408
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Ақжайық—Орал тауынан басталып
Каспий теңізіне құя тын
ірі кәсіптік өзендердің бірі. Орал, Атырау қаласы да Жай ық
бойына орналасқан.
Алатау—Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федера-
циясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға
Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз
Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады.
Балх—Ауғанстандағы көне қалалардың бірі.
Бұқара—Өзбекстан мемлекетіндегі қала. Бұқара әсіресе
XVIII-XIX ғасырларда күшті өркендеп, исламның ықпалды
тірегіне әрі діни-ғылыми орталықтарының біріне айнала баста-
ды. Бірқатар мұсылман халықтары, оның ішінде қазақтар да
оны «Бұқара Шәриф», яғни қасиетті қала деп санайды.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Обътың
сол саласы. Монғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі
мұздықтардан басталады. Өскемен, Семей, Павлодар, Қараған-
ды облыстарының өнеркәсіп орындары және шаруашылық та-
ры өзен суын кеңінен пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: