21. ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҚАЙЫН АТАСЫ ДЭЙ
ШЕШЕННІҢ ТҮСІ
Есүгей батыр Темүжін тоғызға келген кезде, Оелун шеше-
сінің төркіні олхунауд еліне, нағашыларынан қыз айттыруға
оны ертіп барады. Жол-жөнекей Цэгцэр мен Чихургу деген жер
аралығында қоңыраттың Дэй шешеніне кезігеді. Дэй шешен
бүй дейді:
—Есүгей құда, өткен түнде мен түс көрдім. Түсімде ай мен
күнді шеңгелдеп ұстаған бір аппақ сұңқар қолыма қонған екен
деймін. Ай мен күнді біз көзбен көруші едік. Ал, ай мен күнді ақ
сұңқар шеңгелдеп әкеліп, менің қолыма қонуы неткен ғажап!
Қандай жақсылық кезігер екен деп мен басқаларға айтқан едім.
Есүгей құда, балаңызды ертіп келгеніңіз менің осы түсімнің жо-
руы болғай. Сіздің қият руының киесі келіп, маған түс болып
көрінген шығар. «Ер бала елін сүйер, қыз бала қырмызы лық
сүйер». Есүгей құда, біздің үйге жүріңіз, менде де бір кішкене
қыз бар. Көріңіз,—деп Дэй шешен Есүгейді үйіне ертіп бара-
ды.
Келіп көрсе, Дэй шешеннің қызы бет-әлпеті дидарлы екен,
көз жанары отты екен. Есүгей батырға ұнайды. Қыздың аты
Бөрте екен.
Темүжін Бөртеге үйленеді, ал ол ұлы әкесінің өктемдігін
ғаламның батысы мен шығысына, оңтүстігіне дейін өрістет кен
ұлдарды дүниеге әкелді.
|