Нысанбайұлы Нұралы (1857-1930)—туып-өскен жері—
Оңтүстік Қазақстан облысы. Белгілі жырау, жыршы, айтыс
ақыны. Нұралының шығыстық сюжеттерге ден қоя отырып,
сол сюжет-желіні қазақ топырағында нәзиралық дәстүрмен
жаңғырта жырлай білген ақындық шеберлігіне оның репер-
туарындағы «Қарақұл», «Қарқабат», «Жетім Құбыл», «Сауда
ишан» т.б. дастандары дәлел.
Сабалұлы Ақылбек (1880-1919)—ақын, жыршы, халық
ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ақын араб, парсы, түрік пен
орыс тілдерін, шығыс әдебиетін жетік меңгерген. Кейбір де-
ректер бойынша, Сабалұлы Ақылбек Абай аулынан, тіпті ше-
ше сі Абайдың туысы болған. Сабалұлы Ақылбек «Таһир—Зуһ-
ра», «Бозжігіт», «Алтын балық» т.б. дастандарды ел аузынан
жинап, өңдеп, редакциялап кітап етіп бастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |