жұмыстармен кезектестірілген жағдайда ( бір сағатта 2 рет) қолмен көтерілетін и орнынан қозғалтылатын жүктің салмағы ер адамдар үшін -30 кг, әйел адамдар үшін – 10кг. Электромеханик пен электромонтер арнайы киімдерінің дұрыстығын , оны уақытылы жууға, хи ми ялық тазалауға и жөндеуге өткізілуін қадағалап отыруы тиіс, сондай – ақ шкафтарын таза и ретті ұстауы қажет. Жеке киімдері мен арнайы киімдерін гардероб шкафтарында бөлек сақтауы тиіс. Жеке қорғаныс құралдарын өнеркәсіп аймағынан шығаруға тыйым салынады. Асты ас ішуге сәйкес жабдықталған арнайы бөлмелерде немесе буфеттер мен асханаларда ішуге болады. Асты жұмыс орнында ішуге немесе сақтауға болмайды. Ас ішер алдында қолды сабынмен мұқият жуу керек. Суды тек қайнаған түрде ішу қажет. Торапта болған жағдайда суға арналған арнайы бөтелкелерді қолдану керек. Қайнамаған суды өнеркәсіп әкімшілігі белгілеген орындарында қолдануға рұқсат етіледі. Электромеханик пен электромонтер жарақат алған және ауырған жағдайда жұмысты тоқтатып жұмыс жетекшісіне ескертуі тиіс және медпункт көмегіне немесе жақын жердегі медициналық мекеме көмегіне жүгінуі тиіс.. Басқа жұмысшы жарақат алған жағдайда, сонымен қатар қателік тапқан немесе құрылғының, механизмдердің, құралдардың, аспаптардың, қорғаушы құрылғылардың, жеке қорғаныш және өрт сөндіру құралдардың істен 139 шыққандығы жайында электромеханик пен электромонтер жұмыс жетекшісіне, ал ол болмаған жағдайда жоғары лауазымды жетекшіге немесе кезекші ди спетчерге жылдам арада хабарлауы ти іс, жарақат алған жұмысшыға тез арада алғашқы медициналық көмек беруі ти іс[1]. Электромеханик пен электромонтер білімі мен талаптарды орындауы қызметтік міндеттері, ал оны бұзған жағдайда – еңбек тәртібін бұзу болып табылады, ал ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет