ІІ. ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС
ЖӘНЕ ТҮС ЖОРУ
1. Абылайдың түсі. Бұл аңызды О.Иманбаев ел аузынан
жинап, машинкаға басып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына (Ш.613.
3-дәп.) өткізген. Сол түпнұсқа негізінде әзірленді. Абылайдың
түсі туралы аңыздың ел арасына кеңінен танылған әртүрлі
нұсқалары кездеседі.
2. Абылай ханның түсі. Бұл алдыңғы аңыздың бір вариан-
ты. Бұл мәтін «Айқап» журналының 1912 жылғы №6 санында
жарияланған. Осы түпнұсқа негізінде әзірленді.
3. Абылайдың өз түсін жоруы. Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-
ның Сирек қолжазбалар қорында «Абылай хан туралы әңгіме-
368
369
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
лер жинағы» атты бумада (Ш.829, 8-дәп.) сақтаулы. К.Қаңтар-
баев ел аузынан жинап, 1950 жылы қорға өткізген.
4. Абдолла ханның түсі. Бұл аңызды Ж.Дәдебаев «Түс ая-
ны» жинағында (20-21-бб.) жариялады. Жинақтың түсінікте-
ме сінде аңыздың Хафиз-и Таныш Бухаридың «Шахтар тарихы»
(Хафиз-и Таныш Бухари. Шараф-нама-ий шахи.—М., 1983.
С.112-113) еңбегі бойынша берілгені туралы мәлімет бар.
5. Ақсақ Темір. Ақсақ Темірдің дүниеге келуіне байла-
ныс
ты аңыздардың көптеген нұсқалары бар. Томға аңыз-
дың үш нұсқасы еніп отыр. Мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында сақтаулы (Ш.1206) қолжазбалар негізінде әзір лен-
ді. Қолжазбаны жинап, қорға тапсырған филология ғылым-
да ры ның кандидаты—Асқар Дүйсенбі. Осы нұсқа негізінде
әзірленіп ұсынылды.
6. Әмір Селжүктің түсі. Аңыз мәтіні «Түс аяны» жинағы
негізінде (21-б.) ұсынылды. Жинақты құрастырушы Ж.Дәде-
баев мәтінді Садр ад-Дин Әли әл-Хусайнидің «Селжүк әмірлері
мен патшалары туралы жылнамалар жинағы» (Садр ад-Дин Али
ал-Хусайни. Акбар ад-Даулат ас-Сельджукийа.—М., 1980.С.24)
еңбегінен алғанын түсініктемеде жазады.
7. Баарин тайпасынан Хорчи Усун қарияның түсі. Бұл
аңызды Ж.Дәдебаев «Түс аяны» жинағында (16-б.) жария ла ды.
Түсініктемесінде мәтіннің «Моңғолдың құпия шежіре
сінен»
(монғолшадан аударған Мағауия Сұлтанияұлы.—Өлгий, 1979.
50-51-бб.) алынғаны туралы мәлімет бар.
Томға алғашқы жинақ негізінде ұсынылды.
8. Бабыр мырзаның Самарқанд қаласын алар алдындағы
түсі. Аңыз мәтіні «Түс аяны» жинағы негізінде (17-б.) ұсыныл-
ды. Жинақты құрастырушы Ж.Дәдебаев мәтінді «Бабырнама»
(Бабыр З.М. Бабырнама / орыс тілінен аударған Б.Қожабеков.—
Алматы, 1990. 129-130-бб.) еңбегінен алғаны туралы мәлімет
берген.
24-0185
370
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
9. Бекет атаның түс жоруы. Мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында сақтаулы (Ш.1206) қолжазбалар негізінде әзірленді.
Қолжазбаны жинап, қорға тапсырған—Асқар Дүйсенбі.
10. Досмұхаммед ханның түсі. Бұл аңыз «Түс аяны» жинағы
негізінде (20-б.) әзірленді. Жинақты құрастырушы Ж.Дәде баев
түсініктемесінде аңызды Хафиз-и Таныш Бухаридың «Шах тар
тарихы» (Хафиз-и Таныш Бухари. Шараф-нама-ий шахи.—М.,
1983. С.98-99) еңбегі бойынша бергенін жазған.
11. Ертеден жеткен аңыз. Бұл аңыз халық арасына кең
тараған. Көптеген басылымдарда, мерзімдік баспасөздерде жа-
рияланды. Аңыз «Ой-таным» журналында (2007, №4) жария-
ланған нұсқа негізінде ұсынылды.
12. Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы. Мәтін
М.Ж.Көпейұлының «Абылай хан» жинағында «Абылай
хан дәуірі» тақырыбымен (Алматы, 1-том. 1993.—310-
313 б., құраст.: С.Дәуітов), «Егеменді Қазақстан» газетінде
(11.01.1992, № 9-10. Дайындаған—С.Дәуітов) жарияланған.
Қол жазба нұсқасы ОҒК-ның Қолжазба қорында (1170 «б», 739-
745 бб.) сақтаулы тұр.
13. Жүсіп пайғамбардың түс жоруы. Аңыз мәтіні
Ә.Диваевтың «Түстің баяны. Қазақша текст және орысша ау-
дармасы» еңбегінен (Сборник материалов для статистики Сыр-
Дарьинской области.—Ташкент, 1901) алынды.
14. Ибн Сириннің түс жоруы. Аңыздар «Мұсылман» жур-
налы (№3-4, 2009) мен ӘӨИ-дің Қолжазба қорындағы А.Барлы-
баев жинаған материалдар (Ш.734) негізінде әзірленді.
15. Кенесары мен Омар. Аңыз түпнұсқасы ӘӨИ-дің қол-
жазбалар қорында (Ш.339,1-дәп.) сақтаулы. Мәтін тор көзді
дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде хатқа түскен.
Томға осы түпнұсқа негізінде ұсынылды.
370
371
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
16. Мөңке бидің түсі. Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қо рын-
да сақтаулы (Ш.1206) қолжазба негізінде әзірленді. Қол жаз-
баны жинап, қорға тапсырған—Асқар Дүйсенбі.
17. Мұхаммед пайғамбардың түс жоруы. Аңыз А.Барлы-
баевтың қолжазбасынан (ӘӨИ: Ш.734) алынды. Қолжазба араб
әрпінде, көк сиямен қалың дәптерге жазылған.
18. Түс аян. Аңыз «Ой-таным» журналында (2007, №4) жа-
рияланған нұсқа негізінде әзірленді.
19. Хазірет Омардың айтқаны. Мәтін А.Барлыбаевтың жи-
нап, тапсырған қолжазбасы (ӘӨИ: Ш.734) негізінде әзірленді.
20. Харон ар-Рашид патшаның түсі. Бұл аңыз «Түс аяны»
жинағы негізінде (15-б.) әзірленді. Жинақты құрастырушы
Ж.Дәдебаев түсініктемесінде мәтінді Қабыс патшаның ұлына
арнап жазған өсиет еңбегінен (Қабуснама / Перевод, статья и
примечания Е.Э.Бертельса.—М., 1953) алғанын жазған.
21. Шыңғыс ханның қайын атасы Дэй шешеннің түсі.
Аңыз мәтіні «Түс аяны» жинағы негізінде (17-б.) ұсынылды.
Түсініктемесінде мәтіннің «Моңғолдың құпия шежіресінен»
(монғолшадан аударған Мағауия Сұлтанияұлы.—Өлгий, 1979.
30-32-бб.) алынғаны туралы мәлімет бар.
Достарыңызбен бөлісу: |