21. БАРАҚ БАТЫР
...«Таң атқан соң, қазақтың еліне тиерміз»,—деген түні
Түгел қарт жатып, ұйқысында қорқынышты түс көреді. Көрген
түсінен қорқып оянып, түн ішінде үш жүздің қазақ баласын ат
шаптырып, ордаға жинап алды. Басшы адамдарын ордаға алып,
Түгел қарттың мезгілсіз халық жинағаны туралы сөйлеген
сөзі:
Түгел қарт сонда сөйледі:
—Келдің бе, жұрт, жиналып,
«Не айтар» деп ойланып?
«Шақырды,—деп,—не үшін?»
Жүрмеңіз, жұртым, қиналып.
Мен бір түнде түс көрдім,
Түсімде мүшкіл іс көрдім.
Елдің аулақ шетінен,
Күннің шығар бетінен
Бір айдаһар келіп жүр,
Мұны көзім көріп жүр.
Иреңдеген көп жылан
Шағайын деп өріп жүр.
Айдаһардың үстіне
Аспаннан келіп ақ бұлт,
Түсейін деп төніп жүр.
Түсім шайтан болмаса,
Ата жауым бұрыннан
Елімді қалмақ торып жүр.
Айдаһардың үстіне,
Төніп жүрген ақ бұлт—
Ерлерімнің әруағы,
Елімді жаудан қорып жүр.
240
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Көрген түсім аян-ды,
Түсімнен шошып ояндым.
Болмас едім жалғаншы,
Еліме берсең хабарды.
Бір Аллаға сиынып,
Қазағым салсын ұранды.
Аттанып келсе жау қалмақ,
Халқыма берер зиянды.
Жау қалмаққа жорыдым
Айдаһар менен жыланды.
Айдаһар болып көрінген—
Алакөбек қалмағың.
Төніп жүрген ақ бұлт—
Ақтан келген әруағым,
Алдынан қарсы аттансақ,
Кәпір жауға ат қойсақ—
Оң болар еткен талабым.
Бұл түсімді «жалған» деп,
Қапыл болма, қазағым.
Обалына қаларсың
Жылаған қатын-баланың.
Алакөбек аттанса,
Ауыр қолмен қаптаса—
Алмай кетпес алмағын,
Салмай кетпес салмағын.
Қырып кетер елімді,
Өлтіріп кетер ерімді.
Өртеп кетер көлімді,
Хабарсыз жатқан қазаққа
Көрсетіп кетер көрімді.
Аттанар күнің бүгін-ді,
Бүгіннен қалса, қиын-ды.
Түсім шайтан болмаса,
Жеріме дұшпан құйылды.
Осылай деп Түгел қарт
Көрген түсін жорыды...
240
241
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
* * *
...Араға сол күн қонады,
Басқа болды талабы.
Атақозы батырдың
Көзі ұйқыға барады.
Түсінде көрді Барақты,
Қасында көрді батырдың
Ақ сәлделі қожаны.
Жауайын деп ақ бұлт
Төбесінде батырдың
Торлап кетіп барады.
Құс қырғыны—бидайық
Ер Барақтың үстінде
Ойнап кетіп барады.
Жез бұйдалы нар тайлақ
Ер Барақтың алдында
Боздап кетіп барады.
Ақ сәлделі пірлері
Ер Барақтың қасында
Қолдап кетіп барады.
Осы түсті көреді,
Атақозы оянып,
Сырымның келіп қасына
Атақозы сөйледі:
—Көлденең жатқан су Жайық,
Су жүзінде қу қайық.
Батыр Сырым, жолдасым,
Көп жиылған халайық,
Мен бір түнде түс көрдім,
Көрген түсім ғажайып.
Ер Барақтың үстінде
Бір ақ бұлт барады.
Жауайын деп тұр жайып,
Қанат қағып барады.
Ер Барақтың үстінде
Құс қырғыны—бидайық.
16-0185
242
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Жез бұйдалы нар тайлақ
Ер Барақтың алдында,
Боздап кетіп барады,
Жез мұрындық сарғайып.
Ақ шалмалы пірлері
О да кетіп барады
Дұға беріп, қол жая.
Жорысын деп түсімді,
Сізге келдім оянып.
Сырым би түсін жорыды:
—Жақсы ниет ойға алып,
Жорыдым, батыр, түсіңді,
Алла оңғарғай ісіңді!
Он екі ата Байұлы,
Біріктірдің күшіңді.
Аттанды Барақ ар үшін,
Біз аттандық мал үшін,
Бұл ниетпенен жүргенде,
Бізге қалай дарысын.
Бұл ниетті тасталық,
Ақ жолына басталық.
Әруақ аунап кетіпті,
Біз Барақтан қашпалық.
Хас масқара болармыз,
Абыройдан бос қалып.
Барақпен бірге болайық,
Төбесінде Барақтың
Қанат қағып ойнаса
Құс қырғыны—бидайық
Бидайықтай қуырып,
Ақ алмасын суырып,
Барақ тиер майырға,
Ұстап алып Майырды,
Айналар ісі қайырға.
Жауайын деп ақ бұлт
Төбесінде торласа,
Ол—әруақтың иесі.
242
243
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Боздап жүрген нар тайлақ—
Пірлердің мінген түйесі.
Жезден болса бұйдасы—
Мойнындағы кресі.
Арағын ішкен ақыртып,
Нар тайлақтай бақыртып,
Ұстап алар майырды,
Заманасын қапылтып.
Алдырып берер Сібірден,
Айшуақ ханды шақыртып.
Ақ сәлделі пірлері
Алдында жүрсе, қол жайып—
Ердің жолын ашқаны.
Біз Барақтан қашпалық,
Түсіңді жорып қарадым.
Барақта емес, бізде айып,
Қосылайық Бараққа,
Мініңдер атқа, халайық...
22. БАЗАР БАТЫР
...Жол тартып қалмақ келеді,
Көздегені қалмақтың—
Базардай сабаз ер еді.
Әйелі Базар—Құлқайша
Сонда бір түс көреді.
Түсінде келіп бір адам,
Қолындағы шырағын
Сөндірмек болып төнеді.
Үрлегенге сөнбесе,
Саулатып су себеді.
Сонда да сөнбей шырағы,
Қайта-қайта кебеді.
Біраздан соң шырақтың
Білмеді қайда кеткенін.
244
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Сепкен сайын шыжылдап,
Қалайша судың кепкенін.
Қараңғы үйде жалғыз қап,
Біраз мезгіл өткенін.
Үрейі ұшып, қалтырап,
Ұйқыда селк-селк еткенін—
Зарлап жатып, оянды,
«Сондай болам» деп пе еді?
Ояна келсе, түсі екен,
Таң сарғайып қалыпты,
Ұйқысы әбден қаныпты.
Көрген түсін ұйқыдан
Салмақтап ойға салыпты.
Ойлай-ойлай торықты,
Әуре-сарсаң болыпты.
Шыдай алмай жүрегі,
Енесіне жорытты.
Қайшаның түсін енесі
Жақсылыққа жорыпты.
Құлқайша бұған сенбейді,
Қайғыға іші толыпты.
Ойына салып толғайды,
Бұйрығы болса Құдайдың,
Айтқаныменен болмайды.
Жан жолдасы Базарды
Жамандыққа жоруға
Көңілі тағы бармайды.
Базар жүрмек сол күні,
Сарыжайлаудың төріне.
Белес-белес құздардың
Адам баспас өріне.
Алтайдың асқар белесі,
Құзтаудың биік шегіне.
Аюдан басқа алмайтын
244
245
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Қыран еді Базар да
Тоят үшін жеміне.
Құлқайша түсті айта алмай,
Барма деуге бата алмай,
Көзінің жасы домалап,
Парлап түсті қатарлай.
Құлқайшаның бұл ісі
Көргендерге таң болды,
Базарға үлкен шам болды.
Іштегі мұңды айта алмай,
Көкірегі қан болды.
Батырға «қош!» деп айтуға
Кемсеңдеді иегі,
Балқып кетті сүйегі.
Бір тізерлеп отырған
Тізесіне батырдың
Маңдайын келіп сүйеді.
Жылап тұрып Құлқайша,
Базардың қарап бетіне:
«Жау келді ме, білмеймін,
Бұл қазақтың шетіне.
Жарағыңды сайлап ал,
Қаратпа жанды бетіңе.
Сақтанып жүр әрқашан,
Іс өткен соң өкінбе.
Сақтанып ұйықтап, сергек жүр,
Елсіз жердің шетінде».
Құшақтап сүйді аузынан,
Бетін төсеп бетіне.
«Сау бол»,—деді батырға,
Жүретін жолын тартпады.
Көңілін қиып Базардың,
Көрген түсін айтпады...
246
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
23. АРҚАЛЫҚ БАТЫР
(Ержан Ахметов нұсқасы)
...Жөнелді Жұбай сөйтіп, аңша жосып,
Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып.
Түс көріп, түнде шошып ояныппын,
Дүрбітпен жатыр екем жағаласып.
Көрген түсім—жайғаппын оңды-солды,
Жан болмас дүниеде біздей сорлы.
Шошынып оянғанда көрген түсім,
Төменгім белуардан отқа күйді.
Аттанған сейсенбі күн жаман жолым,
Маңдайдан арылмаған қалың сорым.
Асып-сасып мен қорқып түрегелдім,
Қан екен шынтағымнан екі қолым.
Көкжал тұр жерді қазып алас атып,
Дүбір көрген секілді жанталасып.
Мініп ала жөнелдім желқомды ерттеп,
Жылқының сүртегімен тызылдатып.
Төртеуі де жатыпты көп ұзамай,
Өзен еді Құмдыбұлақ орман, тоғай.
Мен барсам, төртеуі де жатыр жайрап,
Ұялас ит сықылды құрбым қимай.
Ояттым Жұбайды мен:—Түрегел,—деп,—
Неге жаттың бұл жерге ұзамай?—деп.
Әй, Жұбай, мен түс көріп шошып келдім,
Түсімді мен айтайын жорып бер,—деп.
Жайғаппын ақ жаныша оңды-солды,
Әруағы ер Жанекем берген жолды.
Сондағы көрген түсім мынау екен,
Төменгім белуардан отқа күйді.
246
247
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Аттанған сейсенбі күн жаман жолым,
Маңдайдан арылмаған қалың сорым.
Таң шолпаны туғанда ояныппын,
Қан екен шынтағымнан екі қолым.
Жұбай айтты:—Осы түс жаман түс пе,
Қауіп қып мұны шошып, жүргенің не!
«Түсінде қорыққан өңінде қуанатын»,
Бұрынғы қазақ атаң ескі сөзде.
Арқалық, бір жақсылық жеткен шығар,
Басыңнан талай бейнет өткен шығар.
Төменің белуардан отқа күйсе,
Өртеніп пәле-жалаң кеткен шығар.
Сейсенбің бейсенбіге ауған шығар,
Сәрсенбіде сәт болып тұрған шығар.
Қан болса шынтағыңнан екі қолың,
Әжі төрең айтқанына бие сояр.
Ат ерттеп, мен мінейін, жылқыны айда,
Ана үшеуін тез оят, келтір мұнда.
Қауіп қып ол үшеуі шошып кетер,
Оларға мұнандай деп түгіңді айтпа...
Достарыңызбен бөлісу: |